Автор: Сайт әкімшілігі

Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар әскери қызметке шақырылады Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және 2021 жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Құжат Ақорда сайтында жарияланды. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2021 жылдың наурыз…

Read More

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын жауып, көктайғақ пен тұман болуы мүмкін. Бес өңірде дабылды ескерту жарияланып отыр НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан — Sputnik. Дүйсенбі, 8 ақпанда, батыс өңірлерден өзге аймақтарда жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деді «Қазгидромет». Ірі қалалардағы ауа райы Нұр-Сұлтанда 8 ақпан күні қар жауады. Күндіз минус 3-5 градус, жел жылдамдығы – 9-14 м/с, екпіні секундына 15-20 метр. Түнде 10-12 градус нөлден төмен. Алматыда жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз плюс 7-9 градус, жел жылдамдығы – 2-7 м/с. Түнде – 0+2 градус. Шымкентте де жаңбыр жауады. Күндіз – 10-12 градус жылы, жел жылдамдығы —  8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін.…

Read More

Сириядан бір топ қазақстандық азамат елге оралды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сыртқы істер министрлігі бірлесе отырып АҚШ және өзге де халықаралық серіктестердің қолдауымен Сириядан бір топ қазақстандық азаматтарды елге қайтару операциясын өткізді. Топ құрамында 4 ер адам, 1 әйел және 2 жетім баланы қосқанда 7 бала болды. Ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес, террористік іс-әрекетке қатысқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жетім балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріледі және мемлекет тарапынан оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі», — делінген хабарламада. Әйелдер мен балалар оңалту және қайта әлеуметтендіру бағдарламаларымен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялаған террористік әрекеттер белсенді жүргізіліп жатқан…

Read More

Сенат қазақстандық балықшыларға Каспийге тәулік бойы шығуға рұқсат беретін заңды екінші оқылымда қабылдады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. ҰҚК Шекара қызметінің директоры Дархан Ділмановтың айтуынша, 2020 жылы Каспий теңізіне балық аулау үшін шыққан жеті мың қазақстандық тіркелген. «Бұрын балық аулау шаруашылықтары күндіз ғана жұмыс істейтін, осы Заң жобасы бойынша біз уақтылы көмек көрсете алуымыз үшін GSM-трекерлер болған жағдайда тәулік бойы жұмыс істеуге болады», — деді Ділманов Сенат отырысында. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, заң Каспийдегі мемлекеттік шекараны қорғаудың экономикалық қызметі мен құқықтық негіздерін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ аталған құжат ұлттық заңнаманы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның ережелерімен сәйкестендіреді. «Конвенцияның негізінде тиісті…

Read More

Қоғамдық тамақтану орындарына қойылған шектеу биліктегілер мен кәсіпкерлер арасын қырықпышақ етуде. Соңғы қаулыға сәйкес, кешкі сағат 8-ден кейін тамақтану орындарының жұмысына тыйым салынса да, рейд барысында 20 мейрамхана мен бірнеше дүкеннің ережені елемегені анықталды. Мониторингтік топ мұндай фактілерді бірінен кейін бірін тіркеуде. Ең қызығы, нысан иелері ғана емес, тұтынушылар да қаулының қатаңдығынан қажығанын айтады.  Батыр, келуші Халыққа 8-ден кейін отыруға болмайды дейтін қате болар. Әрі кетсе 12-ге дейін болар. Өз ойым. Себебі халыққа демалатын, тамақтанатын жер керек. Мысалы кейбір адамдар жұмыстан шыққаннан кейін тамақтанғысы келеді. Кәсіпкерлер де қаулыны келіссіз санайды. Мейрамхана иесінің айтуынша, шектеудің күшейгені пайда табуға ғана емес, шығындарды…

Read More

Атырау, Caspian Life. Пайдаланылуға дайын полиция бекеттері сенімгерлік басқаруға берілмек. Қос бекеттің уақытша иесі қалалық ТКШ бөлімінің 12 ақпан күні өткізетін электронды тендердің нәтижесінде белгілі болады. «Атырау-Доссор» және «Атырау-Индер» трассасындағы стационарлық полиция бекеттерінің жалпы аумағы 200 шаршы метрден асады. Онда шағын күрке, шолу алаңы, су құбыры мен қоса бейнебақылау жүйесі орнатылған. Тіпті, жарық сөне қалған жағдайда дизельді генераторды пайдаланатын мүмкіндік бар.  Гүлхан ҒАЛЫМЖАНОВА,қалалық қаржы бөлімі басшысының орынбасары Бұл жерде халық айтқандай ешқандай сатылым, аукционға шығару, жекешелендіру сияқы мәселелер  қалалық әкімдікте  болған емес, болмайды да. Тек сенімгерлік басқаруға беру. Тендерге қатысу үшін тендерге қатысушы өзін растаушы ретінде кепілдік жарна төленеді. Атырау-Доссор…

Read More

Атырау, Caspian Life.  Атырау облысында 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік мамандар әзірлеген СПУТНИК V вакцинасы салына бастады. Бүгінге дейін өңірде аталған екпені 400 ден астам адам қабылдап үлгерген. Жалпы, облыстағы екпе жұмыстары үшін 1000 доза жеткізілген еді.    Нина ОСПАНОВА, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы 2 апқаннан бастап бізде ауданда тұратын медицина мамандарына екпе салына бастады. Бүгінгі күні ауданға 270 доза жеткізілді.  Бүгінгі күні 4 ауданда 4 мұздатқыш бар, 4 ауданда вакцина сақтау орындары дайын. Сонымен қатар, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарға 30 доза вакцина жеткізілді. Мамандардың айтуы бойынша, екпеден бас тартқандар немесе вакцинациядан кейін…

Read More

Атырау, Caspian Life. Ақпаннан бастап «102» бағдарламасы іске қосылды. Онда тұрғындар «қызыл батырма» арқылы полицейлермен жедел байланыса алады. Мұндай жаңашылдықтың игілігін смартфонына арнайы бағдарлама орнатқан жандар ғана көре алады. Алтынбек ҚАЙЫРЛИЕВ, қалалық ПБ жедел басқару орталағының бастығы Бұл мобильді қосымшаның бір айрықшылығы – 102 арнасына хабарлама берген азаматтардың бейнежазба арқылы және аудиожазба арқылы хабарлама беруіне және қалдыруына мүмкіншілік береді.Алайда қандай да бір қылмысқа немесе қандай да бір құқықбұзушылыққа куә болған азамат мобильдік бейнетаспаға түсіріп6 немесе сол жерден бейнезвонок арқылы 102-ге хабарлама қалдыра алады. Қызыл батырманың тағы бір артықшылығы – қоңырау шалған азаматтың орналасқан жері картадан көрініп тұрады. Соның арқасында полицейлер…

Read More

Атыраулық тұрғынның үйінен киіктің заңсыз сақталған 106 мүйізі тәркіленді. Полицейлер Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылында тұратын 34 жастағы азаматтың баспанасынан тіркелмеген тегіс ұңғылы 2 аңшылық қаруы да табылды. Тәртіп сақшылары тексеру барысында оның түнгі уақыттары мотокөлікпен «Қызыл кітапқа» енген жануарды қынадай қырып келгенінін анықтады. Қазір сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.  Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД ресми өкілі Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339 бабы 3 бөлігі бойынша «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Малика Такежанова

Read More

Жардағы жазу жазаға соқтырды. 32 жастағы атыраулық әйелдің қабырғаға сурет салуға деген әуестігі оны үш жылға бас бостандығынан айыруы әбден мүмкін. Теріс пиғылмен тас біткенге тіл бітіремін деп, тұзаққа түскен келіншек еселі еңбегі үшін 25 мың теңгеден алып отырған. Кейін оның қолымен от көсеушілер ақшаның орнына көкнәр беріп, ортақ келісімге келіпті. Екі аптада 100 шақты жазба қалдырған Гаухар есірткіні амалсыздан алғанын айтады. Гаухар: 30 жазба үшін 25 мың теңге берді. Бірақ менің еңбекақымды көкнәрмен төледі. Бұған дейінде дәмін татып көргенім рас. Әрі барлық жұмысты істеп қойғасын алудан басқа амалым қалмады. Гаухар — бұл істегі басты күдіктілердің бірі. Оның сөзінше, төлемнің…

Read More