ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният COVID-19-қа қарсы вакцинациялау не үшін қажеттігін түсіндіріп, елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғанын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «Елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды. Көптеген азаматтарымыз өздерінің күнделікті ісімен айналысуға кірісіп, тіпті бұл инфекцияны ұмытып та кетті. Бірақ, елде инфекцияның таралуына, күн сайын ауруға шалдығудың 700-800 жағдайының тіркелуіне байланысты және жұқпалы ауру таралуының алдын алу үшін көптеген ел жаппай вакцинация жүргізіп жатыр. Қазақстанда вакцинация ақпан айында басталды», – деді Ажар Ғиният №6 емханада вакцинаның екінші дозасын салдырғаннан кейін. Сонымен қатар ол Денсаулық министрлігінің басшылығы вакцинаның екінші дозасын да неліктен жария түрде алғандығын түсіндірді.
Автор: Сайт әкімшілігі
Атырау облысында өткен тәулікте 24 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 6-ы Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 15 жұмысшыдан, Жылыой-2, Исатай ауданында 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 13-інде ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 29 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта 110 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 69 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 20, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 215 адам оқшауланып, инфекциялық стационарда ем қабылдауда. Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік…
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «жасыл», «сары» және «қызыл» аймақтар туралы ақпарат берді Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 22 ақпандағы мәліметтер бойынша «қызыл» аймақта әлі де Қазақстанның бірде-бір аймағы жоқ. Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облысы әлі де «сары» аймақта. ⠀ Қалған өңірлер — «жасыл» аймақта.
Атырауда полицияға жалған хабар берген тұрғын жазаланды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 ақпанда сағат 22:50 шамасында 41 жастағы азамат заңды некедегі әйелін ұрып жатқанын айтып, хабарлама берген. «Осыған байланысты учаскелік полиция инспекторлары тексеру жүргізді. Тексеру кезінде аталған азаматтың полицияға жалған хабар бергені белгілі болды. Наркологиялық сараптаманың қорытындысымен аталған азаматтың орта дәрежедегі мас екені анықталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 438-бабының 1-бөлімімен (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) әкімшілік хаттама толтырылып, 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен бес бала қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оқиға 19 ақпанда сағат 15.15-те 2 шағынауданда болған. 5 қабатты тұрғын үйде 16 шаршы метр алаңда 3 қабаттағы пәтерде өрт шыққан. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен бес бала қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігіне сілтеме жасап. Оқиға 19 ақпанда сағат 15.15-те 2 шағынауданда болған. 5 қабатты тұрғын үйде 16 шаршы метр алаңда 3 қабаттағы пәтерде өрт шыққан. Пәтерде 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған бес бала болған, олар ересектердің қарауынсыз қалған. «Алдын ала мәлімет…
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынған қаражатты қандай емге жұмсауға болатындығын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «Оны алу үшін азамат БЖЗҚ-ның интернет-ресурсы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы біржолғы зейнетақы төлемінің қолжетімді сомасын анықтауы қажет. Егер қордағы сома жеткілікті болса, онда азамат тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгініп, дәрігерлік комиссияның біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен емделуге жіберу туралы қорытындысын алуы қажет», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында. Оның түсіндіруінше, дәрігерлік комиссия өтініш берген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей зейнетақы төлемдері есебінен емделуге жіберу туралы не медициналық көрсеткіш…
Атырау тұрғынының шағымы бойынша «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-на қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі. «Атырау қаласындағы Авангард 3 ықшам ауданының №6 үй тұрғынының өтініші негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-на қатысты Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар саласындағы заңнама талаптарының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-ы 2009 жылдан бері жоғарыда көрсетілген үйдің тұрғынымен жылу энергиясын жабдықтау қызметіне ҚР Ұлттық экономика министрінің 24 маусымдағы 2019 жылғы №58 бұйрығымен бекітілген үлгілік шартқа сәйкес келісім-шарт…
Түркияның қауіпсіздік күштері Сирия шекарасына жақын орналасқан Килис провинциясында Қазақстан азаматын қамауға алды Сириядан Түркияға заңсыз өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Hurriyet басылымы хабарлады. Түркияның қауіпсіздік күштері Сирия шекарасына жақын орналасқан Килис провинциясында Қазақстан азаматын қамауға алды. Ақпаратқа сәйкес, ол – «қызыл» деңгейде іздеуде болған ДАИШ* мүшесі. Түркия іздеуде жүрген адамдарды бес санатқа бөледі. Ал ұсталған қазақстандық ең жоғары деңгейде іздеуде болған. С.А. есімді Қазақстан азаматы Сирия-Түркия шекарасын кесіп өтіп, Түркияға заңсыз кірмек болған. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл туралы тек ҰҚК ақпарат беретінін айтты. Комитет оқиғаның мән-жайын анықтап, хабарлауға уәде берді.
Атырау қаласының екі тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде облыс орталығында орналасқан «Э-БК» ЖШС букмекерлік кеңсесі түрінде ұйымдастырылған заңсыз ойын бизнесінің жолы кесілді. Ойынхана ғимаратын тексеру барысында 17 процессор, 16 монитор, 32 теледидар, чектерді басып шығаруға арналған 14 термопринтер және жалпы сомасы 1,2 млн. теңгеден астам ақша қаражаты тәркіленді. Атырау қалалық №2 сотының үкімімен екі қала тұрғыны ҚР ҚК 28-бабы 5-тармағы, 307-бабы, 2-тармағы, 3-бабы бойынша қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсы 4 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды.…
Былтыр ковидпен күресу үшін 1,5 млрд еуро алған еді. ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев коллегия отырысында ішкі нарықты қаржымен қамтамасыз ету үшін сырттан қарыз алуға мәжбүр екенін айтты. Бұл жайлы Zakon.kz хабарлайды. «Биылғы республикалық бюджетті қамтамасыз етуге 2,6 млрд теңге жетпейді. ЖІӨ-нің 2,6%-ына тең. Оны толтыру үшін ішкі қор нарығын толықтыру керек. Ал оны мемлекеттік құнды қағаздарды шығару арқылы шығынды жаппақпыз. Алайда ішкі қор нарығы бүкіл шығынды толтыра алмайды, сондықтан сырттан қарыз алу керек. Халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз аламыз немесе еурооблигация шығарамыз», — деді Жамаубаев. Оның сөзіне қарағанда, «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында шетелдік валюта есебімен мемлекеттік құнды қағаздарды шығару бойынша бағдарлама әзірленбек.…
