«Қазақстанда 400 сотталушы түрмеден босатылды» деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Жазасын өтеу орнынан шыққан жандар өздерін кілем тазарту компанияларының қызметкерлері ретінде таныстырып, үйлерді аралап жүргені туралы ақпарат әлеуметтік желіде желдей есуде. Алайда, ҚР ІІМ ҚАЖ Комитеті бұл ақпараттың жалған екендігін ресми түрде хабарлады.
Олар мұндай ақпарат таратқандардың ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді.