Автор: Сайт әкімшілігі

Батыс Қазақстан облысында бақташы 36 дана киік мүйізімен ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, өңірде 18 қаңтар – 1 ақпан аралығында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары мен Жәнібек ауданы полиция бөлімі бірлесіп жүргізген рейдтік іс-шаралар кезінде Борсы ауылдық округіндегі қыстақ маңында шаруа қожалықтарының бірінде малшы болып жұмыс істейтін 27 жастағы тұрғын қолға түсті. Одан 36 дана киік мүйізі тәркіленіп, сот-биологиялық сараптамаға жіберілді. Осындай оқиға көршілес Бөкей ордасы ауданында да болды. «Құрманғазы» қыстағы маңында қос мүйізі бар киіктің басын заңсыз тасымалдаған 1990 жылғы тұрғын ұсталды. Қазіргі кезде екі оқиға бойынша…

Read More

Нұр-Сұлтан қаласында тұратын ауған соғысының ардагерлері президенттен көмек сұрайды. Айтуларынша 2010 жылы Иманғали Тасмағамбетовтың өзі табыстаған пәтерлерін әкімдік аттарына тегін аударып алуларына рұқсат бермей отыр. Жиналғандар елге еңбегіміз сіңді сондықтан тегін үй талап етеміз дейді, деп хабарлайды Oinet.kz «Информбюро» жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Read More

22 300 адам БЖЗҚ-нан біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға мақұлдама алды. Бұл туралы Отбасы банкінің желідегі парақшасында жазылды. «Дәл қазіргі уақытта 22 300 адам БЖЗҚ-нан біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға мақұлдама алды!», — делінген Банктің хабарламасында. Еске салсақ, 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды. Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі. 23 қаңтардан Қазақстанда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталды. Арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы үш сағаттың ішінде 4 мыңнан астам адам өтініш берді.

Read More

Коронавирусқа қарсы вакцинаны 18 жасқа толған, жазбаша түрде келісім берген және екпеге қарсы реакциялары жоқ азаматтар ғана салдырта алады. Кімге вакцина салдыруға болмайтыны туралы Алматы қаласы №4 қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Зарина Алтынбекова айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Маман Алматы емханаларында «Спутник V» вакцинасымен иммундауды жүргізу алгоритмдері туралы айтып, коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін салдыра алатынын және кез келген адам вакцинадан жазбаша түрде бас тартуға құқылы екенін атап өтті. «Вакцина екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші компонентте 0,1 медициналық дозада, содан кейін 21 күнде 0,5 медициналық дозада салынады» деді дәрігер ӨКҚ онлайн-брифингте. Сондай-ақ маманның айтуынша, коронавирусқа қарсы екпе вакцинацияға қарсы көрсетілімі жоқ, келісім…

Read More

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі елдің құзыретті органы ретінде көмірсутектерге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша электрондық аукцион өткізетіндігі туралы хабарлайды. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша аукцион электрондық аукциондар операторының www.gosreestr.kz веб-сайтында өткізіледі. ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аукционды өткізу күні 23 сәуірге белгіленген. Бұл ретте аукцион Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі және аукцион астана уақыты бойынша сағат 11:00-ден кешіктірілмей басталады. Аукционға қатысуға өтініштерді беру мерзімі 25 наурызға дейін, электрондық аукциондар операторының www.gosreestr.kz сайтында жүргізіледі. Аукционға қатысу үшін жарна мөлшері 100 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) немесе құзыретті органның аукцион өткізу туралы хабарламаны жариялау сәтіне белгіленген 291 700 теңгеге (2021 ж. 1 АЕК — 2…

Read More

Сот жабық режимде өтті Маңғыстау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кішкентай қызды зорлау ісіне қатысты үкім шығарды. Бұл туралы  sputnik.kz. хабарлайды. Сот жабық режимде өтті. Мемлекеттік айыптаушы, зардап шегушінің заңды өкілі, сотталушы және қорғаушысы қатысты. 2020 жылдың 28 мамырында түнде таныс әйелдің үйіне барған. Ол үйінде болмады. Пәтерде кішкентай қызы ғана болды. Сотталушы баланы беті мен басынан бірнеше рет ұрып, зорлады. Айыпталушының қорғаушысы кінәсі дәлелденбегендіктен, қылмыстық істі тоқтатып, сотталушыны босатуды сұрады. Алайда сот өмір бойына соттауды сұраған мемлекеттік айыптаушының талабын толықтай орындады. Еске сала кетсек, өткен жылдың желтоқсан айында Байқоңырда педофил өмір бойына түрмеге қамалды. Ол 2013 жылы…

Read More

Атырау, Caspian Life. Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бүгін Қайрат Нұрлыбаев Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов кандидатурасы Президент Әкімшілігімен келісілген жаңа орынбасарын жергілікті активке таныстырып, жұмысына табыс тіледі. Қайрат Есқабылұлы Нұрлыбаев 1973 жылы 2 мамырда Атырау облысы Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик», Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатында аға референт ретінде бастаған. 1996-1997 жылдары Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы «Мұқыр» акционерлік қоғамында жөндеуші-техник болып жұмыс істеген. 1999 жылы Қызылқоға ауданының Мұқыр селолық округі әкімінің аппаратына…

Read More

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус жұқтырғандар саны ең көп болатын кезең мен қатаң карантин жариялануы мүмкін кезеңді айтты. Денсаулық сақтау министрлігінде 2021 жылдың соңына дейінгі эпиджағдайдың дамуы бойынша болжам жасалды. «Ауырғандар саны көп болатын кезең наурыздың соңында болуы мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша, күніне коронавирус жұқтырған үш мың адам тіркеліп, ауруханаларда 24 мыңға дейін төсек орын толуы ықтимал. Ал пессимистік сценарий бойынша, тәулігіне 6-9 мың қазақстандықтан коронавирус анықталуы мүмкін. Бұл жағдайда 45 мыңға дейін артық төсек-орын дайындалады. Бұл жағдайда карантин шаралары қатаңдауы мүмкін. Болжам бойынша, 2 миллион адамға вакцина салынған жағдайда алғашқы жартыжылдықта вирус жұқтырғандар саны 40 мыңға дейін азаяды. Бірінші кезеңдегі вакцинация иммунитет…

Read More

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтты. Адамдар ауыр жағдайдан шығудың жолы вакциналауға байланысты екеніне тоқталған Мемлекет басшысы, «Оны сапалы өткізу үшін барлық жағдайды жасау керек. Вакциналау бойынша науқан ұйымдастырылған тәртіпте өтуі керек. Үкіметке әкімдермен бірлесе толыққанды дайындықты қамтамасыз етіп, 1 ақпаннан жаппай вакциналауға кірісуге тапсырамын», — деді. Сонымен қатар Президент отандық вакцинаны тестілеудің оңтайлы нәтижесіне сенім артатынын атап өтті. «Осы жағдайда ол жақсы нәтижелер көрсетсе, мен дәл осы қазақстандық вакцинаны салдырамын», — деді Президент.

Read More

Атырау,Caspian Life. Атырауда бопсалаумен айналысқан шетелдік әйел ұсталды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Атырау қаласында тұратын 51 жастағы әйел бопсалау туралы арызданған. Шағымданушының арызында өзге азаматшаның қорқытып 50 000 теңге талап еткені айтылған. Өзбекстан Республикасының 32 жастағы азаматшасы ғаламтор желісіне жәбірленушінің интимдік сипаттағы бейнежазбаларын жүктеймін деп бопсалаған. «Күдікті азаматша 19 қаңтарда Атырау қаласы С.Датов көшесіндегі банк филиалы ішінде орналасқан терминалдан талап еткен ақшасын есепшотына салдыртқан. Полиция күдіктіні сол жерде ұстады» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен . Қазір аталған дерекке ҚР Қылмыстық Кодексінің 194-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Read More