Жаяу жүргіншілерді қағып кеткен көлікті 23 жастағы Алматы қаласының тұрғыны жүргізген, ол қазір қамауда отыр Алматы облысында 52 жастағы әйел мен сегіз жасар бала жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан кезде көз жұмды, деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жол апаты Қарасай ауданындағы Сауыншы ауылының маңында болған. 52 жастағы әйел баламен бірге жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда оларды Toyota Camry Gracia қағып кеткен. Көлікті 23 жастағы Алматы тұрғыны жүргізген, қазір ол қамауда отыр. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлік құралдарын жүргізетін адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.…
Автор: Сайт әкімшілігі
Қазақстандық жұлдызнамашының болжамынша, ақпан айында банк, қаржы жүйесінде өзгерістер болады. Астролог ақшаны доллармен сақтауға кеңес берді Қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова қыстың соңғы айына болжам жасады, деп хабарлайды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. Кейбір лидерлер саясаттан кетеді Әбдірайымованың болжамынша, ақпан айында нормативтік-құқықтық актілер мен халықаралық шарттар өзгереді. «Әлеуметтік ахуал нашарлайды. Кейбір көшбасшылар саяси аренадан мүлде кетуі мүмкін. Көлік дәлізін қайта қарау мәселесі көтеріліп, оларға талас басталады. Табиғи апаттар, жарылыс, теракт, тау-кен, мұнай-газ, теміржол салаларында, өнеркәсіп кәсіпорындарында апат болуы мүмкін, революциялық оқиға және билік трансформациясы болжануда», — деді қазақстандық маман. Ақшаны қай валютада сақтаған дұрыс Сондай-ақ, осы айда банк, қаржы жүйесінде өзгерістер,…
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы төлеуді ұсынды. Мәжілісте «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов заң жобасындағы жаңашылдықтарға тоқталды. Соның бірі – жаңа жәрдемақы енгізу. «Мүгедектіктің себебіне қарамастан І топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы енгізу көзделіп отыр. Осы жәрдемақымен күтім жасайтын қосымша 24 мыңнан астам адам қамтылады», – деді Шәпкенов. Жәрдемақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 коэффициенті шамасында, яғни 48 мың теңге. Айта кетсек, биыл базалық әлеуметтік төлемдерді…
Жаңаөзен қаласы мамандандырылған әкімшілік соты 1 ақпанда жергілікті белсенді Шолпан Өтекееваны «полицейге жала жапты» деп айыптап, 20 тәулікке қамады. Бұл туралы Azattyq радиосы хабарлайды. Сот қаулысына сай, Өтекеева Facebook парақшасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы полиция бөлімінің бастығы Бөкен Жұмағали жайлы «Қарабет Бөкен Жұмағали» деген фотомен жазба «жариялағаны» үшін жазаланған. Сот бұл жазбаны «жала жабу» деп тапқан. Шағымды Бөкен Жұмағали түсірген. Бірақ сотқа түрткі болған жазбаны Өтекеева өзі жазбаған. Ол Facebook желісіндегі «Қарабеттер ҚАРА тізімі» парақшасындағы жазбаны өз парақшасында бөліскен. Белсендінің туыстарының айтуынша, Өтекееваны Ақтаудағы түрмеге алып кеткен. Жаңаөзендік белсенді Шолпан Өтекеева – 2011 жылы желтоқсанда Жаңаөзен оқиғасында (мұнайшылар еңбек жағдайын жақсартуды талап…
Елорда ауруханалары вакцина тасымалдауға арналған 20 мұздатқыш пен 82 жылу контейнерімен жабдықталды. Орталық коммуникациялар ұызметінде өткен брифингте қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов осылай деді. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады. «Қалалық емханалар вакциналарды қоймадан екпе салдыратын мекемелерге тасымалдауға арналған 20 мұздатқыш және 82 жылуы тұрақты контейнермен қамтамасыз етілген. Бастапқы кезеңде вакциналау №2,4,6,9 қалалық емханаларда басталады. Бірінші кезеңде осы ақпан айында тәуекел тобына жататын медицина қызметкерлері, жұқпалы аурулар ауруханалары, жедел жәдем қызметкерлері, алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарының және көпсалалы ауруханалардың қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері вакцина алады. Одан әрі қарай мұғалімдер, полиция қызметкерлері, Қорғаныс министрлігі, ІІМ болып, кезең-кезең бойынша барлық халық қамтылады»,…
2022-2026 жылдарға арналған «Еңбек» ұлттық жобасы әзірленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті дамыту үшін микроқаржы ұйымдарының халыққа кредит беруге қатысуын жандандыру және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы тетіктерін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша жұмысқа орналастырылғандар туралы ақпаратты автоматты түрде тексеруді енгізуді тапсырған болатын», — деді ол. Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында 2021 жылдың наурыз айының соңына дейін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына мемлекеттің және «Атамекен» ҰКП-ның қатысуымен микроқаржы ұйымдар құру бөлігіне өзгерістер енгізіледі және соңғы қарыз алушыға 6…
Атырауда «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күнінде заң бұзған 25 иммигрант анықталды. Бұл шетелдіктердің Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасына пысқырмайтынын көрсетеді. Жедел іс-шара барысында Өзбекстанның 24 азаматы және Ресейдің 1 азаматы елден шығарылды. Олар бұған дейін де тәртіп сақшыларына тұтылғандар, сол кезде сот шешімін орындамай, уақытылы елден кетпегендер. Профилактикалық шара 5 ақпанға дейін жүргізіледі. Мақсаты – Республика аумағында жүрген шетелдіктерді бақылауда ұстау және Қазақстан заңнамасын бұзған жағдайда елден шығарып жіберу.
Ақтөбе облысында «КМК Мұнай» мен «АМК Мұнайдың» жұмысшыларына жалақыны көтерді. Енді, Маңғыстау облысының мұнайшылары еңбекақыны көтеруді талап етіп отыр, деп хабарлайды «Диапазон» хабарлайды. Бұған дейін Ақтөбе облысындағы Темір ауданында жұмыс істеп жүрген мұнайшылар ереуілге шыққан болатын. 25 қаңтарда Көкжиде кен орнында «КМК Мұнайдың» 100-ге жуық жұмысшысы бас көтерсе, төрт күннен кейін Башенкөлде «АМК Мұнайдың» 62 мұнайшысы көшеге шықты. Барлығы жалақыны көтеруді талап етті. Себебі орташа жалақы 60-150 мың теңгеден аспайды. Мұнайшылар президентке бейнеүндеу де жариялады. Облыстық еңбек инспекциясының басшысы Саламат Аманбаевтың айтуынша, «КМК Мұнайда» жұмысшылардың жалақысын 20 процентке көтеруге шешім қабылданды. Оған қоса, тарифтік разрядтарды көтереді. Осылайша, еңбек дауы шешіліп, мұнайшылар…
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді. – Жеке иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR-кодтарды енгізу үшін EgovMobile отандық мобильдік қосымшасын қосу жоспарланған, ол «Ашық» медициналық қосымшасымен біріктірілген. Онда медициналық ақпараттық жүйелердегі азаматтар бойынша, оның ішінде QR-код құралдары бойынша тексеруге ұсыну үшін коронавирусқа қарсы вакцинациядан өту туралы деректер жинақталады, – деді Алексей Цой.
«Атырау облысы бойынша вакцинацияның бірінші күні 135 адам COVID-19-ға қарсы екпе алды»,- деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 55 адам № 3 қалалық емханада, 70 адам Геолог емханасында және 10 адам № 2 облыстық ауруханада екпе салдырды. Екпе алғандардың бәрі өздерін жақсы сезінді. Денсаулықтары қалыпты. Жанама ешқандай әсері байқалған жоқ. Айта кетейік, облыс бойынша барлығы 24 алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарында халықты вакцинациялау үшін орындар жабдықталған. Оның 15 мемлекеттік ұйымдар, қалғаны — жеке меншік медициналық мекемелер.
