Автор: Сайт әкімшілігі

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов вакцина салдырды және егуден кейінгі хал-жағдайын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «Ешқандай қолайсыздық сезіп тұрған жоқпын. Ең алдымен вакцина алатын адамды дәрігер тексереді, анамнез алынады. Дене қызуы, қан қысымы, жұтқыншақ тексеріледі. Содан кейін дәрігер ол адамға вакцина салуға рұқсат береді. Пациент ерікті түрде вакцина алатыны туралы ақпараттық келісімге қол қояды. Егер ол барлық процедуралармен келіссе, 21 күннен кейін вакцинаның екінші кезеңіне де келуі керек», — деді Ерлан Қиясов №6 қалалық емханада тілшілерге берген сұхбатында. Оның айтуынша, барлық кезеңде барлық жауапкершілік емдеу мекемелеріне жүктеледі. «Барлық жауапкершілік ортақ болады. Әрине, денсаулық…

Read More

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады. Сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысына дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін рұқсат етіледі, бірақ жексенбі күндері тыйым салынады. Сондай-ақ, қаулыда былай делінген: азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарларға жұмыс және демалыс күндері штаттық режимде, ал азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарларға, жексенбі күндерін қоспағанда, толымдығы 30 пайыздан аспайтын және бір келушіге кемінде төрт шаршы метр сақталған жағдайда, әлеуметтік қашықтықты, бетперде тағу режимін, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып штаттық режимде жұмысына рұқсат етілсін; қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (мекемелерде),…

Read More

Атырау, Caspian Life. Облыста браконьерлік іс азаймай тұр. Былтыр балық қорғау заңнамасын бұзған 2,5 мыңнан астам факті тіркелді. Оның 10%-і бойынша дайындалған материалдар әкімшілік сотқа жолданды. Ал 17 істе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар. Мәселен өткен жылдың қазан айында Құрманғазы ауданында қайық ұсталып,, одан 300 келіге жуық аулауға қатаң тыйым салынған бекіре тұқымдас балық табылды. Рүстем ҚОРҚЫТОВ, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының баспасөз хатшысы  Өткен жылы инспекциядағы істермен Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы айналысты. Оның негізгі міндеттерінің бірі  — Жайық-Каспий бассейнінде балық ресурстарын сақтау үшін заңдылықты қадағалау және құқық қорғау. Сондай-ақ, табиғат  қорғау органдары мен…

Read More

 Маңғыстау музыкалық драма театрының бұрынғы басшысына 14 миллион теңге айыппұл салынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, Нұрнияз Мұханов 2 жыл бойы жұмыс істемейтін қызметкерге жалақы төлеген. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады. Екі жыл ішінде оның шотына 1,5 миллион теңге аударған. Ер адамға қызмет бабын қолдана отырып, сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу бойынша айып тағылды. «Театрдың бұрынғы директорына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Осы бап бойынша жаза түрі он есе мөлшерде айыппұл салуға өзгертілді», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің тергеушісі Аслан Атшыбаев. Драма театрды 17 жыл…

Read More

Депутат Айдос Сарым Мәжілістегі жалақы туралы айтты. Оның айтуынша, мәжілісмендер 500-ден 800 мың теңгеге дейін айлық алады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. «Мен әлі білмеймін, алған жоқпын. Шынымды айтсам, тұрмыстық мәселелерге жоқпын. Бүгін тұрмыстық мәселелер бойынша отырыс болады. Жалақы қызықтырады, әрине. Бірақ әлі уақыт болған жоқ. Менің әкем ауырып қалды, Алматыда ұзақ уақыт болдым, сондықтан тұрмыстық мәселелермен айналысуға уақыт болмады, үлгермедім. Шамамен қанша болатыны айтылды. Менің ойымша, 500 мыңнан 800 мың теңгеге дейін. Бұл еңбек өтіліне, ғылыми дәрежесіне байланысты. Шамамен солай, ол үшін профессор болу керек (шамамен 800 мың теңге алу үшін. — ескерту). Мемлекеттік қызметте 30 жыл жұмыс істеу, генерал болу, атаққа ие…

Read More

Атырау, Caspian Life. Соңғы уақытта қабырғаларда пайда болған есірткі жарнамалары елді елең күйге салып қойды.  Ашық саудаға көшкен арамзалар тұрғын үй қабырғаларына сайт атауларын жазып кетуді әдетке айналдырған. Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мамандары мен еріктілер шыққан шарада осындай 162 жазба өшірілді. Жандос САДИРОВ, Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел аға уәкілі Көше бойларында немесе өзіңіз тұратын үй жайлардың қабырғаларында, подьездердің іштерінде  есірткі жарнамалайтын сайттардың атауларын көрсеңіз міндетті түрде полиция инспекциясына хабарлаңыз. Есірткімен күресулеріңізді сұраймыз. Жарқынай Қанатова  

Read More

Ауылдық округтің әкімі Гаухар Оспанбекова пандемия кезінде ауданда коронавирусты жұқтырған бірде-бір жағдай болмағанын мәлімдеген. Пандемия басталғалы бері Жамбыл облысының Аспара ауылдық округінде бірде-бір адам коронавирусқа шалдықпаған, – деп хабарлайды exclusive.kz. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың Меркі ауданына жасаған сапары кезінде бір қызық дерек белгілі болды. Сонымен есеп беру кезінде ауылдық округтің әкімі Гаухар Оспанбекова пандемия кезінде ауданда коронавирусты жұқтырған бірде-бір жағдай болмағанын мәлімдеген. Аспара, Қайыңдысай және Құмарық елді мекендерінде барлығы 1,6 мың адам тұрады. Ауыл тұрғындары бидай, арпа және беде өсірумен қатар мал шаруашылығымен айналысады. Көкөніс дақылдарының дамуына вегетация кезеңінде суармалы судың жетіспеуі кедергі келтіреді. Аспара 1 және Аспара 3 каналдары кеуіп кетеді. Үш ауылдың…

Read More

Ақпанның басында зейнетақы жинағының бір бөлігін жасанды ұрықтандыру үшін пайдалану қағидалары жарияланады деп жоспарланып отыр Қазақстандықтар зейнетақы жинағының артығын экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) қызметіне жұмсай алады. Бұл туралы «Отбасы банктің» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. «Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобы отырысында айтылған мамандар пікіріне сүйене отырып, қуанышты жаңалықпен бөліскім келеді. Зейнетақы жинағын пайдалану ережесіне сегізінші мақсат қосылды. Ол «көмекші репродуктивті әдістер мен технологиялар» деп аталады. Оның ішінде ЭКҰ процедурасы да бар», – деді әлеуметтік желіде қазақстандықтардың сауалына жауап берген Ибрагимова. ЭКҰ жүргізу үшін зейнетақы жинағын пайдалану қағидалары келесі аптада жарияланады. «Репродукцияға байланысты мәселесі бар отбасылар зейнетақы жинағын ЭКҰ жасауға пайдалана алады», – деп…

Read More

Каспий теңізіндегі жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстан ұлттық деректер орталығы хабарлайды. ҚР ҰЯО ҒЗИ деректер орталығының шұғыл мәліметіне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 2021 жылғы 28 қаңтарда сағат 23:06-да. (Гринвич уақытымен 17 сағ. 06 мин.) Каспий теңізінде жер сілкінісі болды. «Зілзала ошағы солтүстік ендік 41.53 градус, шығыс бойлық 50.73 градус. Mb тербелісі — 4.4 энергетикалық класы К -11.5. Тереңдігі h — 52 шақырым», делінген хабарламада.

Read More

Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері пәтер алаяғын ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Ақтау қаласының бірнеше тұрғыны полиция басқармасына алаяқ әйелге қатысты шара қабылдау туралы арызбен жүгінген. ры Көрнекі сурет: seyminfo.ruМаңғыстау облысында полиция қызметкерлері пәтер алаяғын ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтау қаласының бірнеше тұрғыны полиция басқармасына алаяқ әйелге қатысты шара қабылдау туралы арызбен жүгінген. В эту пят­ницу Ночь ски­док в Sulpak Перейти Яндекс.Директ Арызданушылардың айтуынша, 2020 жылғы 4 қазан — 2021 жылғы 10 қаңтар аралығында алаяқ ипотекаға пәтер сатып алуға көмектесуге уәде беріп, олардың әрқайсынан түрлі сомада ақша алған. Алайда уәде етілген пәтерге қолдары жетпеген тұрғындар алаяқтың тұзағына түскендерін түсініп, полицияға шағымданған. Тұрғындар алаяққа төрт…

Read More