Автор: Сайт әкімшілігі

Атырау облысының полиция департаменті республикалық және облыстық маңызы бар көлік жолдарының жабылғандығын хабарлады. «Атырау өңіріндегі қарлы-боран салдарынан орын алған ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қауіпсіздігін сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ-ның шешіміне сәйкес 22 ақпан сағат 21:00-дан бері республикалық маңызы бар Атырау-Орал, Атырау-Доссор-Құлсары-Бейнеу және облыстық маңызы бар Атырау-Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз тас жолындағы қозғалысы уақытша тоқтатылды».

Read More

Орал-Атырау тасжолында жол апаты болды. Полиция жол-көлік оқиғасынан алты адам қаза болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews хабарлайды. Полиция департаменті Toyota және Лада маркалы көліктің соқтығысқанын хабарлады. Оқиға БҚО Ақжайық ауданы Тапақ ауылының маңында болған. «Апат салдарынан алты адам оқиға орнында қаза тапты, біреуі ауруханаға түсті. Лада көлігінде бес адам болған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр», — деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. Денсаулық сақтау басқармасы ЖКО орнына жедел жәрдем көлігі келгенін айтты. Зардап шеккендердің бірі Тайпақ аудандық ауруханасына жатқызылды.

Read More

Ақтау тұрғындары тұрғын үй кешенінің көлік тұрағында үйлену тойын өткізді. Әлеуметтік желіде мұндай тойды ешкім ешқашан өткізбегенін мәлімдеген ер адам түсірген той видеосы жарияланды. Бұл туралы Lada.kz хабарлайды. «Шараға қатысушылар түсініктеме толтырды. Материалдар Ақтау қаласы әкімдігінің жанынан құрылған мониторинг тобына жолданды», — деп атап өтті баспасөз қызметінде. Жергілікті құқық қорғау органдары отбасылық шараны назарға алып, тойдағы қонақтардың жеке тұлғасын анықтады. Бұл жөнінде Маңғыстау облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Read More

Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы өрт салдарынан жапа шеккен отбасыға пәтер берілді.  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Жаңатас қаласындағы өрт салдарынан марқұм болған балалардың ата-анасына Жамбыл облысының әкімдігі тарапынан жан-жақты материалдық, психологиялық, дәрігерлік қолдау көрсету шаралары қолға алынған. «Мәселен, жерлеу рәсімін ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органдар өз мойнына алды. Сондай-ақ, балалардың ата-анасына демеушілер есебінен Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер берілді, ал Сарысу ауданының кәсіпкерлері баспанаға қажетті жиһаз бен техника алып берді. Қоғамдық ұйымдар, демеушілермен 3 млн теңгеден астам қаржы жиналып, материалдық көмек көрсетілді»,– делінген облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын көмек ретінде жолдайтын болды.

Read More

Қазақстанның мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ұсталды, деп хабарлады ҚазТАГ ақпаратқа қанық дерек көзіне сілтеме жасап. «Мұсайбековті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызмектерлері ұстады. Ол қазір Алматыда тергеу амалдарына қатысып жатыр», — деді дүйсенбі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкері. ҚазТАГ ХАА редакциясы ақпарат алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жүгінді. Мұсайбеков 2020 жылдың мамырынан бастап мәдениет және спорт министрлігі басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді. Оған дейін 2019 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы болған, ал оған дейін – 2015 жылдың ақпанынан бастап 2019 жылдың қаңтарына дейін қазіргідей мәдениет және спорт вице-министрі болған. .

Read More

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына сақтық керек. Өйткені, олардың телефонына алаяқтар тыным бермей жатыр. Бейтаныс жан өзін қор қызметкері ретінде таныстырып, деректемелерді нақтылау қажет деген желеумен банк картасының нөмірін білуге тырысады. Осылайша, шотыңыздағы ақшаны оңай олжалайды. Қазір мұндай факті облыста тіркелген жоқ. Сондықтан, мамандар аталған оқиғамен жолы :Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына сақтық керек. Өйткені, олардың телефонына алаяқтар тыным бермей жатыр. Бейтаныс жан өзін қор қызметкері ретінде таныстырып, деректемелерді нақтылау қажет деген желеумен банк картасының нөмірін білуге тырысады. Осылайша, шотыңыздағы ақшаны оңай олжалайды. Қазір мұндай факті облыста тіркелген жоқ. Сондықтан, мамандар аталған оқиғамен жолыққан жағдайда сауаттылық керектігін ескертеді.   …

Read More

Жанбай ауылында жаңадан салынған 300 орындық мешіттің ашылуы өтті. Бұл ауыл азаматтары мен жергілікті кәсіпкерлердің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына жасаған тартуы. Құрылысына бір жыл уақыт кеткен Алла үйіне ҚМДБ Бас мүфтиінің ұйғарымымен Әйтеке бидің есімі берілді. Ондағы мақсат – халқымыздың тарихындағы дара тұлғалардың атын дәріптеу. Ашылу салтанатына қатысқан ауыл үлкендері мешіттің жас ұрпақтың бойына рухани азық қалыптастыратын орынға айналатынына сенім білдіріп отыр. Теміртас ИГІЛІКОВ, Жанбай ауылының тұрғыны Осы дінімізді насихаттауға үлкен мән берілген жоқ. Оны жасырмай – ақ қояйық. Тек сәтті болсын енді. Бәрімізге мынау мұсылмандық жолдағы жолымыз құтты болып, Алла соны сауапқа жазсын. Қазіргі кезде  облыс бойынша халыққа қызмет етіп…

Read More

Азғыр өңіріне интернет желісі тартылды. Осыған дейін жергілікті тұрғындар оны пайдалану үшін 300 шақырым жерде орналасқан аудан орталығына баратын. Ал, биылғы жылдың басында 1300-ден астам тұрғыны бар Асан ауылдық округіне қарасты 2 ауылға үш және алты метрлік   дербес қабылдау қондырғысы бар 2 мұнара орнатылды. Алайда шағын қондырғының тарату аумағы тек 3 шақырымды қамтиды. Дегенмен мамандар алдағы уақытта мұндағы интернет жүйесін жақсарту жұмыстары жүргізіледі деп отыр.

Read More

1 наурыздан бастап дербестендірілген көлік карталарын қайта шығарудың құны өзгереді. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлады. 2021 жылғы 1 наурыздан бастап «TRANSCARD» жеңілдігі бар және мектеп көлік карталарын қайта шығару бағасы 1000 теңге болады. Карталардың алғашқы шығарылымының бағасы бұрынғы деңгейінде – 500 теңге. Бұл шара валюта бағамы мен жеткізушілерден сатып алу бағасының көтерілуіне, көлік карталарын жасауға арналған операциялық және шығындардың өсуіне байланысты қабылданды. Атап айтқанда, орнатылған NXP чипі бар Mifare Plus EV1 стандартындағы байланыссыз микропроцессорлық смарт-карталардың бағасы артты. Сондай-ақ, аппараттық-бағдарламалық кешенге қызмет көрсетудің құны жоғарлады, — делінген хабарламада. Сондықтан, қазіргі уақытта барлық шығындардың өсуін және пайданы есептемегенде, көлік картасын шығару…

Read More

Атырау облысында жыл басынан бері 17 өрт оқиғасы тіркелді,. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тұрғын үй секторында – 10, көлік құралдарында – 3, басқа да нысандарда 4 өрт жағдайы болған. «Өрттің дені электр құралын монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан тұтанған. Пештің ақауынан улы газға 3 бала уланып, ауруханада емделіп шықты. Жалынның тұтануына басты себеп – отты пайдаланудағы абайсыздық. Сондай-ақ, мас күйінде темекі шегу, тұрмыстық газ құралдарын, пешті, электр жабдықтары мен аспаптарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы да оқыс оқиғаға алып келеді», — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Read More