Автор: Сайт әкімшілігі

 Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша, бұл жергілікті ақсақалдардың ұсынысы.  «Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты» деп хабарлайды орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. «Күзетке ертеректе марқұмның алыстан ағайын-туыстары жиналатын. Сол ауылдың молдалары хатым Құран түсіріп, жаназадан соң Құранды марқұмға бағыштаған. Қазіргі күзеттер ас ішіп, аяқ босататын шараға айналып кетті. Біреу жылап жатса, екінші адам қарқылдап күліп, дүниелік әңгімелер айтып отырады. Бұл марқұмға еш пайда әкелмейтін күзет. «Ажал бардың малын шашады, жоқтың артын ашады» деген сөз бар. Жоқ адам мұндайда несие алып, қарызданып жатады. Бұл қайғылы шаңыраққа одан сайын салмақ түсіру…

Read More

ҚР Президенті әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен Полымбет Максимұлы Хасанов Исатай ауданының әкімі болып тағайындалды. Жаңа әкімді аудан активіне таныстыру кезінде «Полымбет Максимұлының басқарушылық қабілеті өте жоғары, өз ісінің білікті маманы ретінде жақсы білемін», -деген аймақ басшысы оның жаңа жұмысына табыстар тіледі. Осыған дейін ауданды 4 жылға жуық басқарған Марат Мурзиев өңіраралық ішкі ротациялауға сәйкес, басқа жұмысқа ауысуына байланысты Исатай ауданы әкімі лауазымынан босатылды. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов оған атқарған қызметі үшін ризашылығын білдірді. Полымбет Максимұлы Хасанов 1980 жылы Индер ауданы Индербор кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары, Қазіргі заманғы гуманитарлық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған. 2002-2005 жылдары облыстық Ішкі істер…

Read More

Бүгін бірқатар БАҚ-та Ақтөбе облысы әкімінің (Оңдасы Оразалин – ред.) көпбалалы анаға 2 млн теңгелік жалған сертификат табыстағаны жайлы ақпарат тарады. Бұл туралы  «Азаттық Рухы» сайты хабарлайды. «1 наурыз — Алғыс айту күніне арналған іс-шарада (Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында) ақтөбелік көпбалалы ана Айсұлу Куздібаеваға 2 млн теңгенің сертификаты табыс етілді. Өңір басшысы Ақтөбе облысы ҚХА төрағасы ретінде ЭКҰ басшылары атынан жалғызбасты ана С.Қалиеваға 100 мың теңгенің, «Динар-Электромаш» ЖШС атынан түрлі ұлт өкілдерінен 18 бала асырап алған Жетесовтар отбасына 350 мың теңгенің, Әзірбайжандар қауымдастығының Жастар қанаты атынан көпбалалы ана Айсұлу Күздібаеваға пәтерін күрделі жөндеуден өткізуге және жиһаз сатып алуға 2 млн…

Read More

Қазіргі таңда қазақ жұртын дүр сілкіндіретін тақырыптың бірі жыныс ауыстыру. Алексей Цой басқаратын денсаулық сақтау министрлігінің жыныс ауыстыруға рұқсат беру туралы бұйрығы қабылданып қазақ жұртын шулатты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдың 25 қарашасында: “Гендерлік сәйкестілігі бұзылған адамдарды медициналық куәландыру және жынысын ауыстыру ережесін бекіту” туралы бұйрығы шықты. Жыныс ауыстыру үшін адамның жасы 21-ден асуы керек, психикалық және мінез-құлық ауытқулары болмауы керек деген талап бар.

Read More

Исатай ауданына қарасты Нарын ауылының тұрғыны, көп балалы, патронат ана Рахима Мухзаруова қайрымды жандардың көмегімен баспаналы болды. Рахима Мухзаруова қолында бір миллион теңге қаражаты барын, бірақ, бұл қаржының баспана алуға жетпей отырғандығын айтып, аудандық жастар ресурстық орталығынан көмек сұрапты. Орталықтағылар бұл өтінішті аудан жастарына: яғни, мектеп оқушылары мен студенттер біріккен «Қол созу» еріктілер ұйымының мүшелеріне айтқан. Жастардың басын бір жерге жинап, түрлі игі шараларға себепші болып жүрген аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Азамат Балмурзиннің айтуынша, бұл – «Қол созу» еріктілер ұйымы өткізіп жүрген шаралардың ішіндегі ең көлемдісі. Жаңа үйді табыстау салтанатына облыстық маслихат депутаты Әлібек Семғалиев қатысып, қайырымдылық көмек көрсеткен…

Read More

Облыста жүргізуші куәлігін алған әйелдердің саны 2 есеге артқан. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы өкілдерінің айтуынша, алдыңғы жылы көлік басқаруға құқық беретін куәлікті 3 мыңнан астам қыз-келіншек алса, өткен жылы олардың саны 6 мыңнан асып жығылыпты. Бақыт Бейбітұлының сөзінше, ерлерге қарағанда әйелдер теориялық емтиханнан сүрінбей өткенмен, тәжірибе жүзінде қорқынышқа бой алдырады екен. Ал, полицейлер нәзік жандылардың жол апатын жасауына ұялы телефонмен сөйлесу немесе алаңдау себеп болады дегенді айтады.  Гүльназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД ресми өкілі Биыл атырауда әйел жүргізушілерменен 50 жол көлік оқиғасы орын алып отыр. Мысалы ақпанның 17- сі күні «Ақ жайық» қонақ үй тұсында «Тайота рав 4» пен…

Read More

Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова жастарды техникалық және кәсіптік біліммен (ТжКБ) қамтуды кеңейтуге бағытталған жұмыстар туралы айтты. Бұл туралы  деп  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  Оның айтуынша, жыл сайын 9-сынып түлектерінің 30%-ы және 11-сынып түлектерінің 50%-дан астамы ақылы оқуға түседі. «Біз ТжКБ жастарын қамтуды кеңейтуге тиіспіз. Бұл бағыттағы жұмыс 2017 жылдан бері жүргізіліп келеді. 300 мыңға жуық адам бірінші жұмысшы мамандығын тегін алды. Аудандық және қалалық әкімдіктермен бірлесіп, жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен жастарды 100 пайыз қамтуға кезең-кезеңмен өтуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыс көлемін 20 мыңнан 50 мың орынға…

Read More

9-15 наурыз аралығында өңірдің 1095-тен астам тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе алды, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Өңірде халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау жалғасуда. 9-15 наурыз аралығында 1095 адам вакцинацияланды. — Олардың ішінде 721 педагог, 344 медицина қызметкері, 29 мемлекеттік қызметші және бір полиция қызметкері бар, — деп нақтылады баспасөз қызметінен.

Read More

2021 жылдың ақпан айындағы есеп бойынша Қазақстандағы орташа айлық жалақы  223 213 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының сайтында хабарланды. «2021 жылдың ақпан айының есебі бойынша бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 223 213 теңгені құрады», — делінген есепте.

Read More

«Бұл туралы облыстық мәслихаттың 2 сессиясында Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары мәлім етті»,- деп хабарлайды Атырау облысы бойынша коммуникациялар қызметі. Отырысқа аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов, облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес төрағасы, басқарма басшылары, онлайн режимде аудан әкімдері қатысты. «Жергілікті бюджет бойынша болжам 350,4 млрд. теңге болса, 371,1 млрд. тенге көлемінде нақты төлем түсіп, болжам 20,7 млрд. теңгеге немесе 105,9 пайызға артығымен орындалды»,- деді Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бекен Шанаев. Сондай-ақ, пандемияға байланысты 187 мыңға жуық қызметкері бар шағын және орта бизнестің 12 мыңға жуық салық төлеушілері ұсталатын салықтар мен әлеуметтік төлемдерден босатылған. Сонымен…

Read More