Автор: Сайт әкімшілігі

Суретте көрсетілген қай алманы таңдар едіңіз? Психологтар әр күн сайын адамның жүріс-тұрысына, таңдауына, талғамына қарап мінез-құлқын, болмыс-бітімін анықтаудан жалыққан емес. Бұл таңдау да өзіңізді өзіңіз тануға, жан дүниеңізді ұғынуға көмегі тиеді. №1 алма Бірінші алманы таңдадыңыз ба? Демек, сіз өте әділ жансыз. Сөзі мен ісі сәйкес келмейтін әрекет сізге мүлде жат. Бар ойыңызды ақтарып, жайып саласыз, ешнәрсені іште бүгіп қалмайсыз. Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде болғанымен, сіздің ішіңіз қандай болса, сыртыңыз да дәл сондай болып көзге ұрып тұрады. Аузыңызды ашсаңыз, жүрегіңіз көрінеді. Өзімен өзі болу – сіз үшін нағыз адами қасиет. Туа біткен данышпансыз. Шетелге шықсаңыз да, өмір соқпағына салса…

Read More

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой көктемде респираторлық вирус инфекцияларының (риновирус, аденовирус, парагрипп вирус және т.б) асқынатынын айтып халыққа үндеу жасады. Министр қыркүйек пен қаңтар аралығында елде таралған КВИ вирусын геномдық зерттеу нәтижесі бойынша коронавирустың (“Британдық”, “Оңтүстік Африка”, “Бразилиялық”) жаңа штамы анықталмағанын айтты. “Халықаралық әуе қатынасы қайта ашылғанын, шетелге шығатын ел азаматтары (еңбек көші-қоны, оқыту, емдеу, туризм), сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден келгендердің қатары көбейгенін ескерген жөн. Яғни, коронавирус инфекциясының жаңа штаммдарын тасымалдау қаупі де артады деген сөз”, – министр. Америкалық және ресейлік ғалымдардың сөзіне сүйенген Цой коронавирус инфекциясымен ауыратындардың тек 10-15 пайызында тұрақты иммунитет қалыптасқанын жеткізді. КОВИДКЕ ҚАРСЫ ИММУНИЕТЕТ ТУРАЛЫ COVID-19…

Read More

Осыдан 5 күн бұрын жоғалған 54 жастағы Тыныштық Уразалиев әлі табылмады. Ол 6 наурыз күні кешкі сағат 18-00 шамасында үйінен жұмысына шыққан. Бірақ, сол кеткеннен хабарсыз. 2 күннен кейін жақындары әуелі полицейлердің, тағы екі тәулік өтісімен құтқарушылардың көмегіне жүгініпті. Алайда үй іші құзырлы органдар ешқандай хабар, ең болмағанда бір ілік те таппады дейді. Ал, құтқарушылардың айтуынша, жоғалған азаматты ауыл арасында көргендер бар. Бірі 8 наурызда дүкеннен тауар алды десе, енді бірі 9 наурызда Жұлдыз ықшамауданынан байқағанын айтыпты. Кез келген үй мен нысандарды тексеруге тек полицейлердің құзіреті бар болғандықтан, жақындары құзырлы органдардың осы іске жауапкершілікпен қарауын сурайды. Ал полицейлер арыз түскен…

Read More

Атырауда қызыл балықты пробация қызметінің инспекторына пара ретінде бермек болған азамат сотталды. 32- жастағы азамат 2020 жылы Исатай аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК 190 (Алаяқтық) бабымен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Сол себепті ол айына 2 рет пробация қызметіне келіп, тіркеліп тұруы тиіс болатын. Алайда бұл талапты орындамаған. — Сот үкімімен тағайындалған мәжбүрлі еңбекті орындауға қасақана шықпады. Атырау қаласындағы мекен-жайын тексерген кезде, сотталған азамат үйінде болмады. Кейін ол түсініктеме жазып, сотталған азаматқа жазасын өтеуден қасақана жалтарғаны үшін «ескерту» берілген,-деп хабарлайды Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің баспасөз-қызметі. Осындай заңбұзушылықтар жасағаннан кейін, өзінің түрмеге…

Read More

“Соңғы үш күнде атыраулық 405 мұғалім коронавирус індетіне қарсы вакцина алды”,-деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Білім саласы қызметкерлері арасында екпеге қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі- Атырау энергетика және құрылыс колледжінде өтті. Онда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен жұқпалы және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Ләззат Джайлауова, Денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру және лицензиялау бөлімінің басшысы — Нина Оспанова, №5 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Нұрбақыт Құпжанов, облыстық Білім беру басқармасының бас маманы Гаухар Такузова қатысып, вакцинаға қатысты мұғалімдер сауалдарына жауап берді. Атырау облысында 9 наурыздан бастап мұғалімдерге коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация салу басталған болатын. Соңғы…

Read More

Атырау темір жол вокзалының ғимараты кеңейтілмекші. Қазіргі таңда нысанның сыйымдылығы 3000 адамды құрайды. Вокзал басшысының айтуынша, кеңейту жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл жердің сыйымдылығы екі есеге артпақ. Сонымен қатар, Атырау – Құрманғазы бағытында жолаушылар пойызын қайта жүргізу де жоспарланып отыр екен. Егер ол жүзеге асса жолаушылардың саны көбейе түспек. Бұл әзірге жоба ғана.  Мамандардың айтуынша, автобекет ҚТЖ ұлттық компаниясының балансына алынғаннан кейін  жүзеге асырылады. Айта кететін жайт, қаладағы вокзал ғимаратынның салынғанына 50 жылға жуықтаған.  Және оның бастапқы сыйымдылығы 500 адамға шақталған.

Read More

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов дене шынықтыру мұғалімдеріне қосымша ай сайын 17 мың теңге ақы төленетінін айтты. – Бес жылдың ішінде барлық мектепте спортпен айналысуға жағдай жасалады. Сондай-ақ дене шынықтыру мұғалімдеріне секциялар мен үйірмелер өткізгені үшін қосымша ай сайын 17 мың теңге ақы төленеді, – деді Аймағамбетов. Министр математика, тілдер және информатика пәндерін оқытуға ерекше басымдық берілетінін атап өтті. – Оқулықтардың сапасын жақсарту үшін алғаш рет үлгілік оқу бағдарламаларын сараптаудан және апробациядан өткізіп, оқулықтарды дайындау, сараптау мен басып шығарудың жаңа үлгісі енгізіледі, – деді ол.

Read More

Бүгінде елімізде 1 литр бензиннің орташа бағасы – 160 теңге.  Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Қазақстанда бензиннің қымбаттауына қандай факторлар әсер етенінін айтты. Бұл туралы  inbusiness.kz хабарлайды. «Қазақстанның ішкі нарығында жанар-жағармай бағасы сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады. Яғни бағаны нарық  реттейді», — деді Әсет Мағауов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, бензин бағасына Қазақстандағы мұнай құны мұнай өңдеу қызметі, салықтар мен акциздер, зертханалық сынақтар мен қоспалар бойынша шығындар, банктік қарыздар бойынша қызмет көрсету, тауарларды тасымалдау және тағы басқа ілеспе шығындар әсер етеді. «Ал тұтынушылар үшін бензиннің түпкілікті бағасы мұнай өнімінің көтерме құны, жанар-жағармай құю автостанциясына дейінгі көлік шығыны, бөлшек…

Read More

Оқу үлгерімі нашар балаларға арналған жазғы мектептерді іске қосу жоспарланып жатыр, — дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды. Оқу үлгерімі төмен оқушылар мәселесіне назар аудара отырып, білім сапасын қалпына келтіру шараларын жүзеге асыру ісін жалғастырамыз. Пандемияға байланысты, әрине, білім сапасы төмендеді, сондықтан біз оқушыларымыздың білімін жетілдіру үшін жұмыс істейтін боламыз. Оқу нәтижелері төмен оқушыларға арналған демалыс кезіндегі оқу мен жазғы мектептердің ұлттық бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, осы жұмыс шеңберінде біз жеке білім беру ұйымдарына қосымша білім алуға мүмкіндік беру үшін конкурстық негізде мемлекеттік тапсырыс орналастырамыз, — деді министр. Ол елімізде…

Read More

Атырау қаласы ауа ластануы бойынша төрттікте тұр. Energyprom.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, біздің алдымызда Алматы, Ақтөбе және Рудный калалары тұр. жергілікті экологтар Облыстың мұндай рейтингке енуінің бірден бір себебін мұнай өндіретін және өңдейтін кәсіпорындардың көптігімен түсіндіреді. Өзге қалалар да өнеркәсіп пен адами факторлардан зардап шегіп отыр. Экология департаментіндегілердің айтуынша, былтыр қоршаған ортаға кәсіпорындардан 150 мың тонна қалдық шығарылған.  Сырым ТІЛЕГЕНОВ, Атырау облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Бізде 1 санатқа жататын кәсіпорын 150-ге жуық. Соның ішінде тең жартысы облыстағы мұнай өндіріп, мұнай өңдеумен, тасымалдаумен айналысады. Сол себептен аталған кәсіпорындардың атмосфералық ауаға зиянды газ бөлуге айтарлықтай зиян келтіруде. Өткен жыл бойынша мемлекеттік экологиялық…

Read More