Досаевтың айтуынша, өтінім иелерінің 87 проценті қаражатты тұрғын үй мәселесін шешуге жұмсайтындығын көрсеткен Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алуға қанша қазақстандық өтінім бергенін айтты. Бұл туралы Sputnik.kz хабарлайды. Айтуынша, 12 ақпандағы жағдай бойынша 1 триллион 855,9 миллиард теңгеге 115 608 өтінім қабылданды. Оның ішінде 423,6 миллиард теңгеге 78 074 өтінім өңдеуге қабылданып, мақұлданды. «12 ақпанда БЖЗҚ 75 186 өтінім бойынша 408,2 миллиард теңге зейнетақы төлемдерін аударды», – деді Досаев үкімет отырысында. Қазақстандықтар жинақтың 87%-ін тұрғын үй мәселесін шешуге, оның 45,5%-ін – баспана сатып алуға (ипотекасыз); 28,3%-ін – ипотекалық қарыз бойынша берешекті өтеуге; 10,5%-ін екінші деңгейлі…
Автор: Сайт әкімшілігі
Өткен айдың қорытындысы бойынша 1 миллион тонна мұнай өнімдері өндірілді, жоспар 90,5% орындалып отыр 2021 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі төмендеген. Соған қарамастан, елде жанар-жағармай тапшылығы болмайды. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. Оның айтуынша, өткен айдың қорытындысы бойынша 1 миллион тонна мұнай өнімдері өндірілді, жоспар 90,5% орындалды. Автобензин бойынша көрсеткіш – 410 мың тонна, яғни қаңтар айының жоспары – 91,2%. Өндірілген дизель отынының көлемі 326 мың тонна, бұл 77%. Әуе отыны бойынша көрсеткіш 35 мың тоннаға тең, яғни 91,4%. «Аталған көрсеткіштердің төмендеу себептері мынадай: осы жылдың 10-18 қаңтар аралығында Атырау…
Алдыңыздағы суреттегі үйшіктердің бірін таңдап, сіздің отбасыңызды жақын арада не күтіп тұрғанын біліңіз. Суреттерге асықпай зер салып қараңыз, өзіңізге ұнаған үйшікті таңдаңыз. Сіз таңдаған үйшік отбасыңызда жақын арада болатын жаңалықтың жаршысы болмақ. Таңдасаңыз, іске сәт! Ескерту! Бұл тек психологиялық болжам ғана. Ақиқаты тек Аллаға ғана аян екенін ұмытпаңыз. Жақсы сөз — жарым ырыс! №1 Үйшік Бірінші үйшік көзіңізге оттай басылса, сіздің отбасыңыздың мүшелері өте қарапайым жандар. Сол себепті де ешкімді қараламайтын, адамдарды алаламайтын жақсы қасиеттері бар. Үлкендерді сыйлау, отбасылық құндылықтарды бағалау сіздің отбасыңыздағы басты ұғым. Алдағы уақытта отбасыңызда болатын жақсы жаңалықтардың бірі де — үйіңіздегі үлкендердің біріне қатысты болмақ. Бәлкім…
Криттегі Ираклион ауруханасында 85 жастағы ер адам COVID-19 қарсы вакцина салған соң, араға 8 минут салып көз жұмды. ERT арнасының мәліметінше, қария вакцина салған соң қабылдау бөлмесінде отырған. Кенеттен араға сегіз минут салып ол жерге құлап түседі. Дәрігерлер көмегіне қарамастан ол көз жұмды. Алдын ала бағалау бойынша, оның өліміне вакцинаның, аллергиялық анафилактикалық шоктың қатысы жоқ. Дәрігерлер бар болғаны оның өлімінің вакциналау кезімен тұспа-түс келгенін айтады. Алайда өлімінің нақты себебін анықтау үшін дәрігерлер соттық-медициналық сараптама жүргізуді талап етті. 27 желтоқсаннан бері Грецияда вакциналау басталды. Қазір күн сайын 20 мың адамға вакцина салынып жатыр.
Қазақстан Ресейдің төрт аймағынан шошқа өнімдерін әкелуге және транзиттеуге уақытша шектеулерді алып тастады. Бұл туралы ORDA. хабарлайды. Ресей Федерациясының Саратов облысы арқылы үш елдің және ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің гүлденген аумақтарынан шошқа өнімдерінің транзитіне бұрын қойылған шектеу де жойылды. Тыйым салу шарасы африкалық шошқа безгегі ауруының тіркелуіне байланысты күшіне енді. Тюмень, Челябі және Астрахан облыстарынан шошқа өнімдерін, тірі шошқаларды Қазақстанға жеткізуге тыйым салу күшінде қалады. Осы субъектілерде соңғы 36 айда ASF ошақтары тіркелмегенін атап өткен жөн. ЕАЭО заңнамасы, сондай-ақ халықаралық заңнамалар бұл жағдайда шектеу шараларын жоюды қарастырады. Сонымен қатар, Ресейдің бірқатар облыстарынан Қазақстанға мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге уақытша шектеулер енгізілді. Онда құс тұмауы, Ньюкасл ауруы,…
Атыраулық кейуананың басына бұлт үйірілді. Оған баспанасынан айырылу қаупі туып отыр. Бұған себеп – бірнеше жыл бұрын бауырына көмектесу үшін алынған несие. Ұзын сөздің қысқасы, пәтерін кепілге қойып, банкке қарызданған зейнеткер соттан бір шыққан. Алғашқы 9 айда айқай‐шусыз төлем жасап келген жақыны кейін борышын төлеуді біржола доғарған көрінеді. Шолпан ДҮЙСЕНБАЕВА,Атырау қаласының тұрғыны Үйді кепілдікке салдым. Сіңілім қайтты. Бірақ қайтарының алдында күйеуіне, балаларына айтылған. Мына үй апамның кепілдікке берген үйі , төленсін, апам далада қалмасын деп. Ал енді сол сіңілім қайтқаннан кейін қарсылық білдірді. Біз төлемейміз, біздің төлейтін жағдайымыз жоқ деген сияқты. Күні бүгінге дейін төленген жоқ. Қанша сотқа барсақ та…
Атырауда әуесқой балықшылар Жайық өзеніне қатқан мұз үстінде «Jerusalema» әуеніне биледі. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Жайық өзенінің экологиялық ахуалына алаңдаушылық білдірген еді. Мемлекет басшысының бұл алаңдаушылығына Атыраудағы жергілікті белсенділер қолдау көрсетті. Соның бірі — Жандос Әлимағанбетов Жайық өзенінің суы ортайып, экологиялық апаттың алдында тұрғанына қатысты пікірін айтты. «Біз мұз үстінде «Jerusalema» әуеніне билеу арқылы Жайық өзеніне назар аударуды жөн көрдік. Мұз үстіндегі биге Атырау қаласының жанашыр тұрғындары, @caspian_fishermen_atyrau тобының балықшылары мен еріктілер қатысты. Осындай ерекше әдісті таңдап, батыс аймақтағы тұрғындардың тіршілік нәріне айналған өзенге деген жанашырлығымызды білдіруді көздедік» -дейді ол. Атыраулық жастар Жайық…
Атырау облысында есірткімен ұстаған полицейлерді құрықтау сәті түскен видео әлеуметтік желіде тарап жатыр. Құқық қорғау өкілдерін қылмыс үстінде ұстау туралы дүйсенбі күні yyedilov Telegram – каналында айтылды. «Атырау облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының техникалық қадағалау бөлімінің қызметкерлері Данияр Қанатов пен Роман Аймағамбетовтың есірткі заттарымен ұсталуы» , – деген видео жарияланды.
«Отбасы банк» АҚ-ның («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 1 490 800 салымшысы мемлекеттен жалпы сомасы 50 млрд теңгеден астам сыйлықақыға қол жеткізді. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды. 111 120 теңге көлеміндегі ең жоғарғы мемлекеттік сыйлықақыны банктің 317 756 клиенті алды. Бұл салымшылар 2020 жылы шоттарына кемінде 555 600 теңге, яғни 200 айлық есептік көрсеткішке тең қаражат жинаған. Депозитіне одан да жоғары қаражат сомасын аударған клиенттер сыйлықақы төленбеген жинақ сомасы бойынша 20 пайыздық мемлекеттік бонусты 2021 жылдың нәтижесі бойынша алады. «Отбасы банк» – салымшылары мемлекеттік сыйлықақы алатын Қазақстандағы жалғыз банк. Жыл сайын бұл сыйлықақының көлемі артып келеді. Мысалы банк жұмысын бастаған алғашқы жылы оның көлемі 10 464…
Жергілікті халық Жайықтың тағдырына алаңдаулы. Өткен жексенбіде балық аулауға шыққан тұрғындар ау қайырған сәтте келеңсіз көріністің куәсі болған. Сол жерде түсірілген видео әлеуметтік желіге тарап, әлеуметтің түсініспеушілігін тудырған еді. Ақпараттың Индер ауданына қарасты жерде болғаны расталып отыр. Бейнежазбада балықшылар судың өңі бұзылып, ау құралдарының қою-қара түске боялғанын айтып дабыл қаққан-ды. Айдың-күннің аманында ағайынды алаң көңілге қалдырған осынау жағдайға байланысты жергілікті билік құзырлы орындармен бірлесіп тисіті зерттеу-зерделеу жұмыстарын қолға алуда. Гүлнар ҚУАНЫШЕВА, Ұлттық сараптама орталығы Атырау облыстық филиалы Индер аудандық бөлімшесінің директорының міндетін атқарушы Осы мәселе бойынша су сынамасы алынды Жайық өзенінен.Зерттеу жүргізіліп жатыр. Үш күннің ішінде қорытындысы шығады. Осы жағдайға…
