Автор: Сайт әкімшілігі

Ақшалай төлемді «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр ана», «Ана Даңқы» ордендерімен марапатталғандар да ала алады. Халықаралық әйелдер күніне орай ШҚО-дағы көпбалалы аналарға ақшалай төлем беріледі. Қаржылай көмек төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған әйелдерге тағайындалады. Бұл туралы Айқын газеті хабарлайды.  «Сондай-ақ, ақшалай төлемді «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр ана», «Ана Даңқы» ордендерімен марапатталғандар да ала алады. Төлем мөлшері 5 АЕК (14 585 теңге) құрайды. Бұл атаулы және мерекелі даталарға арналған төлем категориясы», – деп хабарлады ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының әлеуметтік төлемдер бойынша бөлім басшысы Бұлбұл Балабекқызы.  Мемлекеттік көмек 8 наурыздан…

Read More

Ақтау қаласындағы ірі гипермаркеттер желісінің қызметкерлері жұмыс орнының тамағынан уланып қалғанын айтып, әлеуметтік желіде видеожазба жариялады. Бұл туралы Mangystau Media хабарлайды. Біз «Дина» гипермаркетінің қызметкерлеріміз. Гипермаркетте барлық жұмысшыға түскі және кешкі ас беріледі. 1 ақпан күні жұмыста түскі ас іштік. Сол тамақтан уланып қалдық. Гипермаркеттің менен басқа тағы 3 жұмысшысын ауыр жағдайда инфекциялық ауруханаға жеткізді. Мамандар бізге «сальмонелла» диагнозын қойды. Әлі үш ай осы диагнозбен тіркеуде тұратынымызды айтты. Ал гипермаркет басшылығынан біздің халімізді ешкім сұрамады. «Дина» гипермаркетіне шара қолданылуын сұраймыз, — дейді шағымданушылардың бірі. Біз «Дина» супермаркеттер желісінің иесі Асхат Қабиевке хабарласқан едік, алайда ол кейін жауап беретінін айтты. Ал…

Read More

Атырау облысы – тағы да соңғы орындарда. Бұл жолы осы жылдың қаңтарында игерілмеген бюджет бойынша көтерем күйге түскен. Бұл айда мұнайлы өңірдің шығыстары 92,6% болды, яғни 1 млрд 97 млн теңге игерілмей қалды деген сөз. Ал қаржы басқармасындағылардың айтуынша, мұның нақты себептері бар. Игерілмеген қаражаттың негізгі бөлігі қаңтар айынан бастап облыстық басқарманың қарамағына өткен Білім және спорт мекемелеріне тиесілі. Көшудің өзі қржының қозғалыссыз қалуына себеп болған. Ақшаға қатысты жоспардың кешіктірілгені де соған байланысты көрінеді. Мамандардың айтуынша, қазір 1 миллиард 97 миллион теңге көлеміндегі қалдық толығымен игеріліпті. Қаржы министрінің мәлімдеуінше, 2021 жылдың қаңтар айында республикалық бюджеттің шығыны 1 трлн 212 млрд…

Read More

1 наурыздан бастап Қазақстандағы ломбардтар мен микроқаржылық  ұйымдар жаңаша жұмыс істейді. Енді үстеме пайыздар мен шағын шрифтерге, яғни көзге көргісіз жазуларға жол жоқ. Ал бұл шартқа келіспеймін деушілерге лицензия берілмейді.  Бір сөзбен айтсақ, бұдан былай шағын несие үлестіретін мекемелер тұрақты түрде есеп беретін болады.  Осыдан кейін  халықтың қаржылық сауаты аз да болса артады деген үміттеміз дейді Айдос Ибраймов.  Айдос ИБРАЙМОВ, заң магистрі Негізі шартқа сәйкес, екіжақты келіседі. Алайда тұтынушы ретінде қарызға алушы шартты оқымай оның пайыздық көлемін оқымай жатады. Білмегендіктен несиені алып қалады. Алған уақытта оның көп көлемде екенін біліп отыр. Алайда микрокредиттік мекемелер олар өздері пайда көргісі кледі.Сондықтанда бұны…

Read More

Суреттен өзіңізге ұнайтын стақан таңдап, нөміріне сәйкес сипаттамасын оқыңыз, мүмкін сіз туралы жазылған болар. 2-3 стақанды таңдасаңыз да болады. Ал, кеттік. Сіз өзгелерден өзгерексіз, үнемі көңілді жүресіз, адамдармен тез араласып кетесіз. Басқалардан тек жақсылықты көріп, жағымды ойлар ойлайсыз, бұл өзіңіз үшін де жақсы. Жануарларды жақсы көресіз, қызықты фильмдер көріп, әңгіме-дүкен құрған да ұнайды. Романтикалық кештерге қарағанда, жақынмен өткізген жарты сағатты артық көресіз. Санға қарағанда сапаны жоғары қоятын адамсыз. Әдепті жансыз, күнделікті қайталанатын әдетіңізді бұзғандарды ұнатпайсыз. Сырт көзге өзіңізге сенімді көрінесіз, бірақ іштей өзін-өзі бағалау деңгейіңіз төмен. Ақылды, парасатты жансыз, барлығын бақылауда ұстайсыз. Сізге сақ болу керек, себебі кейде сенімді ақтамайтын…

Read More

Маңғыстаулық браконьерлер бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулаумен айналысып қолға түсті. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, үш қаскөй Түпқараған ауданының Бегілғайлы жерінде ұсталған. Олардан  жалпы салмағы 155 келі болатын 63 дана «Қызыл кітапқа» енген бекіре балығымен қатар моторлы қайық  тәркіленді. Мемлекетке 45 миллион теңгеден астам  шығын келтірілген. Осыған байланысты балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әлібек ЖӘЛЕЛОВ , Түпқараған аудандық балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ұсталған жігіттер Қызылөзен деген жердің жігіттері. Қайықтары бар » Прогресс-2 «,Ямаха-30» аспалы моторы бар, GPS спутниктік навигаторы бар.  Барлығы 63 штук, салмағы 155 кг.…

Read More

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті. Оның айтуынша, вакцинадан кейінгі асқынулар мен реакциялар тіркелген жоқ. Вакцинацияланған адамдар медициналық бақылауда болады. «3 ақпан күні №2 қалалық емханада «Спутник – V» вакцинациясы басталды. Арнайы есепке алу мақсатында екпе алған адамның электрондық паспорты әзірленеді. Вакцинацияға қатысты мәліметтің барлығы Министрліктің орталықтандырылған ақпараттық жүйесінде сақталады», — деді Ғазиз Надуев. Маңғыстауда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап оқушылар арасында коронавирустық инфекциясының 70 жағдайы тіркелді. Оның ішінде оффлайн әдіспен оқитындар – 31, онлайн әдіспен – 39. Оның айтуынша, оқушылар арасындағы коронавирустық инфекцияның 39 жағдайы Ақтау қаласында, 12…

Read More

Алмалы аудандық соты халықаралық іздеудегі жарияланған «Олимп» букмекерлік кеңсесінің басшыларына қатысты үкім шыққанға дейін мүлкін тәркілеу туралы Алматы қаласы прокурорының өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы  ORDA. хабарлайды. «Сот актісі 3,6 миллиард теңгені, төрт әуе кемесі мен үш автокөлікті мемлекет кірісіне айналдырды. Сот ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері бұл мүлікті қылмыстық жолмен алғанын дәлелдеді», – деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы. 2020 жылдың қараша айында Алматы прокуратурасы бірнеше рет сот үкімінсіз «Олимп» букмекерлік кеңсесінің ісі бойынша іздеу тізіміндегі күдіктілердің мүлкін тәркілеуді талап еткені туралы хабарланды. Алайда, Алмалы аудандық соты бас тартып келген. Прокурорлардың үшінші әрекетінде судья Қайнжамал Бухбанова олардың өтініші бойынша сотта келесі шешім…

Read More

16 ақпан күні УГ-157/9 (ерлер түзету колониясы) мекемесіне келген сәлемдемелерді тексеру кезінде Ақтау қаласынан келген бандерольдан ақ түсті ұнтақ табылды. Сондай-ақ темекінің ішіне тығылған жасыл түсті шөп анықталды. Бұл жөнінде Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің баспасөз-қызметі хабарлады. — Сәлемдеме табылған бойда мекемеге Атырау қалалық Полиция басқармасының Жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚК 297 бабымен қылмыстық іс қозғалды,- дейді мекеме бастығы Думан Таженов. Тексеру амалдары жалғасуда.

Read More

Ресейдің Тергеу комитетінің Алтай Республикасындағы тергеу департаментінің Горно-Алтайск қаласы бойынша тергеу басқармасы Республика астанасының 32 жастағы тұрғынына қатысты қылмыс жасағаны үшін іс қозғады. Қылмыстық іс Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 109-бабы (абайсызда өлімге әкелу) сәйкес. Тергеу мәліметтері бойынша, 11 қаңтарда республиканың астанасында 32 жастағы жергілікті тұрғын өзінің туған күнін атап өтіп, алкоголь ішімдіктерін ішкен және 6 айлық баласын емізген. 12 күні таңертең баласы анасының сүтінен уланып қайтыс болған. Қазіргі уақытта дәлелдемелер базасын жинауға және бекітуге, оқиғаның барлық мән-жайларын, көрсетілген отбасында жас балаларды тәрбиелеу жағдайларын анықтауға бағытталған қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері кешені жүргізіліп жатыр.

Read More