Ресейлік ірі компанияның директорлар кеңесіне Иманғали Тасмағамбетов пен Кирилл Пузырковтың кандидатурасы ұсынылды Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің кандидатурасы «КамАЗ» ААҚ директорлар кеңесіне сайлауға ұсынылды. Бұл туралы компанияның сайтында хабарланды. «КАМАЗ» ААҚ директорлар кеңесінің компания директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды ұсыну бойынша сырттай дауыс беру рәсімі аяқталды. «КАМАЗ» ААҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне мәселелерді және компанияның директорлар кеңесі мен тексеру комиссиясының құрамына сайлауға үміткерлерді енгізу туралы акционерлердің ұсыныстары қабылданды. «Сондай-ақ, директорлар кеңесінің құрамына сайлауға алғаш рет екі үміткер ұсынылды: «КАМАЗ» ААҚ қызметкерлерінің біріккен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Кирилл Пузырков және Иманғали Тасмағамбетов», — деп жазылған сайтта. Иманғали Тасмағамбетов 2019 жылдың…
Автор: Сайт әкімшілігі
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне қасиетті Рамазан айында ораза ұстауды жоспарлап отырған мұсылман қауымынан екпе жайында бірқатар сұрақтар келіп түсті, деді ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК. Олардың басым бөлігі коронавирусқа қарсы вакцинация оразаны бұзатындығына не бұзбайтындығында болып отыр. Комитет қызметкерлері түсініктеме алу үшін мешіт қызметкерлеріне жүгінген. ⠀ Айта кетейік, биыл ораза 13 сәуірде басталып, 12 мамырға дейін жалғасады. ⠀ Мешітте егер белгілі бір заттың ас қорыту жүйесіне ауыз, мұрын сияқты табиғи саңылаулар арқылы енсе, ораза бұзылатындығын хабарлады. Инъекциялар кезінде және коронавирустық вакцинаны енгізу аталған жағдайларға жатпайды. Сондықтан COVID-19-ға қарсы вакцинаны қабылдау оразаны бұзбайды. ⠀ Сондай-ақ, мешіт қызметкерлері емдеу мақсатында…
23 ақпан күні Жылыой ауданында боранды ауа-райы салдарынан 70 бас сиырын жоғалтқан Майкөмген елдімекенінің тұрғындары полиция қызметкерлеріне арыздарын қалдырған. Бұл туралы Atr.kz хабарлайды. Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметі жетекшісі Мейірім Ердәулеттің сөзінше, өз күшімен іздестірмек болғанымен одан ешқандай нәтиже шықпаған соң сақшылардың көмегіне жүгінген. Іздестіру жұмыстарын 12 күн жүргізген Жылыой ауданы ПБ-нің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Жайық Қойбасов жоғалған малдарды ауылдан 180 км қашықтықтағы Маңғыстау облысы Қаракиіз тауының жиегінен тауып әкеліп, қожайындарына тапсырды. Ауа-райының қолайсыздығы салдарынан іздеу жұмыстары біршама қиындық туғызған көрінеді. Алайда полиция қызметкерінің қырағылығының арқасында мүйізді ірі қаралар аман-есен табылды. Тәртіп сақшыларының жұмыстарына риза болған…
«Қазақстанда 400 сотталушы түрмеден босатылды» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жазасын өтеу орнынан шыққан жандар өздерін кілем тазарту компанияларының қызметкерлері ретінде таныстырып, үйлерді аралап жүргені туралы ақпарат әлеуметтік желіде желдей есуде. Алайда, ҚР ІІМ ҚАЖ Комитеті бұл ақпараттың жалған екендігін ресми түрде хабарлады. Олар мұндай ақпарат таратқандардың ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді.
2020 жылдың соңына қарай Маңғыстау облысы қызғылт көлдерден кейін Қазақстандағы туристік орындар ішінде танымалдылыққа ие болған аймаққа айналды. Қызғылт қоқиқаздар қоныстанған таңғажайып аймақ туралы жаңалықтардан кейін Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Маңғыстауды жаңа қырынан ашып, осы аймақтағы ерекше шатқал туралы баяндайды. Егер Ақтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай Маңғышлақ түбегінің орталық бөлігіне қарай жүрсеңіз, онда Маңғыстау — Бейнеу теміржолының жанында сіз ерекше табиғи орын — Қабырға шатқалына тап боласыз. Оның Ыбықты сай деп аталатын шатқалында таңғажайып өрнекті шатқал бар. Бұл табиғи ескерткіш несімен көз тартады? Мысалы, оның орналасқан жері — Қазақстанның ең терең Қарақия ойпатында. Оның тереңдігі теңіз деңгейінен 132 метрге дейін жетеді. Қызықты дерек Қарақия…
Дүйсенбі, 15 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалаудың матрицасы жарияланды. Атырау облысында өзгеріс болды – өңір «сары» аймақтан «жасылға» ауысты. Қалған өңірлер түрлі түсті матрицада өз орнын сақтады. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары. «Сары» аймақта: Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта тұр. Еске салсақ, өткен тәулікте, 14 наурызда, Қазақстанда 1011 адамнан коронавирус анықталды. Вирус жұқтырғандардың дені Алматы қаласында – 342 және Нұр-Сұлтанда – 147. Атырау облысында 41 адам індетке шалдықты.
Индер аудандық полиция бөлімінің бастығы Берік Джанзақов 2020 жылы атқарылған жұмыстары жөнінде аудан халқы алдында есеп берді. Қылмыстың алдын алу мақсатында аудан тұрғындары мен тәртіп сақшылары бірлесіп, 21 чат ашқан. Оған тіркелген халық саны 2060 тұрғынды құрайды. Солай бола тұрса да ауданда қылмыс деңгейі алдыңғы жылға қарағанда өсе түскен. Берік ДЖАНЗАҚОВ, Индер аудандық полиция бөлімінің бастығы -Жалпы жағдайға тоқталып кетер болсақ 12 айда тіркелген қылмыстар саны 82, өткен жылы яғни 28,1 пайызға өскен. Оның ішінде ауыр қылмыстар 11-ден 22-ге, аса ауыр қылмыстар 0-ден 2-ге, орта дәрежедегі қылмыстар 35-45-ға, ал жеңіл дәрежедегі қылмыстар төмендеп отыр. 2020 жылдың 12 айында 20-дан астам…
Атырауда полицейлер Жайық өзеніндегі мұзға түсіп кеткен екі жасөспірімді құтқарып қалды. 15 жасар балалар мұз ұстінен өтіп бара жатқанда, мұз шытынап, суға түсіп кеткен. Өз беттерінен шығуға олардың ешқандай мүмкіндіктері болмады. Осы сәтте ішкі істер департаментінің қызметкері Асқар Қабдоллаев жақын маңда жүрген екен. Балалардың жанұшыра айқайлаған дауысын естіген бойда құтқаруға кіріскен. Полиция қызметкері жедел жәрдем шақыртып, бөлімшеге хабарлаған. Дәрігерлердің айтуынша, олардың денсаулықтарына төніп тұрған қауіп жоқ. Өз кезегінде балалардың жақындары тәртіп сақшыларына алғысын білдірді. Полицейлер қазір мұз үстінде жүру қауіпті екенін ескертеді. Өйткені күн жыли бастағандықтан мұз қалыңдығы жұқарған. Оған қоса, өзен ағысы да күшейе түскен.
Үкімет отырысында 2025 жылға қарай студенттердің шәкіртақысы екі есеге өсетіні айтылды. «Биылғы оқу жылында студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға, докторанттарға 83 пайызға өсті. 2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы тағы екі еселенеді, магистранттар мен докторанттарға — 1,5 есе артады», — деді білім және ғылым министрі. Егер 2020 жылы бакалаврларға арналған шәкіртақы айына 26 186 теңгені құраса, 2025 жылы ол 52 372 теңгеге дейін өседі. Магистранттар үшін шәкіртақы 66913-тен 117 098 теңгеге, докторанттар үшін 150-ден 262 мың теңгеге дейін өседі. «Жоғары білім қол жетімді болу үшін гранттар саны 2025 жылға дейін 50 пайызға артады. Гранттар тек сұранысқа ие бағыттарға бөлінеді. Гранттардың әртүрлі түрлері…
