Автор: Сайт әкімшілігі

Егер елдің әл-ауқатын жөндемесе, бір күнде көтерілуі мүмкін Қазақстандық саясаттанушы Мақсат Нұрғалиевтің айтуынша, қазір халық жаппай көтерілудің, билікке ашуын шығарудың алдында тұр. Өйткені елдің табысы күннен күнге азайып, әл-ауқаты нашарлап барады. Мұны ол Эхо Казахстан-ға берген мақаласында айтқан. Саясаттанушының жазуынша, елді қымбатшылық басып, мемлекет экономикасы құлдырап кетті. Халық табысының жартысын тамаққа ғана жұмсауға мәжбүр. Ал үкімет белгілеп берген ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 пайыз төмендеп, тұтыну кәрзеңкесін қанағаттандырудан қалды. Оның айтуынша, ел үкіметі халықтың әлеуметтік көрсеткіштерін тағы бір қарап, заманауи тұтыныс жағдайын қайта реттеуі, халықтың әл-ауқатына сай келетіндей етіп шақтауы тиіс. «Ең төменгі күнкөріс деңгейі әрбір азаматтың аш қалмауына септігін…

Read More

Тойхана иелері  кәсібін бизнестің басқа саласына  ауыстыруы қажет. Эпидемиолагтар мен қоғамдық тамақтану қауымдастығының мамандары мейрамхана қожайындарына дәл осындай кеңес беруде. Бәрімізге мәлім, карантин басталғалы той бизнесі тоқтады. Зәулім мейрамханалар түбегейлі жабылды. Алдағы тағы екі-үш жылдықта ашылмайтыны белгілі. Сондықтан,  уақытты босқа өткізбей кәсіптерін басқа салаға бағыттауы қажет дейді, қалалық Бас санитар. Әсима ЖАРЫЛҒАСОВА, Ақтау қаласының бас санитар дәрігері Аударма: Еліміздің және облыстың бас санитар дәрігерлері қаулыларын өзгерткенімен, карантин талаптарын жеңілдетіп, мейрамханаларды ашқанымен жағдай өзгермейді. Өйткені шектеу шаралары түбегейлі алынып тасталмайды. Соны ескеріп, той бизнесінен бас тартатын уақыт жетті. Басқа салаға бейімдеу қажет. Бұл мәселе кәсіпкерлер палатасында көтерілді.  Алайда, іскерлер саланы ауыстыру…

Read More

Атырауда медицина қызметкері жасөспірімдер төбелесін полиция қызметкерлерінен жасырған. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды. Атырау облысының полицейлері 12-14 ақпанда «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп, бірқатар заң бұзушылықты анықтаған. «Іс-шара кезінде 88 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 82 ата-ата мен 6 жеке тұлға жауапкершілікке тартылды. Ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған 79 жасөспірім әкелінді. Сондай-ақ, 2 оқушының төбелесуі салдарынан аудандық ауруханаға жүгінгені белгілі болды. Төбелескен оқушыларды медицина қызметкері қараған. Бірақ, денсаулық сақтау саласы қызметкерінің әкімшілік құқықбұзушылық дерегін полиция органдарына уақытылы хабарламағаны анықталып отыр. Осыған орай медицина қызметкеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, ювеналды…

Read More

Атырау қаласында мұнай өнімдерімен ластанған бұрынғы «Ақжайық» жуу-булау станциясының аумағы тазартылады. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды. Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір станция аумағында арнайы техникамен тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр. «Қазақстан темір жолдары» АҚ өкілдері 1 наурызға дейін «Ақжайық» ЖБС аумағын мұнай өнімдерінен тазартып, ластанған топырақ пен қалдықтарды бетондалған бассейндерге жинап, кейін шығарады. Аталған мерзімге дейін станция аумағындағы атқарылып жатқан жұмыс қадағаланатын болады» — дейді департамент басшысы Әлібек Бекмұхамбетов.

Read More

Қазақстанда үкімет бекіткен тұжырымдама бойынша Наурыз он күн бойы тойланбақ. Мәдениет және спорт министрлігі мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ашық НҚА» порталына «Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын бекіту туралы » үкімет қаулысының жобасын әзірледі және орналастырды. Жобада Наурыз мейрамын тойлауға байланысты іс-шараларды 10-24 наурыз аралығында 10 күн өткізу жоспарлануда. Тұжырымдаманы іске асырудың тетіктері келесідей болады: 14 наурыз – «Көрісу күні» 15 наурыз – «Жайлау күні» 16 наурыз – «Шежіре күні» 17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні» 18 наурыз – «Игі істер күні» 19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік күні» 20 наурыз – «Зияткерлік күні» 21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні» 22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні» 23…

Read More

АҚШ-тың Орегон штатында екі доза вакцина алған кем дегенде төрт адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Американың NBC медиа-компаниясы хабарлаған. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналындағы мәліметтерге қарағанда, адамдарда SARS-CoV-2-ге оң тест вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін 14 күннен кейін анықталған. Вирус жұқтырған төртеудің ауруы симптомсыз өткен. Ал Францияның «Sanofi» фармацевтикалық концернінің жетекшісі американдық Translate Bio компаниясымен бірлесіп жасап жатқан COVID-19 қарсы вакцина биыл нарыққа шығарылмайтынын мәлімдеді. Бұған дейін «Sanofi» вакцина 2021 жылдың екінші жартысында қолдануға рұқсат алады деп жоспарланған. Оксфорд университеті 6 мен 17 жас аралығындағы балаларға «AstraZeneca» вакцинасын сынақтан өткізетінін хабарлады. Алдыңғы сынақтар оның…

Read More

Атырау облысында 150 қойымен бірге жоғалып кеткен егде жастағы адам табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Коронавируспен күресте Қазақстан Қытай вакцинасын да сатып алуы мүмкін. Қазір келіссөз жүргізіліп жатыр. Ал наурыз айының соңында қолданысқа шығуы тиіс отандық екпеге әлемнің ешбір елінен тапсырыс түспеген. Дегенмен мамандар шетелден бұрын, өз тұрғындарымызды вакцинамен қамтыған маңыздырақ деп отыр. Бұл туралы КТК арнасы айтты. Жаннат Сатыбалдиева, ҚР ДСМ Халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі: – Қазақстан вакцинасына әзірге тапсырыс түспеген. Тіпті өз еліміздегі тұрғындардың басым көпшілігін егу мәселесі тұрғанда, шетелге сату жағы қисынсыз. Оның үстіне шетелдіктерден тапсырыс түсе қалса, өндіріс қуатын арттыру мәселесі туады. Әлемде Сovid-19-ға қарсы…

Read More

Алдын ала болжам бойынша, олардың бірі күзетші болып істеген, қалғандары иесіз цехтың металл конструкцияларын бұзумен айналысқан Шымкентте «Ордабасы» индустриалды аймағында бес қабатты ғимарат опырылып құлады, үш адам қаза болды. Жазатайым оқиға туралы хабар ТЖД пультіне сенбі, 13 ақпан күндіз түскен. Еңбекші ауданында Қапал батыр тас жолында орналасқан «Ордабасы» индустриалды аймағында қараусыз қалған ғимарат құлады, деп жазады «Отырар» басылымы. Бес қабатты ғимараттың 625 шаршы метр аумағында темір-бетон плиталарының жабындысы опырылды. Ғимарат қараусыз қалған, жалпы ауданы – екі мың шаршы метр. Оқиға орнына жедел құтқару жасағы, кинологиялық есеп пен апаттар медицинасы орталығының бригадасы тартылды. Кинологтар үйінді астынан үш ер адамның (1967, 1992 және 1999…

Read More

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда халық саны 245,0 мың адамға немесе 1,3% өсті 2021 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда халық саны 18 миллион 877 мың 100 адам болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы. «2021 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша еліміздегі халық саны 18 миллион 877,1 мың адамға жетті, оның ішінде қалалықтар – 11 миллион 149,7 мың (59,1%), ауылдықтар – 7 миллион 727,4 мың адам (40,9%)», — делінген хабарламада. Ресми  сәйкес, өткен жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда халық саны 245,0 мың адамға немесе 1,3% өсті. «2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында ең көп жалпы өсім елдің 3…

Read More

Бүгін, 13 ақпан қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін өзімен бірге алып жүрмеуге рұқсат ететін жаңа заң күшіне енді Бүгіннен бастап қазақстандықтар өзімен бірге жүргізуші куәлігін алып жүрмесе де болады. Жаңа заңның талаптары бойынша тек жеке куәлікті ғана ұстауға рұқсат берілген. Полицейлер қалған құжатты ақпараттық база арқылы тексереді. Бұдан бөлек, кейбір жүргізушілер бұған дейінгі айыппұлдан босатылады. Бұл туралы Sputnik Kazakhstan хабарлайды. 1.  Жеке куәліктің фотосын көрсете салуға бола ма? — Бүгінде Қазақстанда цифрлық құжаттар қызметі жақсы дамыған. Алайда жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңнамаға сәйкес, әзірше осы санаттағы құжаттарға материалдық объектілер, яғни, қағаз үлгісіндегі құжаттар ғана жатады. Сондықтан жол полициясына жеке куәліктің фотосын…

Read More