Атырау мектептері офлайн оқуға дайын болмай шықты. Үшінші тоқсанның соңына қарай енгізілген қаулыда әр сынып 25 баладан қабылдауға қауһарлы болуы қажет тұғын . Дегенмен кешелі бері білім ұяларында дүрбелең болып, ата-аналар олқылықты әлеуметтік желілерде жарыса жазуда. Біздің түсірілім тобы мәселені білмекке білім ордаларына барып көрген еді, баласын жетектеген ата-ананың мектеп дайындығына көңілі көншімеді .
Мектептерде таң ата басталған алашапқын білім беру басқармасындағылардың шақшадай басын шарадай қылған секілді. Мектептердің офлайн оқуға дайындығын облыс әкімінің орынбасары да сынға алды.
Бақытгүл ХАМЕНОВА, Атырау облысы әкімінің орынбасары
Айтып отырсыздар, 1 сыныпта 40 балаға дейін білім алады деп. Ол 25 баланың қалған 15 баласын басқа топтарға ауыстырп отырсыздар. Одан хабардармын. Бірақ ата-ананы шулаутуға, әлеуметтік желілерде араздық тудыруға біздің құқымыз жоқ. Осы мәселені қатаң ескеріңіздер. Әлеуметтік желілерде мектептердің дайындықсыз екені көрініп қалып жатыр. Ол әрбір мектептің директоры жауапкершілікке тартылады.
Қазір өңірдегі 197 білім ордасында 61мыңнан астам бастауыш сынып оқушысы офлайн білім алуда. Қаладағы нөмірі 10-шы мектептің екі сыныбы карантинге жабылыпты. Нақтырақ айтсақ, бір үйдің екі баласы вирус жұқтырған. 14 күннен кейін олар да қайта офлайн оқуға көшеді. Жалпы, жаңа оқу жылы басталғалы 200-ге жуық оқушы аты жаман індетті жұқтырыпты. Оның 33-і мектепке офлайн оқығандар.