Автор: Сайт әкімшілігі

Бұл 453 кәсіпкердің​ жобасы үшін берілген несие сомасы. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ «Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы шеңберінде 453 кәсіпкердің жобасы 28 млрд. 600 млн. теңгеге несиеленді. Сол арқылы 670 жаңа жұмыс орны ашылады» деп атап өтті аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Атап өту керек, пандемия ушыққан кезде​ 22 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілеріне…

Read More

«Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. «Өткен жылы облыста 5 мың 984 пәтер берілді. Оның ішінде, былтыр ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ коммуналдық тұрғын үй қорынан 759 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді. ​ «Шаңырақ» пилоттық ​ жобасы мен «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы 432 отбасы баспаналы болды. Қазіргі таңда облыста 2 436 пәтерлік 41 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр» деп нақтылады​ аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

Read More

Бұдан басқа, биыл 3 мектеп пен 6 балабақшаның құрылысы басталады. Оның ішінде, Атырау қаласы «Көктем» ықшам ауданындағы​ 160 орындық балабақша мен Индер ауданы Есбол ауылындағы 320 орындық мектептің құрылысы бар. ​ «Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. «Құрылысы жүріп жатқан 8 балабақша және 5 мектеп биыл аяқталады. Нәтижесінде 3 170 бүлдіршін балабақшамен қамтылып, 4 мыңнан астам бала жаңа мектепке барады» деп атап өтті Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов. Атап өту керек, былтыр мектепке дейінгі 9 ұйым ашылып, 2 мектептің құрылысы аяқталды.​ Нәтижесінде 1 360 сәби…

Read More

Сонымен бірге, аймақта 10 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтті. «Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. «Мәселен, Құрманғазы ауданында 75 орындық орталық аурухана салынды. Облыстық кардиологиялық орталыққа 50 орындық жапсарлас ғимарат тұрғызылды. Атырау қаласында модульдік аурухана пайдалануға берілді. Бірқатар ауылдық елдімекендерде амбулаториялар іске қосылды. Ауылдық елді мекендердің тұрғындарын қамту үшін 5 жылжымалы медициналық кешен жұмысын бастады. Былтыр жедел медициналық жәрдем қызметіне 46, осы жылдың басында 20 жаңа автокөлік берілді. Осылайша өңірдің аталған қызметі қажетті көлікпен 100 пайыз қамтылды. Сондай ақ, өткен жылы халық алдындағы есебімде…

Read More

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Caspian Life. Қайғылы хабарды Qazaqstan ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі таратты. «Бүгін таңертең қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті. Нұртілеу Иманғалиұлы «Құрдастар», «Жастар дауысы», «Арай», «Жадыңда ма, жолдас», «Айна», «Жас жігер»,«Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Діңгек», «Көршілер», «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды» делінген хабарламада. Нұртілеу Иманғалиұлы 1952 жылы 1 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Қазақ телевизиясында тілші, редактор, аға редактор, комментатор, бас редактор, саяси шолушы, директордың орынбасары, «Хабар» агенттігінде модератор-жүргізуші, одан кейін Үкімет кеңсесінде сектор меңгерушісі, Президент Әкімшілігінде бас маман болып істеген.…

Read More

«Ашаршылық тек қазақ халқының ғана басына түскен нәубет емес, бұл барша адамзаттың алапат гуманитарлық қасіреті деп айтуға болады. Сол себепті, ашаршылық тақырыбын саясиландырмай, ең алдымен, оған ғылыми тұрғыдан қарағанымыз абзал», – деді сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Астанада өткен 1921-22 жылғы ашаршылықтың 100 жылдығы мен 1931-33 жылдардағы ашаршылықтың 90 жылдығына қатысты отырысында. Сенат төрағасының ойынша, ашаршылық совет өкіметі құрамында болған елдердің бәрін де болған. «Соның салдарынан Қазақстанмен қоса, Украина, Беларусь, Молдова, Ресейдің бірнеше аймағы, оның ішінде Еділ бойы, Солтүстік Кавказ халқы аштыққа ұшырады. Ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, 30-жылдардағы аштықта Кеңес Одағында жеті миллионнан астам адам көз жұмған. Осы тұрғыдан алғанда, аштықты белгілі бір ұлтқа қарата…

Read More

Ақтаулық тәртіп сақшысының абыройы айрандай төгілді. Жезөкшелерге қамқорлық танытып келген полицейдің ісі сотта қаралып, үкім шықты. Енді ол алдағы 4 жылын темір тордың ішінде өткізбекші. Сонымен қатар, инспектормен иық тіресе жұмыс істеген жеңгетай да 3 жылға сотталды. -Сотталушы К. өзінің байқауындағы аумақта Н.-ның заңсыз іс әрекетін жүзеге асыруына ықпал етіп, қамқорлық көрсетіп, одан 15 000 тг пара алған. Нәтижесінде карантиндік шектеулерге қарамай, притонда адамдардың жиналуына жол беріліп, короновирус инфекциясының тез таралып, адамдырдың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген, деді Ақтау қалалық сотының судьясы Аралбай НАҒАШЫБАЕВ. Полицейдің бұл қылмысы былтыр төтенше жағдай кезінде анықталған еді. Жарты жылға созылған іс бірнеше тәртіп сақшысының…

Read More

Теңіз кен орнында мұнай өндіру көлемі азайды. Оған себеп – Атырау мұнай өңдеу зауытының электр қуатындағы ақау. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. Жалпы, Теңіз жобасы бойынша 2 млн тоннадан астам мұнай өндірілді, яғни бұл жоспарланған көлемнен 4 процентке аз. Жаңбырдың кесірінен жабдықтардың ылғал тартуы электр қуатының ажырауына әкеп соқтырған. Екінші деңгейлі зауыттағы апаттық жағдай осылайша өндіріс көлемінің шектелуіне жеткізді. Осыған байланысты Энергетика министрлігі тексеріс жүргізуді бастап кеткен. Ал АМӨЗ-ге келер болсақ, мұнда авиаотын өндіру бойынша жоспарланған көлем 9 пайызға кем орындалған. Мұнай мен мұнай өнімдерін шығару көрсеткіштерінің төмендеуіне қарамастан, Ноғаев ішкі нарықтағы қордың тұрақты қалыпта екенін жеткізді.

Read More

Атыраулық полицейлер есірткімен ұсталды. Әлеуметтік желіде тараған бұл видеода айыптылардың аты-жөні мен лауазымы анық айтылған. Атырау – Доссор тасжолында тыйым салынған заттарды заңсыз тасымалдаған полиция департаментінің екі қызметкері жедел іздестіру іс-шаралары барысында құрықталған. Бейнежазбадан көліктің жүксалғышындағы дөңгелекке мұқият жасырылған күмәнді заттарды байқауға болады. Видеоға қатысты түсінік берген полиция департаменті аталған деректі растады. Ұсталған екі полицейдің бірі еңбек демалысында, ал екіншісі қызметте жүргенін айтты. — Аталған дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Басқа ақпарат жария етілмейді, — деді  Атырау облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ерген ТӨЛЕМІСОВ. 

Read More

Ресейлік «Спутник V» вакцинасын 1000 медицина қызметкері қабылдады. –  1 ақпанда Атырау облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация басталды. Бүгінде вакцинациялаудың бірінші кезеңі аяқталды. Бірінші медицина, мемлекеттік қызметкерлер және санэпидқызмет мамандары арасында жүргізілді. Қалада 725, аудандарда 273 адам вакцинацияланды. Вакцинацияланғандардың арасында ауруханаға жатқызу жағдайлары тіркелген жоқ, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Read More