Автор: Сайт әкімшілігі

Елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің орынбасары Бақтияр Мәкенді қарамағанды қызметкерінің сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін жазалады. Бұл туралы kznews.kz хабарлайды. Қаңтар айының соңында Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Нұрлан Сыдықов ірі мөлшерде бопсалау арқылы пара алғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды. «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» заңға сәйкес Сыдықовтың үкімінен кейін бұрын басқарманы басқарған әкімнің орынбасары Бақтияр Мәкен отставкаға өтініш берді. «Әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан жұмыстардың жоғары тиімділігі мен нәтижелілігін, сондай-ақ қылмыстық іске қатысы жоқтығын ескере отырып, Бақтияр Мәкеннің отставкасы қабылданған жоқ. Соған қарамастан оған қатаң сөгіс жарияланды», — деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан әкімдігінде. Мәдениет пен спорттан басқа, Мәкен білім…

Read More

Биылдан бастап өңірде заңды тұлғалар үшін жылу тарифі  8% -ға өскен. Бұл мәлімет «Атырау ЖЭО» АҚ басшылығы  мен табиғи монополияларды реттеу комитетінің  кәсіпкерлермен кездесуінде белгілі болды.  Бірнеше айдан бері жылу түбіртегіндегі баға қалтаны қаққанымен қоймай, онсыз да жығылған кәсібімізге жұдырық болып отыр дейді кәсіпкерлер. Нұрия КЕРЕМҚҰЛОВА, кәсіпкер Мен ай сайын 50-60 мың, ең көбі 80 мың теңге төлейтінмін. Қараша айында  57 мың, желтоқсанда 110 мың, қаңтарда 176 мың теңге төлем жасадым. Неге бұлай? Айтса-айтқандай тариф құны өскен. Ең қызығы, бұл жөнінде кәсіпкерлерге бір ауыз ескертілмеген. Наразылардың сөзінше, мағлұмат еш жерде жарияланбапты. Ал монополистер болса қоғамдық тыңдау өткізіліп, тіпті ақпараттың сайтқа…

Read More

«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, 12ақпан сағат 20.00-ге дейін Атырау облысының аумағында тұман күтілуде. Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: Тұман кезіндегі шақтық шаралары: — ауа-райының өзгеруімен және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалап отырыңыз; — жаяу жүргіншілер белгіленген жерден ғана өтуі қажет; — жүргізушілерге жолға шығуға тура келген жағдайда, тұман аумағында жылдамдықты бәсеңдетіңіз; — жолдағы көрініс 2 метрден аспайтын болса, қозғалысты тоқтатуыңыз қажет; Жолға шықпас бұрын қозғалысты аз жылдамдықпен ақырын бастаңыз. Мектеп жанында, көпірде, көше қиылыстары мен бұрылыстарында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жылдамдықпен жүріңіз. Қозғалыс кезінде көліктер арасындағы қашықтықты әдеттегіден алысырақ ұстау қажет.Сонымен қатар автокөлікпен алыс жолға шығуды…

Read More

Мәдениет үйінің қызметкері құмар ойын үшін мемлекеттік мекемеге тиесілі музыкалық аспаптарды ломбардқа тапсырған. Бұл арқылы ол 70 миллион теңге көлеміндегі ақшаны қолына алды. Ол өзінің қателігін түсінген бойда болған жайтты директорына айтуға шешім қабылдапты. Бірақ қазір ағынан жарылған дыбыс режиссерына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Барлық аспап қаладағы мәдени шараларды ұйымдастыруға арналған. Қызметкер карантиндік шектеулерде үлкен іс-шараларға тыйым салудың арқасында бес ай бойына осы істі дөңгелетіп отырған. Енді сот шешіміне орай мәдениет қызметкері алдағы 7 жылын темір торда өткізеді.  Боранбай ҒАЛИЕВ, Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Атырау облысытық шығармашылық орталығының дыбыс режиссері өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп, талан-таражға салғаны үшін, ҚР…

Read More

Батыс Қазақстан облысында жол апатына ұшыраған екі көліктен 24 қап балық табылды. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 11 ақпан күні Орал-Атырау жолы бойында Ақжайық ауданы аумағында болды. Жол жүру ережесін сақтамаған жүргізушілер рульге ие бола алмай, «Тойота Прадо» және «LEXUS LX 470» көліктерінің жол жиегіне аударылып қалуына жол берген. Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері екі автокөліктің салонынан тиісті құжаттары жоқ 24 қап қара балықтарды тапты. Балықтың нақты салмағы сараптамадан кейін белгілі болады. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 196-бабына (көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу) сәйкес…

Read More

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 104 мыңнан астам азаматтан өтініш түсті. Бұл мүмкіндікті 700 мыңға жуық қазақстандық қолдана алады  Қазақстандықтар 350 миллиард теңгеге жуық соманы мерзімінен бұрын алды, деп хабарлайды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі. 10 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға «Отбасы банк» пен «Қазақстанның Халық банкі» (операторлар) арқылы 104 076 өтініш түскен. Зейнетақы қорында жеткіліктілік шегі бар азаматтар баспана жағдайын жақсартпақ. Осы өтініштердің 6,8-і өңделіп жатыр. Операторлар шотына 36,8 миллиард теңге жіберіледі. 32,8 мың өтініш заңнама талабына сай келмегендіктен, қарастырылмайды. Жалпы сомасы 350 миллиард теңгеге 64,3 мың өтініш мақұлданды. Төлемнің орташа сомасы — 5,4 миллион теңге.  Өтініш саны бойынша әлі…

Read More

Қазақстанда халық санағы жүргізілгелі жатыр. Осы ауқымды науқан аясында елді-мекендердің құрамдас бөліктерінің атауларын өзгертуге белгілі бір мерзімге мораторий енгізу ұсынылды, деп хабарлайды zakon.kz. Бұл ұсыныс ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының халқының ұлттық санағы жөніндегі 2021 жылғы арнайы комиссияның алғашқы отырысында айтылды. «Санақтың сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету үшін 2021 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, қайта құрылымдау және жою және елді-мекендердің құрамдас бөліктерінің атауын өзгерту бойынша ұсыныстарға мораторий енгізу мәселесі қарастырылды», делінген құжатта. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының елді-мекендерінің құрамдас бөліктеріне — шағын аудандар, қаладағы аудандар, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, жолдар, саябақтар,…

Read More

Проблемалық қарыздардың сотқа дейінгі тәртібін күшейткеннен кейін осы санаттағы кредиттер бірден коллекторларға берілмеуі мүмкін Жақында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады. Кездесу кезінде қарызға батқан жеке тұлғаларды оңалту, кредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемесін реттеу және проблемалық қарыздардың сотқа дейінгі тәртібін күшейту жайында айтылды. Осының бәрі биыл енгізіледі деген жоспар бар. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.  Заңның қабылданғанын қаламайды Қаржыгер Расул Рысмамбетовтың ойынша, қарызға батқан жеке тұлғаларды оңалту аясында көптен бері талқыланып жатқан  «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң қабылдануы мүмкін. «Ақыры осы заңды қабылдау жайында айтылған сияқты. Меніңше, «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң…

Read More

Атыраулық полицейлер 364 дана киік мүйізін тәркіледі. 6 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Атырау облысы ПД криминалдық полиция басқармасы мен балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Атырау қаласындағы Геолог ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында жергілікті тұрғындарға тиесілі екі көлік ішінен 364 дана киік мүйізін тауып, тәркіледі. «ВАЗ-21014» автокөліктердің бірінен 200 дана киік мүйізі және еш жерде тіркелмеген қос ұңғылы «ТОЗ-16» маркалы аңшы мылтығы табылды. Ал екінші көліктен 164 дана киік мүйізі мен рұқсат құжаттары жоқ 4,5 калибрлі «Байкал МР-512″ маркалы қару тәркіленді», — делінген хабарламада.

Read More