Микронесие ұйымы кеңсесіне тағы да қарашылық шабуыл жасалды.
Мұндай оқиға биылдыққа осымен екінші рет болып отыр. 5 наурыз күні қаладағы Вокзал маңы ышқам ауданында орналасқан микронесие ұйымы кеңсесінің кассирін медициналық бетперде киген белгісіз азамат пышақпен қорқытып, 400 000 теңгені алып кеткен.
Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы
Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыстың ізін суытпай 25 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодекстің 192 бабы 1 бөлігі бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.