Автор: Сайт әкімшілігі

Қаныш Сатпаев даңғылының бойында орналасқан жаяу жүргіншілер өткелі 1 жарым айдан кейін ресми түрде пайдалануға беріледі. Оның құрылысы 3 жыл бұрын басталған еді. Қалалық құрылыс бөліміндегілердің айтуынша, жобаға өзгерістер енгізілуіне байланысты өткелді пайдалануға беру мерзімі кешеуілдеген.  Елдос ДУЙСЕНОВ, Атырау қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Жобалық-сметалық құжаттамада, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус және лифт қаралмауына байланысты жобаны қайта жасақтауға жолданды. Қазіргі уақытта құрылысымен қоса түзетулер аяқталып,  рұқсат беру рәсімдері жүргізілуде. 2021 жылдың, үстіміздегі жылдың мамыр айында іске қосамыз деген жоспарда бар. Іске қосылғаннан кейін, академия аумағында орналасқан жаяу жүргінші жолағы алынатын болады.  Жаяу жүргіншілерге арналған жаңа өткелдің құрылысына қалалық бюджеттен 216…

Read More

Атырау мектептері офлайн оқуға дайын болмай шықты. Үшінші тоқсанның соңына қарай енгізілген  қаулыда әр сынып 25 баладан қабылдауға қауһарлы болуы қажет тұғын . Дегенмен кешелі бері білім ұяларында дүрбелең болып, ата-аналар олқылықты  әлеуметтік желілерде жарыса жазуда. Біздің түсірілім тобы мәселені білмекке білім ордаларына барып көрген еді, баласын жетектеген ата-ананың мектеп дайындығына көңілі көншімеді .   Мектептерде таң ата басталған алашапқын  білім беру басқармасындағылардың шақшадай басын шарадай қылған секілді. Мектептердің офлайн оқуға дайындығын  облыс әкімінің орынбасары да сынға алды. Бақытгүл ХАМЕНОВА, Атырау облысы әкімінің орынбасары  Айтып отырсыздар, 1 сыныпта 40 балаға дейін білім алады деп.  Ол 25 баланың қалған 15 баласын басқа…

Read More

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық жоғары спорт жетістіктері мектебі» КММ директоры лауазымына Әділбек Сәбитұлы Ниязымбетов тағайындалды. Ә.Ниязымбетов 19.05.1989 жылы дүниеге келген. Білімі: жоғары Еңбек өтілі: 2014 — 2018 ж.ж Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының “Маңғыстау бокс клубы” МҚҚҚ спортшы-нұсқаушысы; 2019 — 2020 ж.ж Нұр-Сұлтан қаласы Олимпиада орталығында әдіскер; 2020 жылдан бастап, осы уақытқа дейін Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Ш.Бөлтекұлы атындағы МО жоғары спорт шеберлігі мектебі директорының орынбасары қызметін атқарып келеді. Жетістіктері мен мемлекеттік наградалары: — 2011 жылы Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген спорт шебері — 2012 жылы ХХХ жазғы…

Read More

5 наурызда Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылындағы үйден болжам бойынша көмір қышқыл газына уланудан 4 адамның мүрдесі табылған еді. Өлім құшқандардың ішінде төрт жасар қыз бала бар. Жантүршігерлік оқиға туралы «АЖ» материалында. Ақтоғай ауылында 175 үйде 1086 адам тұрады. Бұрын-соңды мұндай оқыс оқиға болмаған еді. Ақтоғайлықтар есеңгіреп қалды. -Қайтыс болған адамдардың отбасына, тума-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Қаза болған 47 жасар Василий БАЗАРОВ пен 30 жастағы Айбек ӘБІЛҚАЙЫР осы ауылдың байырғы тұрғындары. Ал 44 жастағы Лена Қайырлиева мен оның қызы Мақат ауданының тумасы. Василийдің бұрынғы отбасымен ажырасып кеткеніне бірнеше жыл болды. Жақында ол Ленамен азаматтық неке құрды. Василий ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, көбіне малшыларда…

Read More

Мәжіліс депутаты Александр Милютин тағы да премьер-министр Асқар Маминге зейнет жасын қайта қарау туралы депутаттық сауал жолдады. «Әділ зейнетақы жүйесін құру — біздің партия бағдарламасының бір бағыты, осыған байланысты біз депутаттық сауалды қайтадан жолдау қажет деп санаймыз. Біздің зейнетақы жүйесіне оралу туралы ұсынысымыз әлемдік тәжірибеге негізделген. Соны негізге ала отырып, бір зейнеткерге төрт жұмыс істейтін адамнан келген кезде бұл жүйе жүзеге асады. Қазіргі таңда елімізде 8,7 миллион азамат жұмысқа қабілетті екенін ескерсек, бұл зейнетақы алатын адамдардың санынан төрт есе көп. Екіншіден, сіздің жауабыңыз еңбек жағдайларының күрделілігіне байланысты азаматтардың зейнетке шығу жасын қайта қарау туралы біздің ұсынысымызды ескермеді. Тек ішкі істер…

Read More

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «сары» аймақта. Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 4 адам тіркелген. Теңіз кенішінде 35 адам болса, Құрманғазы ауданында 1 адамнан инфекция анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған 7 науқаста ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 27 адам емделіп шықты. Айта кетейік, қазіргі уақытта 101 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 67 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 18 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 263 адам ем қабылдауда.

Read More

Ақтаулық кәсіпкер Максим Ефанов 2 мыңға жуық шаян өсіріп отыр. Ерекше кәсіпті өткен жылы қолға алған кәсіпкер бүгінге дейін 2 тоннадан астам шаян өсірген. Бір қызығы ол жәндіктерді өсіруді ғаламтордан үйренген. «Былтыр бастағанда 300 келідей сатып алдым. Қазіргі таңда 5 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Қалаға супермаркеттерге, мейрамханаларға апарамын. Шаяндар тамақтануға тек түнде ғана шығады, олардың арнайы тамағы бар»,-дейді кәсіпкер. Максим шаянды өсіру үшін Ақшұқыр ауылында 5 бассейнді қолдан жасаған. «Олар таза суларда, әсіресе, шағын өзендер мен ағынды суларда көбірек кездеседі. Балық секілді желбезегімен демалады. Әуелі ауыл шаруашылығы министрлігі экспертизалар өткізіп, келісімін берген болатын. Алдағы уақытта шаян санын 15-20 тоннаға дейін…

Read More

Осы жылдың алғашқы екі айында Қытайдан экспортталатын тауар көрсеткіші рекордтық 60,6% — ға өсіп, 500 миллиард долларға жуық соманы құраған. Бұл туралы неміс БАҚ өкілдері хабарлады. Бұл өткен жылдың алғашқы айларымен салыстырғандағы көрсеткіш. 2020 жылдың ақпан айы экономикаға әсер еткен қатаң карантиндік шаралар кезеңі болатын. Сол кезде көптеген ел қауіпті деп таныған Қытай тауарларынан бас тартты. Алайда, көктемде Қытай пандемияны жеңіп, Еуропа мен Америка керісінше карантин енгізе бастады. Осылайша өткен жылдың қорытындысы бойынша Қытай жалпы ішкі өнім өсімін көрсеткен әлемдегі жалғыз ірі экономика болды. Экспорттың тез өсуінің себебі – Қытайдың пандемия жағдайында талап етілетін тауарларды көп мөлшерде өндіруі. Атап айтқанда,…

Read More

Атырау облысында мұғалімдерді коронавирусқа қарсы вакцина салу басталды. Нақтырақ айтқанда, №4 қалалық емханада 6 білім беру мекемесінің қызметкерлеріне екпе салынды. Осыдан 4 күн бұрын өңірге 2 мың доза «Гамковидин» вакцинасы жеткізілген еді. Қазір ұстаздар мен тәрбиешілердің арасында түсіндірме жұмыстары қызу жүргізілуде. Вирусқа қарсы екпені қабылдағандар жарты сағат дәрігердің бақылауында болды. Кейін ақхалаттылар қандай да бір кері әсер байқалған жағдайда жақын жердегі емханалардың көмегіне жүгінуге болады деп кеңестерін беріп жатыр. Вакцина қабылдағандардың арасында білім беру басқармасының басшылары да болды. Вакцинация жұмыстары қарқынды жүріп жатқан мекемелердің арасында қаладағы №4 емхана да бар. Емхана директорының айтуынша, 6 наурызда 180-ге жуық вакцина келген. Мұндағы…

Read More

Микронесие ұйымы кеңсесіне тағы  да қарашылық шабуыл жасалды. Мұндай оқиға биылдыққа осымен екінші рет болып отыр. 5 наурыз күні  қаладағы Вокзал маңы ышқам ауданында орналасқан микронесие ұйымы кеңсесінің кассирін медициналық бетперде киген белгісіз азамат пышақпен қорқытып, 400 000 теңгені алып кеткен. Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыстың ізін суытпай 25 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодекстің 192 бабы 1 бөлігі бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Read More