Сіздің кемшіліктеріңізді психологиялық тесттер айтып береді Тағдырдың дегені болады. Бірақ таңдау әрқашан да адамның өз қолында. Ал сіздің таңдауыңыз қандай? 1. Егер сіз суреттен итті көрсеңіз: Адамдармен қарым-қатынас жасағанда сіз мейірімділік пен сүйіспеншілікті, адалдық пен адалдықты бірінші орыға қоясыз. Әдетте көңіл-күйіңіз сүйіктіңізге байланысты, яғни ол қуанса қуанасыз, мұңайса сізде де дәл солай болады. Сіз өзгелерден бірталай сатқындық көрсеңіз де оларға әлі де сенесіз. Сізге қауіп төндіреді деген кемшілігіңіз – үнемі асығып жүретініңіз. Асықпаған арбамен қоян алады. Асықпаңыз! Кейде кейбір әрекеттің орындалмауы сізге бақыт алып келуі де мүмкін. 2. Егер сіз суреттен мысықтарды көрсеңіз: Өміріңіздегі мақсатыңыз жайлылық пен жаныңызға ыңғайлы…
Автор: Сайт әкімшілігі
«Қазақстандықтар кредитсіз күнін көре ала ма?» деген сауалға жауап беріп көріңізші. Осыған дейін кейбір белсенділер «тойды азайту керек, несиенің басым бөлігі тойшылдарға кетіп жатыр» деп атойлаған-ды. Әлемді әбігерге салған вирус келіп, пандемия болып, той тоқтаса да халықтың несиеге тәуелділігі артпаса азая қоймады. Сөзімізге статистикаға негізделген төмендегі инфографика дәлел. Ұлттық банк дерегіне сүйенсек, қазақстандықтар тұтынушылық мақсатта алған бір жылдық (2021) несие көлемі 4,3 трлн теңгеге жеткен. Салыстырмалы түрде 2 жыл бұрын 3,3 трлн теңге болды. Той тоқтаған пандемия кезінде де халықтың несиеге тәуелділігі тоқтамапты. Бір жағы, ұлттық валютамыз теңгенің құнсызданғаны тағы бар. Қош, сонымен қай өңір тұрғындары тұтынушылық мақсаттағы несиені көп алады? Көш басында…
Жайық өзені толығымен құрғап кетуі мүмкін. Мәжіліс депутаттары ҚР премьер-министрінен мәселені шешуді сұрайды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. . Депутат Дүйсенбай Тұрғанов Жайық-Каспий бассейнінде су өте аз екенін, одан Қазақстанның батыс аймағының даму әлеуеті зардап шеккенін атап өтті. Оның пікірінше, антропогендік әрекеттер Жайық бассейнінің күйінің нашарлауына әкеледі. «Судың аз болуының салдары Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету проблемаларына алып келді. Өзен сағасындағы шабындықтар мен жайылымдардың шөлейттенуі байқалады. Ауыл тұрғындары жемшөп пен суару көздерінің жоқтығынан мал ұстай алмай отыр. Ғалымдардың айтуы бойынша, соңғы 15 жылда жайылмалы ормандардың деградациясы салдарынан уылдырық шашатын жерлердің ауданы 80 пайызға азайып, 958 гектардан…
Қаладағы дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасы тексерілді. Фармацевтикалық бақылау агенттігінің мамандары мен қоғам мүшелері шаһардағы дәріханалардың бірнешесіне бас сұқты. Олардың мақсаты – қоғамдық бақылау жүргізіп, бағаны шекті құннан асырған дәріханаларды анықтау. Рейдтік бақылау Балықшы ықшамауданындағы Махамбет және Жұбан Молдағалиев көшелерінде жүргізілді. Мониторнгтік топ жұмысы екі аптаға созылмақ. Бірақ, бүгінгі тексеріс нәтижелеріне қарап өрескел фактілердің тіркелмегенін білдік. Альфия АДИЕВА, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Атыраудағы дәріханаларда сатылып жатырған дәрілердің бағаларына қоғамдық бақылау жүргізілуде. Енді соңғы дәрілердің бағасы осы биылғы жылдың қаңтар айының 21-де бекітілген болатын. Сол тізімге сәйкес қазір бірнеше аптекаларды аралап шықтық, дәріханаларды әзірге өрескел баға көтеріп отырған дәріхана кездестірілмеді. Енді мынау…
Ақтаудағы жалғыз жасанды мұз айдыны миллиондаған қарызы үшін жабылу мүмкін. Бұл қатаң карантиннің кесірі дейді, кәсіпкер. Салдарынан көптеген кәсіп иелері зардап шегіп, шығынға батуда. Солардың қатарында Сергей Семенов та бар. Оған жалдау және несие бойынша 20 млн теңгеден астам қарыз жинақталды. Өзі де пандемияға байланысты кіріс бірден 70 пайызға төмендеп кетті дейді. Сергей СЕМЕНОВ , кәсіпкер Мұз айдыны күніне 35 000 теңгеге электр қуатын тұтынады. Біз барлық қарызды 3 немесе одан да көп ай ішінде жабамыз. Себебі, мұз айдынына келушілер 100% кіре алмайды. Егер адам саны 100 болса, біз мұзға 30 адамды ғана жібере аламыз. Облыстық Бас санитардың …
Орал тұрғыны Айша есімді қазақстандық қыздың ата-анасына 15 миллион теңге аударды. Ата-анасы қызын шетелге апарып ота жасатпақ. Бұл туралы КТК хабарлайды. Айша есімді қыз бала сирек кездесетін Спина Бифида дертіне шалдыққан. Омыртқасына зақым келген. Жүре алмайды. Бірақ оған Израиль клиникасының дәрігерлері көмектесуге уәде берді. Алайда операцияның құны 20 миллион теңге. Ата-анасы соманың бір бөлігін ғана жинап үлгерген. Осы ретте көмек күтпеген жерден келді. Орал тұрғыны бірден 15 миллион теңге аударды. “Біреу көмекке мұқтаж болып, оған көмектесе алатын мүмкіндік болса, әрекетсіз отырмау керек. Менің де Айша есімді қызым бар. Екеуі жасты. Өз қызыңдай қыздың жүре алмауы, спорт залға бара алмауы, ойнай алмауы жанды ауыртады екен.…
Қазақстандықтарға 13 ақпаннан бастап өзімен жүргізуші куәлігі мен көліктің техникалық құжатын алып жүру міндетті емес. Бұл заң күшіне енгенге дейін осы жағдаймен әкімшілік жауапқа тартылған және айыппұлы әлі төленбеген адамдарға да қолданылады. Осылайша, бұрын салынған айыппұлдар кешіріледі. Норманы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті түсіндірді. Бұл туралы Tengrinews хабарлайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 5-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін немесе оның күшін жоятын заңның кері күші болады. Яғни, заң қолданысқа енгенге дейін жасалған және оған қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы шығарылған қаулыларға да қолданылады. Оған өтелмеген құқықбұзушылықтар да кіреді. «Тиісінше, аталған құжаттардың болмағаны үшін қозғалған барлық істер, заң күшіне енгенге дейін…
Атырау, Caspian life. Жыл блогерін таңдаған жиында жұрттың тынышын бұзған жағдай болды. Карантинді пысқырмайтын әлеуметтік желіні белсенді қолданушылар кәдесыйлары мен дипломдарын арқалап, сыртқа шығарылды. Аяқ астынан үзілген іс-шара қаланың қақ ортасында орналасқан мейрамханалардың бірінде ұйымдастырылған. Мобильді топ кірген сәтте 100-ге жуық жан дастарқан басында жиналып отырған. Сән-салтанаты келісті басқосуда қонақтардан бөлек, өнерпаздарға да орын табылыпты. Басында блогерлер тапа-тал түсте топ-топ адам жинаған отырыстың суреттерін өз парақшаларына жарыса жариялаған. Оны көрген тәртіп сақшылары мен қалалық әкімдіктің қызметкерлері тойханаға бет бұрды. Енді ел көнген қаулыны елей бермейтін азаматтар заң алдында жауап беру мүмкін. Сәбит СҮЛЕЙМЕНОВ, мобильді топ мүшесі Бүгінгі күні Cұлтан Хол…
Атырау облысындағы шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы ҚАУЛЫНЫҢ толық мәтінін ұсынамыз, деп хабарлайдыCaspian Life. Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы»…
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажан Ғиният бетпердені қай кезде шешуге болатынын айтты. «Ұжымдық иммунитет қалыптасуы керек. Ол үшін халықтың 60 проценті вакцинациядан өткеннен кейін ғана маскасыз жүруге болады», — деді Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. Ал санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетованың айтуынша, ұжымдық иммунитетті 50-60 процентке жеткізу үшін 10 миллион адамға вакцина салу қажет. Ол жоспар биыл орындалмауы да мүмкін. «Қажетті вакцина болған күннің өзінде оны екі айдың ішінде 10 миллион адамға салып шығу мүмкін емес. Сол себепті ол уақыт, кем дегенде, жылдың аяғына дейін созылады. Тіпті, 2022 жылға дейін баруы ықтимал. Сондықтан ұжымдық иммунитет қалыптасқанша бетперді киіп…
