Атырау облыстық ішкі істер департаментінің азаматтарды қабылдау бөлмесіндегі қызмет пысықталды. Бұл жұмысты ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Атыраудағы іс-сапарында тексерді.
Өйткені, полицейлердің халыққа ашық болуы, тұрғындардың сеніміне ие болуы негізгі мақсат. Азаматтардың арыздарын тыңдау үшін республикада 250- ден астам қабылдау бөлімі ашылса, оның тоғызы Атырауда орналасқан.
Карантиндік шектеулерге байланысты құзырлы орган мен халық арасындағы байланыс аз-кем үзіліп қалса да, қазір санитарлық талаптарды сақтай отыра бұл қызметтер қарқын ала бастады.
Министр өз сөзінде Атырау ониринде қылмыстық істің 18 процентке төмендегенін айтып қалды. Айталық, кісі өлтіру, зорлық-зомбылық және жасөспірімдер арасындағы қылмыс едәуір азайған.