Автор: Сайт әкімшілігі

Каспий теңізінің итбалығына қауіп төніп тұр. Бұл туралы  «Хабар 24» хабарлайды.   Бүгін әлеуметтік желіде тараған бейнежазба табиғат қорғаушыларының наразылығын тудырды. «Гидробиология және экология институты» мекемесі батыс секторының жетекшісі Тимур Баймұқанов: «теңіз маржанының көбеюіне мұзжарғыш кемелер зиян келтіріп жатыр»,- деп дабыл қақты. Желіде желдей ескен бейнежазбада итбалық күшіктерінің жан-жаққа бытырай қашқанын анық көруге болады. Қаңтар айының екінші жартысынан қыс аяғына дейін итбалықтар көбейеді. Өздігінен қоректене алмайтындықтан, осы кезде оларға аса қомқорлық қажет болады. Ал, мұзжарғыш кемелердің кесірінен итбалық күшіктері аналарынан ажырап қалып жатады. Олардың көбейетін уақытында теңіз көліктері итбалық жатағынан айналып өтулері керек. Тимур Баймұқанов, «Гидробиология және экология институты» мекемесі батыс…

Read More

Қазақстанда 1 миллионнан астам азаматтың 2 миллиард теңге қарызы кешірілді. Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, – деп жазады Sputnik Қазақстан. Айта кетейік, салық рақымшылығын пайдаланғандардың қатары өткен жылға қарағанда биыл 300 мың азаматқа артық. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда едәуір өскен. Яғни, салық рақымшылығын өз пайдасына шешкендер қатары еліміз бойынша 70 пайызға жетіп отыр, – деп хабарлады Астана арнасы. Мемлекеттік кірістер комитеті аталмыш заң салық берешегі бар жеке тұлғалар үшін көмек ретінде енгізілгенін айтады. «Салықтың негізгі сомасын төлесе, өсімпұл кешіріледі. Яғни азаматтарға жеңілдік жасалып отыр. Екіншіден салық бойынша берешегін құтылады. Сонымен қатар бұл салыққа қатысты жағдайды жақсартады», –…

Read More

Атыраудағы жылы аялдамалар қаңғыбастардың паналайтын уақытша орнына айналған. Бүгінде олардың ішіндегі құрылғылар істеп тұрғанмен, қоғамдық орынға бас сұғу мүмкін емес. Себебі, қоқысқа толы қуықтай бөлмедегі  жағымсыз иіс қолқаны қабады. Тіпті, кейбірінің есігі шытынап та үлгерген. Ал тұрғындар бұл көрініске көз үйренгенін жасырмады. Жалпы, қазынаның қыруар қаржысына сатып алынған 19 жылы аялдаманың алтауы сенімгерлік басқаруға берілген. Олар таңғы 8-ден кешкі 9-ға дейін ашық болу қажет. Дегенмен іңір үйіріле салысымен  қаңғыбастар  бас сауғалайтын орынға айналып үлгерген. ТКШ бөлімінің мамандары аялдамалардың барлығына  күнделікті тексеріс жүргізілетінін айтады. Қандай да бір кемшіліктер байқаған жағдайда жауаптыларға ескерту жасалатын көрінеді. Нұрсұлтан СӘБИТОВ, ТКШ бөлімінің бас маманы Сенімгерлік…

Read More

Ақпан айынан бері атыраулық 833 медицина қызметкері коронавирус инфекциясына қарсы екпе алды. Басқармадағылардың айтуынша, спутник ВИ вакцинациясын қабылдау кезең- кезеңімен жүргізілуде. Бүгінде екпе алғандар өздерін жақсы сезінеді. Олардың арасында қызу немесе бас аурудың белгілері байқалмаған.  Әлия БАҚТЫҒАЛИЕВА, учаскелік дәрігер Вакцина алғаннан кейін менің жағдайым өте  жақсы.  Біз 1 ақпан күні вакцинациялауды бастадық, 4 емханада ең бірінші болып мен өзім алдым. Өзімді жақсы сезінемін және де басқа адамдарға вакцина алуды ұсынамын. Өйткені корона вирустық вакцина ол біздің организімізде анти денелерді түзіп, вирусқа қарсы және оның асқынуын алдын алуға көмектеседі.  Өңірде ковид-19 дертіне қарсы екпе салатын 24 пункт бар. Ресми мәліметтерге сүйенсек,…

Read More

Атырауда жеңіл жүрісті қыздарға пәтер жалдаған азаматша жазаланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Облыстық полиция депаратментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 102 операторына Ш.Уәлиханов көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің тұрғыны жалдамалы пәтерді жалдаушылар түнгі тыныштықты бұзғаны туралы хабарлаған. «Атырау қаласындағы №2 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары түнгі сағат 02:52-де жалдамалы пәтерді алған жеңіл жүрістегі қыздар адамдарды қабылдағанын анықтады. Мұнда Түркістан қаласының 2 азаматшасы жезһкшелікпен айналысқан. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 437-бабымен (Түнгі тыныштықты бұзу) хаттамалар толтырылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. Пәтерін жалға берген 48 жастағы пәтер иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 450-бабымен (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе…

Read More

«Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов Исатай ауданының әкіміне ауданның онлайн есебінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында бірқатар тапсырма берді»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Облыс әкімі ауданда шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау жұмыстарын жандандыру, инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізу қажеттігін айтты. «Отандық мал шаруашылығының табиғи өнімдерін өндіруге Исатай ауданының мүмкіндігі жетеді. Аудан тұрғындары, негізінен, мал шаруашылығына басымдық беруде. Сондықтан, жайылымдық жерлерді ұлғайту, каналдарға су көзінің жеткізілуін қамтамасыз ету, жемшөп мәселесі және мал ауруының алдын алу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру керек. Осы мақсатта аудан әкімі мен облыстық мемлекеттік органдарға бірлесіп, Исатай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін заманауи жаңа…

Read More

Қазақстандағы тұрғын үйді жалдау құны әлемдегі ең төмен баға деп аталды. Еліміз 138 мемлекет үшін мәліметтер беретін рейтингте 107-ші орында тұр. Бұл туралы ORDA.KZ хабарлайды Қазақстан ТМД елдері арасында үшінші орында. Тек Армения (92 орын, индекс – 10,36) және Ресей (100 орын, индекс – 9,77) жоғары. 2020 жылғы желтоқсанда Қазақстанда жайлы тұрғын үйдің жалдау құны шаршы метрі үшін 1600 теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,3% қымбат. Қараша айымен салыстырғанда жайлы тұрғын үйді жалдау құны 1,2% -ға өсті.

Read More

Қазақстанның сыртқы қарызының 80% жеке ұйымдардың міндеттемелеріне түседі. Бұл туралы Ұлттық банктің төлем балансы департаментінің директоры Азат Өскенбаев мәлімдеді. Ресми мәліметтерге сәйкес, Қазақстанның сыртқы қарызы 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 160,9 млрд АҚШ долларын немесе ЖІӨ-нің 90,7% -ын құрады. Оның ішінде жеке сектордың компанияаралық қарызы – 101,3 миллиард доллар (62,9%), квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы – 20,1 миллиард доллар (12,5%), ал мемлекеттік сыртқы қарыз – 13,2 миллиард доллар (8,2%). Халықаралық тәжірибеде сыртқы қарыздың параметрлерін талдау кезінде компанияаралық қарызды алып тастау әдетке айналған, өйткені ол ең аз қауіпті болып саналады. Ақыр соңында, аффилиирленген несие берушілер қарыз алушылардың табысты қызметін жалғастыруға мүдделі және бұл міндеттемелер…

Read More

2020 жылдың төртінші тоқсанының қорытындылары бойынша қазақстандықтардың орташа айлық жалақысының мөлшері жылдық 14,3 өсімді көрсетіп, 233,1 мың теңгеге жетті. Бұл туралы   ҚазАқпарат хабарлайды. Инфляцияны есепке алғанда, нақты өсім 6,5 пайызды құраған. Салыстырмалы түрде, 2019 жылдың сәйкес, кезеңінде қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 203,9 мың теңгені құраған. Өңірлер арасында орташа айлық жалақының ең үлкен мөлшері дәстүрлі түрде Атырау облысында: 377,4 мың теңге, бұл ел бойынша көрсеткіштен жалпы алғанда 61,9 пайызға көп. Орташа айлық жалақысы жоғары аймақтар «үштігіне» сондай-ақ елорда (349,6 мың тг) және Маңғыстау облысы (337,7 мың тг) кірген. Ал төменгі жалақы Түркістан (166,7 мың тг), Жамбыл (168,8 мың тг) және Солтүстік…

Read More

Британ штамын жұқтырған америкалықтардың біріне 6-рет тест тапсырғаннан кейін ғана дұрыс диагноз қойған. Әйелінің айтуынша, Алабама штатында тұратын 35 жастағы Альфонсия Джексон көпшілік жүрген жерге бармауға тырысқан. Күнделікті тек үй мен жұмыс арасында қатынаған. Бұған қарамастан қаңтар айында оның жағдайы күрт нашарлай бастайды. Ер адамның тынысы тарылып, дене қызуы көтеріледі. WBMA-LD мәліметінше, Джексонға алдымен жасаған 5 тест оның коронавирус жұқтырмағанын көрсеткен. Тек алтыншы тестіден кейін ғана оның B.1.1.7 деп аталатын британ штамын жұқтырғаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша, ол тез таралады әрі көп жағдайда жұқтырған науқас көз жұмады. Джексон 22 қаңтар күні ауруханаға келіп түсті. Оған дәрігерлер ота жасағанымен, 2 ақпан күні…

Read More