Автор: Сайт әкімшілігі

Ақтөбеде шенеуніктер көпбалалы анаға 2 миллион теңгенің сертификатын тапсырған. Алайда сыйлықтың құны жоқ болып шыққан. Ірі сомасы қағаздағы жазуда ғана болған. Бұл туралы  «Астана» телеарнасы хабарлайды. Тілшілердің мәліметінше, Айсұлу Құздыбаева — бес баласын аядай үйде тәрбиелеп отырған ана. Қалаға әйел таяуда келгені айтылады. Алайда жатақханадағы бөлме 14 шаршы метр ғана. Не жөндеуі жоқ, не жиһазы жоқ. Оның бұл жағдайын еріктілер біледі. Қаражат жинап, бөлмеге жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Қажеттің бәрін сатып алып берген. Жөндеу жұмыстары бірнеше апта бұрын аяқталған. 1 наурызда әйел Алғыс күніне арналған шараға шақырылған. Ақтөбе облысының әкімі көпбалалы анаға салтанатты шарада сертификат табыстаған. Бірақ отбасы ақшаны қайдан аларын…

Read More

Бүгін, 16 наурызда қаланың түрлі ауданында жоспарлы түрде электр энергиясын беру тоқтатылады. Бұл туралы 109 Бірыңғай байланыс орталығы хабарлады. «2021 жылдың 16 наурыз күні қолданыстағы трансформаторлық стансалар мен электр желілерінде  кешенді жөндеу  жұмыстарын жүргізу мақсатында төмендегі мекенжайларда жоспарлы түрде жарық өшірілетінін хабарлаймыз: сағат 14:00-17:30 — Балықшы, Қожакаев көшесі сағат 10:00-18:00 — Уәлиханов көшесі, Редут көшесі, Заводская, Кушумская көшелері сағат 09:00-12:30 — Балықшы, Құнанбаев көшесі сағат 10:00-18:00 — СМП-136 сағат 10:00-13:00 — Еркінқала, 15-көше (28-көше мен Атамұра көшелері арасы) сағат 14:00-18:00 — Еркінқала, 48-көше (28-көше мен Атамұра көшелері арасы) Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — делінген хабарламада.

Read More

Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов активке ҚР Президентi Әкімшілігі келісімімен тағайындалған жаңа орынбасары Таушов Нариман Бахытұлын таныстырды. Жаңа орынбасарының алдында тұрған міндеттерді атап өткен облыс басшысы «Нариман Бахытұлын білікті басшы, жұмыс тәжірибесі мол азамат ретінде осы лауазымға лайықты деп есептеймін және оған зор сенім артып отырмын»,-деді. Ал бұған дейін облыс әкімінің орынбасары болған Әжіғалиева Айгүл Теміртасқызы мемлекеттік қызметшілерге ротация жүргізу қағидаларына енген өзгерістерге сәйкес, ҚР Президентi Әкімшілігінің келісімімен Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды. Нариман Таушов 1967 жылы Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарасты Еңбекші ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын ауылшаруашылық өндірісінің экономист-ұйымдастырушы мамандығы бойынша үздік бітірген.…

Read More

Елімізде полиция мен ұлттық ұлан қызметкерлерінің жалақырарын кезең-кезеңмен өсіру басталды. Бұл турасында Жаңаөзен онлайн ресурсы хабарлады.  Ішкі істер министрі Ержан Тұрғымбаев мәлімдегендей алғашқы кезеңде яғни 2021-2023 жылдар аралығында табысы төмен учаскелік инспекторлар, кіші сержанттар мен күзет қызметіндегілерге 15 тен 35-пайызға дейін айлық өспек. Қалған қызметкерлердің жалақысы осы уақыт аралығында 30 пайызға артады делінген басылымда. Жалпы айлықты көтеру полиция реформасының бірі парасы. Осы арқылы саланың престижі артуы тиіс. Тәртіп пен талап та күшейеді.  Әсілінде ел болам дейтін кез-келген мемлекет білім беру, медицина, армия мен полициядан ақша аямайды. Бізде де осыны басшылыққа алса керек. Алайда ішкі істер саласының беделіне нұқсан келтіріп жататын…

Read More

Атырау облысының экс-әкімі, Қазақстан сотының шешімімен сырттай 17 жылға сотталған Бергей Рысқалиевтің ұлы Аслан Рысқалидің Ұлыбританияда бірнеше компаниясы бар. Malim.kz ашық дерек көздерге сүйеніп, Рысқалиевтің ұлы немен айналысатынына үңіліп көрді. 31 жастағы Аслан Рысқалидің Ұлыбританияда үш компаниясы бар. Оның екеуін Б.Рысқалиевтің ұлы жақында тіркеген. Үш компанияның да құжаттарында компания директоры Аслан Рысқали Ұлыбритания азаматы ретінде көрсетілген. Аслан Рысқалидің MBIL Developments Limited компаниясы 2021 жылдың 11 қаңтарында тіркелген. Ашық дерек көздегі мәліметке қарағанда, бұл девелоперлік саладағы компания. MBIL Developments Limited құрылыс жобаларын дамытады. Девелоперлік команиялар құрылыс нысандарын жөндеу, реконструкциялау, құрылыс идеяларын іске асыру, нысандардың нарықтағы бағасын өсіру тәрізді қызмет көрсетеді. Компанияны…

Read More

Атырау облыстық ішкі істер департаментінің азаматтарды қабылдау бөлмесіндегі қызмет пысықталды. Бұл жұмысты ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Атыраудағы іс-сапарында тексерді. Өйткені, полицейлердің халыққа ашық болуы, тұрғындардың сеніміне ие болуы негізгі мақсат. Азаматтардың арыздарын тыңдау үшін республикада 250- ден астам қабылдау бөлімі ашылса,  оның тоғызы Атырауда орналасқан. Карантиндік шектеулерге байланысты құзырлы орган мен халық арасындағы байланыс аз-кем үзіліп қалса да, қазір санитарлық талаптарды сақтай отыра бұл қызметтер қарқын ала бастады. Министр өз сөзінде Атырау ониринде қылмыстық істің 18 процентке төмендегенін айтып қалды. Айталық, кісі өлтіру, зорлық-зомбылық және жасөспірімдер арасындағы қылмыс едәуір азайған.

Read More

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Қоянды ауылына қоныс аударушыларға тегін үй беріп, жеңілдетілген несие арқылы, кәсіппен айналысуға мүмкіндік жасауда. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы шалғайдағы Қоянды ауылы халық өсімі бойынша рекорд орнатты. Ең қызығы, осыдан екі жыл бұрын оқушылар аз болғандықтан ауылдағы мектепті жаппақ болды. Ал қазір онда 9 сынып бар, деп хабарлайды “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап kznews.kz. Мұнда еліміздің оңтүстік өңірлерінен қоныс аударушылар үшін өмір сүруге және жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. “Жергілікті тұрғындар өте қонақжай. Үй бірден біздің атымызға берілді. Бұл жақсы көмек. Әрі қарай біз өзіміз тырысамыз, үй шаруашылығымен айналысамыз”, – деді Қоянды ауылының тұрғыны Айсара Қожахметова. Бейбіт Жұманов…

Read More

Ғалымдардың болжамынша,  1 000 002 021 жылы ақырзаман болады. NASA мамандары мен жапониялық ғалымдар Жер бетіндегі тіршілік қашан жойылатынын есептеп шығарды. Бұл туралы   Sputnik радиосы хабарлайды. Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) мамандары Тохо университетінде жұмыс істейтін жапон ғалымдарымен бірге ақырзаманның нақты қай жылы болатынын анықтаған. Зерттеу нәтижесі Nature Geoscience ғылыми журналында жарияланды. Зерттеу мәліметіне сәйкес, күн радиациясы миллиард жылдан кейін Жердің атмосферасын толығымен жояды.  Ғалымдардың болжамынша,  1 000 002 021 жылы ақырзаман болады. Мамандар зерттеудің дәлдігіне көз жеткізу үшін жерде қай кезде тіршілік жойылатынын кем дегенде 400 мың рет есептеген. Сонымен ғалымдар ақырзаманға атмосферадағы барлық оттегінің буланып кетуі себеп…

Read More

«Атырау облысында тұрғындарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда», деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. «9-13 наурыз аралығында өңірде 895 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 556 педагог, 316 медицина қызметкері, 22 мемлекеттік қызметші және 1 полиция қызметкері», — делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, 5 наурызда аймаққа тұрғындардың сегіз басым санаты үшін 2 мың «Спутник V» вакцинасы келді.

Read More

Алматы әуежайының диспетчері мен апатқа ұшыраған Ан-26 ұшқыштары арасындағы әңгімелесудің аудиожазбасы интернетте пайда болды. Жазбаны журналист Михаил Козачков өзінің telegram-каналында жария еткен. Аудиожазбаның ұзақтығы жарты сағаттан асады. «Жазба ұзақ, жарты сағаттан асады, бірақ егер сіз оны тыңдасаңыз, қону үшін айналаның көріну деңгейі жеткілікті болғанын, бірақ сонымен бірге ұшқыштарға қатты турбуленттілік пен мұз басу туралы ескертілгенін түсінуге болады», — деп жазады журналист. Сонымен қатар, журналистің мәліметтері бойынша, ҰҚК шекара қызметінің бір ұшағы емес, екі бірдей ұшағы қонуға рұқсат сұраған. «Ұшақтар қосарлана ұшып жүрді. Неліктен апатқа ұшыраған ұшақтың ұшқышы айналып өтуді шешкенін әңгімелесудің аудиожазбасынан түсіну қиын, ол техникалық ақаулар туралы хабарламайды. Мүмкін…

Read More