Автор: Сайт әкімшілігі

Атырауда есірткі сайттарының «промоутері» ұсталды: жергілікті тұрғын олардың атын қабырғалар мен үйлердің қақпаларына жазып кеткен. Енді «промоутер» жазаланады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Бұл туралы Атырау облысының Полиция департаментінің өкілдері айтты. Облыстық департамент мәліметінше, «промоутер» қабырғалар мен үйлердің қақпаларына бірнеше сайттың атын жазып кеткен. Бұл порталдар есірткі мен психотроптық заттарды насихаттаған. «Полиция қызметкерлері 33 жастағы күдіктіні ұстады. Бұл дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 299-1-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — дейді ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Read More

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлер қауымымен тікелей эфирде кездесуге уәде етті.  «Сәлем, Dears! Менің алғашқы онлайн-концертімді көргендеріңіз үшін рақмет! Мен және менің командам бұл кешті өте жақсы өткізді. Мен сіздермен 31 қаңтардағы онлайн-концерт эфирінен кейін болатын тікелей эфирде кездесуді асыға күтетінімді айтқым келеді. Менің сіздерге айтарым бар! Мен сіздерді жақсы көремін! Рақмет!», — деп жазды Димаш Instagram-парақшасында. Шара барысында жанкүйерлер Димашқа сұрақтарын қоюға, онлайн-концерт туралы әсерлерімен бөлісуге, сондай-ақ әртістің жоспарлары туралы білуге мүмкіндік алады. Еске салайық, Димаш Құдайберген TIXR америкалық стриминг-платформада онлайн-концерт өткізген болатын. Концертті 100 елдегі жанкүйер тамашалады. Көптеген фанаттың өтінішіне байланысты аталмыш шоу 31 қаңтар күні…

Read More

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация басалады. Бірінші және екінші кезекте вакцина салынатын дәрігерлер мен педагогтер екпеден бас тарта ала ма? Аталған сұраққа денсаулық сақтау министрлігі жауап берді. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды. Ведомство өкілдері вакцина еркін түрде жасалатынын айтты. «Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация еркін түрде екпе салынатын адам қажет ақпарат алғаннан кейін ғана салынады. Қазақстанның «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің 77-бабына сәйкес ҚР азаматтары вакцинациядан бас тартуға құқылы», — деді ДСМ өкілдері. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі «вакцина еркін түрде жүргізілетіндіктен екпеден бас тартқан жағдайда ештеңе болмайтынын» айтты. Алайда вакцина салдырмаған адамдар шетелге шыққан жағдайда қандай шектеу болатыны белгісіз. Еске…

Read More

Германияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқандар жұмысынан шығарылды. Бұл туралы  «Хабар 24» хабарлайды.  Оқиға жергілікті қарттар үйінде болған. Мекеме директоры әйелімен бірге екпе салдырып, өзгелерді де осыған үндеген. Алайда 7 бірдей қызметкер вакцинадан бас тартқандықтан, ұжым басшысы оларды жұмыстан шығарып жіберген. Германияда коронавирусқа қарсы жаппай екпе салу, желтоқсан айының соңында басталған болатын. Бір ай ішінде препараттың бірінші дозасын, 1 миллион 200 мыңнан аса адам алды. Екінші дозасының өзін 25 мыңдай тұрғын қабылдап үлгерген.

Read More

Атырау облыстық ПД-нің хабарлауынша, 23 қаңтар түнгі сағат 03:29 шамасында Азаттық көшесінде орналасқан «Vivaldi» ресто-барының алдында 32, 33 және 28 жастағы әйел өзара келісе алмай төбелес шығарған. Олар сол күні «Vivaldi» ресто-барының ішінде көңіл көтеріп, ішімдік ішкен. Аталған азаматтарды патрульдік полиция қызметкерлері наркологиялық сараптамадан өткізді. Сараптама нәтижесі олардың жеңіл дәрежелі мас күйде болғандықтарын көрсетті. Азаматтарға қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Ал сағат 20:00-ден кейін жұмысын жалғастырып, Атырау облысының бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы №1 қаулысын бұзып, карантин режимін сақтамаған «Vivaldi» ресто-барына қатысы жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау ушін Атырау қалалық…

Read More

Маңғыстау облысының тәртіп сақшылары жанармайы таусылып, жолда қалған такси жүргізушісіне көмек көрсетіп, жергілікті тұрғындардың алғысына бөленді. Бұл туралы  Polisia.kz хабарлайды. YouTube желісіндегі «Lada.kz» арнасында «Такая полиция нам нужна» деген атаумен бейнежазба жарияланған.

Read More

Махамбет ауданындағы оқшауланған тоғандарда су айналымы болмағандықтан оттегі жетіспеушілігі болып балықтардың қырылып қалу қаупі туды. Сондықтан су қоймасындағы мұздың қалыңдығы 40см болса міндетті түрде арнайы ойықтар дайындалу керек. Қағида бойынша бір резервуардың өзінде 5-6 ұңғыма ойылуы шарт. Олардың әрқайсысын жасауға жарты сағат уақыт кетеді. Ал бұл іспен Махамбеттегі инспекция мамандары жергілікті атқарушы органдармен және табиғат пайдаланушылармен бірлесіп айналысады. Ойықтардың орташа көлемі 2-де 3 метр болады. Апта бойына мамандар 6 су қоймасын бақылап шығып, мұз ою ғана емес, олардың кері қатып қалмауын қадағалап отырады. Мұрат ҚҰБАШОВ, мердігер мекеме қызметкері Бұның бәрі балықты қорғау қыста қырылып қалмауы үшін істеліп жатқан шаралар. Әрбір…

Read More

Маңғыстау, Caspian Life.   Маңғыстау облысында  тойға тыйым болмай тұр. Өткен демалыс күндері Мұнайлы ауданында 350 мейманды жинап, той өткізген иесі мен тойхана қожайыны жауапқа тартылды. Арнайы Мониторинг топ мүшелері  аудан аумағында орналасқан мейрамханалардың  бірінде өтіп жатқан дүркіреген тойдың үстінен түскен. Тойшы қауым би билеп,  көңіл көтеріп, әрқайын жүр екен. Мұнда, санитарлық талаптардың бірде-біреуі сақталмаған дейді, топ мүшелері. . Осыған орай, жауапты тұлғалардан түсініктеме алынып, шара қолдану үшін құжаттар санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданған. Дәл сол күні осы ауданда тағы 6 мейрамханадағы той тоқтатылып, қонақтар үйлеріне кері қайтарылды. Бақытжан Сатылханұлы

Read More

Қазақстанда баланың тұрған орнын анықтауға мүмкіндік беретін «Тап мені» жүйесі іске қосылады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «Биыл министрлік тарапынан жүзеге асырылатын ілкі жобаларға тоқталып өтсем. Бұл — баланың жүрген жерін анықауға мүмкіндік беретін «Тап мені» балалардың қауіпсіздік жүйесі. Ол – Bluetooth желісінде жұмыс істейтін трекерлерді мониторингілейтін мобильді қосымша. Қосымша ата-аналардың смартфонына орнатылады. Ал трекерді баланың киіміне немесе мектеп сөмкесіне жапсырып қоюға болады», — деді ол ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында. Нұрділдә Ораздың атап өтуінше, баламен байланыс жоғалған жағдайда ата-аналары қосымшаның трекер шамшырағын іздеу режимін қосады. «Сонымен қатар…

Read More

Бүгінде Маңғыстау облысында бизнесте салалық сарапшыларды табу аса қиын. Соның салдарынан өңірдегі 52 мыңнан астам бизнес субъектінің тек 18-і ғана индустриалды сертификат алды. Бұл- бизнес үшін үлкен қиындық. Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев: «Басты себеп- Маңғыстауда салалық сарапшылардың жоқтығы. Облыста тек 2-ақ сарапшы тіркелді. Олар химиялық өндіріс саласында болып отыр. Басқа салаларда қиындық туындады. Маңғыстау бизнесіне салалық сарапшылар ауадай қажет! Ол үшін кәсіпкерлер сырттан маман шақыртып, сараптама қорытындысын жасатуы керек. Салалық сарапшылардың келу-кету, жатын орны, қызмет құны сынды шығындары миллиондаған теңгемен есептеледі. Мұндай сомманы төлеуге кез-келген іскердің шамасы жоқ. Ендігі тығырықтан шығар жол- жергілікті жерден, әр саладан сарапшыларды…

Read More