Автор: Сайт әкімшілігі

Атырау, Caspian Life. Қасқыр атуға тегін аңшылық жолдама таратылып жатыр. Былтыр осы уақытта 908 түз тағысын аулауға рұқсат етілсе, енді биыл 1798 -ін жоюға ерік берілді. Мамандардың айтуынша, алдымен жабайы аңның жалпы саны есептелгесін, ату лимиті қойылады. Осы жылы 3,5 мыңнан астам қасқыр есепке алынған. Жалпы, аң аулауға мүмкіндікті электронды түрде алуға болады.   Мереке ШАЛХАРОВ, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілі  Берілген рұқсат бойынша Атырау облысының барлық аудандарына резервтік қорларға және бекітілген аңшылық аумақтарға, тек Ақ Жайық табиғи резерваты мен Новинскии экологиялық қауымынан басқа жерде аңшылық жасауға болады. Қазір аңшылық маусымы 15 ақпанға дейін жүргізіліп жатыр. Мамандар…

Read More

Қызылқоға ауданының тұрғыны үйінде босана салып, сәбиін қоқысқа тастаған. Бұл туралы Caspian Life хабарлайды. Алдымен жедел жәрдем пультіне әйелдің қансырап жатқаны туралы хабар түсіп, ақхалаттылар оның жаңа босанғанын анықтаған. Келіншектің баланы көрсетуден бас тартқанынан күдіктенген полицейлер шақалақты үй маңында орналасқан қоқыс жәшігінен өлі күйінде тапқан. Сағыз ауылында болған оқиғаның 35 жасар кейіпкері үйлі-баранды екен: күйеуі мен 4 баласы бар. Ол жүктілігіне байланысты дәрігердің есебіне де тұрмапты. Қазір «Жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу» бабымен тергеу ісі басталды. Ал сот медициналық сараптама шарананың неден өлгенін анықтайды. Безбүйрек ана мұндай іс-әрекетін түсіндіруден бас тартып отыр. Досбол БАҒЫТЖАНОВ, Қызылқоға ауданының прокуроры Гинекологтармен қаралу нәтижесінде…

Read More

Маңғыстау, Caspian Life. Ақтаулық полицей 12 жыл уақытын темір торда өткізеді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттік өкілі мәлімдеді. Криминалдық полиция бөлімінің бұрынғы жедел уәкілі қызмет бабын асыра пайдаланып, жеңіл жүрісті қыздарға қамқорлық көрсеткен. Тәртіп сақшысы жезөкшелікке қарсы жүргізілетін рейдтік жұмыстар жөнінде алдын-ала хабарлап, ескертіп отырған. Яғни, түнгі көбелектердің қылмыстық әрекеттерін жасырып, кедергісіз жұмыс жасауына ықпал етіп отырған. Бұл қызметі үшін ол ай сайын қомақты ақша да алып келген. Уәли АБДУЛОВ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің аға тергеушісі      ҚР ҚК 366 бабы 4 бөлігімен және осы кодекстің 262 бабының 3 бөлігімен күдікке ілініп сотқа жолданып, қазіргі таңда ол 12 жылға бас…

Read More

Атырау, Caspian News. Қала орталығынан элиталы тұрғын үйден арзанға пәтер алып беремін деп уәде еткен әйелге алданған жұрт қалалық прокуратураның алдына жиналды. Арбауға түскендер 5млн-нан 20млн-ға дейін қаражатты айлакерге өз қолдарымен берген. Тіпті, өздері тұрып жатқан баспанасын сатып, сан соғып қалғандар да бар. Енді олар несиелерінен тез құтылу үшін, істің жылдам жүруін талап етуде.  Гүлнар ҚУАНЫШЕВА, Атырау қаласының тұрғыны 2019-дың сәуірінде тоғыз миллион жеті жүз салдым. «Грант Атырау» деген осы үйді аласыз» деді. Содан кейін қолхат жазып берді маған. Осы күнге дейін сеніп келдім, далаға қалдырмаймын деген. 2020 ақпанында далада қалдым.   Есен ҚАДИЕВ, Атырау қаласының тұрғыны Менің өзім сегіз…

Read More

«Нұр-СұлтанГаз» компаниясының басшысы Александр Райк премьер-министр қызметіне Kaspi.kz төрағасы Михаил Ломтадзені ұсынды, деп хабарлайды KzNews.kz ақпарат агенттігі. Райк аталған тағайындаудың пайдасына бірнеше дәлел келтіреді: «Мен өзім «Нұр-Сұлтангаз» жеке кәсіпорнын басқаратыныма байланысты, қандай да бір бизнес субъектісінің, мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік компанияның тиімділігі туралы жиі ойланамын. Сонымен, жиі ойлайтыным келесі болды: егер бізде Премьер-Министр Михаил Ломтадзе лауазымына тағайындалса ше? Қазақстанда оның туыстары жоқ, сондықтан олар сұрамайды, басы кез келген заманауи компьютерден жақсы жұмыс істейді, адал, ашық, әдепті, позитивті және төрт Папа Карло секілді жұмыс істейді. Оған үкіметтің нәтижелеріне байланысты бонустар беріледі деп жұмыс істеуге кедергі келтірмесек жетіп жатыр. Халықтың әл-ауқаты өссе – бонус…

Read More

Министр балаларды спорт секциялары арқылы қосымша сабақтарға тарту врқылы олардың денсаулығын нығайту үшін маңызды екенін атап өтті Осы жылдың қаңтарынан бастап дене шынықтыру мұғалімдеріне ай сайын 17 697 теңге үстемақы төленеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады. «2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақшалар, мектептер мен колледждердегі дене шынықтыру мұғалімдерінің айлығына жаңа қосымша ақы тағайындалды. Енді дене шынықтыру мұғалімдерінің еңбекақысына ай сайын қосымша 17 697 теңге төленеді», – деп жазды министр Facebook-те. Ол дене шынықтыру мұғалімдерінің функционалы кеңейіп отырғанын айтты. Мұғалімдер әдетте өткізетін дене шынықтыру сабақтарынан бөлек, қосымша спорттық-сауықтыру сабақтарын, яғни секциялар өткізеді. «Әр мұғалім қосымша секциялық сабақтар өткізеді,…

Read More

Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен ер адам Атыраудан табылды. Бұл туралы  ҚазАқпарат  хабарлайды. Бәйтерек ауданы Дариян ауылында тұратын 34 жастағы, көз жанарынан екінші топтағы мүгедек Леонид Богомолов үйінен 14 қаңтар күні шығып кеткен. Содан бері үйіне оралмаған ер адамды полиция қызметкерлері іздестірген болатын. Бәйтерек ауданы Приурал полиция бөлімі 14 күннен кейін Л.Богомоловтың кеше Атыраудан табылғанын жеткізді. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, өткен жылы облыста жоғалған азаматтарды іздестіру жөнінде 145 арыз түсіп, 96 адамның қайда жүргені қысқа мерзімде анықталған. Биыл іздестіру барысында Оралда бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 38 жастағы ер адамның қайда жүргені белгілі болды. Ол 5…

Read More

Алмалы аудандық соты аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовқа қатысты сот үкімін шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Процесс онлайн режимде өтті. «Қуат Хамитовты ҚР ҚК 272-бабының 3-бөлімімен айыпты деп тауып, 6 айға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарылды», — деді судья. Айыпталушы сот үкіміне 15 күн ішінде апелляциялық шағым түсіре алады. Оның алдында спортшы соңғы сөзін айтқан болатын. Ол шетелге шығуға тыйым салмауын өтінген еді. Қуат Хамитов ҚР ҚК 272 бабының 3-бөлімі бойынша (билік өкіліне бағынбауға шақыру, жаппай құқықбұзушылыққа тарту, арандату, азаматтарға күш қолдануға шақыру) қозғалған іс Алмалы аудандық сотында қаралып жатыр. Айта кету керек, былтыр қыркүйекте қазақстандық аралас жекпе-жек…

Read More

Халықтың қалған контингентіне COVID-19 вирусына қарсы вакцина мамырдан бастап салынады. Дәрігерлер, мұғалімдер және күш құрылымдары қызметкерлерінен бөлек, халықтың қалған контингентіне қашаннан бастап коронавирусқа қарсы вакцина салатыны белгілі болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов мәлімдеді. «Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, әсіресе жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, сондай-ақ басқа да бейіндегі қызметкерлерге ақпаннан бастап екпе салынса, педагогтар мен күш құрылымдарының қызметкерлері наурыз айында; студенттер сәуірден бастап, мамыр айында вакцина көлемінің жеткілікті болуына қарай халықтың қалған контингенті қамтылады», — деді Марат Шоранов. Вице-министр вакцинация жүргізер алдында дене температурасын, сатурацияны, жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымды өлшеу, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесін…

Read More

«Аэрофлот» әуекомпаниясы пандемияға байланысты тұрақты халықаралық рейстердің ұшу бағдарламасына өзгерістер енгізді. Бұл туралы әуекомпания сайтындағы хабарламада айтылған.  28 наурыз бен 30 сәуір аралығында Мәскеуден Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Шымкент қалаларына рейстер тоқтатылды. «Әуекомпания сайты немесе байланыс орталығы арқылы аталған бағыттарға билет сатып алған жолаушыларға билет ақысы төлеу нысаны және қолданыстағы қағидаларға сәйкес автоматты түрде қайтарылады. Әуе билеттерін «Аэрофлот» сату кеңсесінен немесе агенттіктен сатып алған жолаушылар ақшасын қайтару мәселесі бойынша сатып алған орнына хабарласуы қажет», — деп хабарлады компания.

Read More