Индер аудандық полиция бөлімінің бастығы Берік Джанзақов 2020 жылы атқарылған жұмыстары жөнінде аудан халқы алдында есеп берді. Қылмыстың алдын алу мақсатында аудан тұрғындары мен тәртіп сақшылары бірлесіп, 21 чат ашқан. Оған тіркелген халық саны 2060 тұрғынды құрайды. Солай бола тұрса да ауданда қылмыс деңгейі алдыңғы жылға қарағанда өсе түскен.
Берік ДЖАНЗАҚОВ, Индер аудандық полиция бөлімінің бастығы
-Жалпы жағдайға тоқталып кетер болсақ 12 айда тіркелген қылмыстар саны 82, өткен жылы яғни 28,1 пайызға өскен. Оның ішінде ауыр қылмыстар 11-ден 22-ге, аса ауыр қылмыстар 0-ден 2-ге, орта дәрежедегі қылмыстар 35-45-ға, ал жеңіл дәрежедегі қылмыстар төмендеп отыр.
2020 жылдың 12 айында 20-дан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 27 адам түрлі дәрежедегі жарақат алса, 8 жолаушының өмірі жол үстінде қиылған. Жасалатын қылмыстың жолын кесуге бірден бір көмектесетін бейнебақылау камераларын орнату да күн тәртібінде тұр. Индер ауданы бойынша барлығы 112 бейнекамера орнату қажеттігі туралы мекен-жай бағдарламасы жасақталып, облыс әкімдігіне ұсыну үшін Атырау облысы Полиция департаментіне жолданды. Мемлекет байлығы халықтың қауіпсіздігін басты назарда ұстау үшін облыстық ішкі істер басқармасымен Индер ауданы әкімдігі өзара бірлескен іс-қимыл атқаруға уағдаласты.