Калада көктайғақтан зардап шеккендер саны күрт көбейді. 17 ақпаннан бері түскен қалың қардың тазаланбауы салдарынан қала іші мен аудардардағы жол көк тайғақ. Бір аптаның ішінде 210 адам, ал бүгін жарты тәулік ішінде 20 адам ақ халаттылардың көмегіне жүгініпті. Олардың басым бөлігінің қол-аяғы сынған. Дәрігерлер мұны рекордтық көрсеткіш деп отыр. Сондықтан, медицина кызметкерлері мұндай күнде мейлінше үйде болуға, сыртқа шыққан күннің өзінде сақтық шараларын ұстануға кеңес береді. Асхат БИСЕНҒАЛИЕВ, Атырау облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі 17 ақпаннан бастап біздің бөлімге 210 науқас қаралды. Оның ішінде 11 науқас травмотология бөлімшесіне салынды, қалғандары аяқтай ем алуға кетті. 30 науқасқа әртүрлі сынықтарына байланысты гипс салынып,…
Автор: Сайт әкімшілігі
Ауа райының қолайсыздығына байланысты атыраулық оқушылар 2 күн бойы мектепке бармайды. 23-ші және 24 ақпанда бірден бесінші сыныпқа дейінгі оқушылар онлайн форматта білім алады. Мұның 9 бен 11 сынып оқушыларына қатысы жоқ. Соңғы тәулікте ауа температурасы — 26 градусқа дейін төмендеді. Төтенше жағдайлар департаментіндегілердің айтуынша, бұл күндері облыс аумағында бұрқасын болып, желдің екпіні секундына 15-метрге дейін жетеді деп отыр. Малика Такежанова
Сатылған, жалға берілген жер учаскерлері үшін төленген 152 миллион теңге қазынаға түспеген. Бұл – Атырау облысының тексеру комиссиясы жүргізген аудит кезінде белгілі болды. Олар қаңтар айында шаһардағы жер учаскелерін жалға беру мен сатудан түскен қаржының бюджетке түсуін тексерген. Нәтижесінде бірнеше келісімшарт бойынша түбіртек пен мемлеткетке төленуі керек соманың сәйкес келмейтіні анықталыпты. Мысалы, бір жер учаскесі 120 миллион теңгеге сатылғанымен, бірақ мемлекет қазынасына бар болғаны 12 мың теңгенің түбіртегі тапсырылған. Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы өткен жылы 200-ге жуық субъектіге тексеру жұмыстарын жүргізген. Олардағы келісім-шарттың жалпы сомасы 71 миллиард теңге. Оның ішінде ҚР заңнамасы нормаларының сақталмауы себепті орын алған бұзушылықтардың жалпы…
Еліміздің Бас мүфтиі іссапармен Атырауға келді. Екі күндік жұмыс сапарының алғашқы күні ғұламалар кеңесінің ХХІХ мәжілісімен ашылды. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Атап айтсақ, «үздіксіз білім беру тұжырымдамасы», «мұсылманның ғаламтордағы келбеті», «исламдағы жастардың тұлғалық бейнесі» және «зекет жинау мәдениеті» сынды тақырыптарға ғұламалар пікір білдірді. Кеңес төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы пандемия кезінде де жұмысты тоқтатпай, халықпен барынша қарым-қатынаста болғандықтарын айтты. Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ төрағасы Пандемия уақыты болды, сол кездер де дәстүрлі құлшылықтарымыздың формасы өзгерді. Мсыалы, жұма намазын оқу, болмаса құдай астарын өткізу деген сияқты дәстүрлер өзгеріп, біз өз жұмысызды ҚМДБ онлайн форматқа ауыстырдық. Уағыздарымызды онлайн форматта жүргіздік.Мына сұрақ-жауаптар барлығы онлайн…
«Байқауға өңірдің медицина қызметкерлерінің балалары қатыса алады»,- деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған сурет байқауы 23 ақпанда басталып, 5 наурызда аяқталады. Оған жоғары және орта буын медицина қызметкерлерінің, дәрігерлердің, фельдшерлердің 1-8 сыныпта оқитын балалары қатыса алады. Байқаудың мақсаты — өңірдегі медицина қызметкерлерінің имиджін арттыру, қоғамда медицина мамандығын насихаттау. — Бүгінде пандемия жағдайына байланысты медицина мамандығы бүкіл әлемде бұрынғыдан да зор сұранысқа ие. Сондықтан дәрігерлер мен медбикелердің қоғамдағы беделін мектеп қабырғасынан бастап арттыру өте маңызды. Біз дәрігерлердің балаларының көп уақытын пациенттердің өмірін сақтап қалу жолында жұмыста өткізетін аналарымен мақтанғанын қалаймыз. Қалалық білім бөлімі…
Елорданың ауданаралық тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 2021 жылдың наурыз айының соңына дейін ұзартты. Мұндай ақпаратты Sputnik Қазақстанға оның адвокаты Дмитрий Куряченко растады. «Тергеушілер тұтқындауды ұзарту туралы бастама көтерді. Сөйтіп 2021 жылдың 12 ақпанында сот мерзімді наурыздың соңына дейін ұзартты. Сондай-ақ, мен президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтініш білдіріп, Біртановтың заңсыз қудаланып жатқанына назар аударуын сұрадым. Бірақ менің өтінішім оған жетпей қала ма деп алаңдаймын», – деді Куряченко. Елжан Біртанов 2020 жылдың 25 маусымында Қазақстанның денсаулық сақтау министрі қызметінен кетті (ол бұл қызметке 2017 жылдан бері атқарды). Оның коронавируспен ауыруы осындай шешім қабылдауына себеп болды. Ал қараша айында…
Нанды ең көп тұтынатын өңірлерге Түркістан, Ақтөбе облыстары мен Алматы кірді. Елімізде нан бір жылда 6%-ға қымбаттады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды. 2021 жылдың бір айында нан 0,1%-ға, бір жылда 6%-ға қымбаттаған. Осы жылдың қаңтарында Қазақстанда 45 мың тонна нан пісірілген. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 22,9%-ға аз. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында 614,2 мың тонна нан пісірілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,8%-ға аз. 3 аймақта нан көп пісірілген. Көш басында халық тығыз қоныстанған Түркістан облысы тұр. 2021 жылдың қаңтарында мұнда 11,6 мың тонна нан пісірілген. Кейін тізімде Алматы қаласы (5,5 мың тонна), Ақтөбе облысы (4,5 мың тонна) тұр.…
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілінің айтуынша, бір жылдан кейін жағдайды еңсерудің мүмкіндіктері туады. Коронавирустық инфекция пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталады. Бұл туралы Данияның DR телеарнасына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге мәлімдеді, деп хабарлайды aa.com.tr басылымы. Халықаралық ұйым өкілінің айтуынша, бұл жыл да коронавируспен арпалысумен өтеді. Тек, келесі жылы ғана жағдайды еңсерудің мүмкіндіктері туады. «Ең қиын кезеңдер артта қалды. Біз 2020 жылмен салыстырғанда вирус туралы көбірек білеміз және ол кездегіге қарағанда таралу белсенділігі төмендеп келеді», – деді Клюге. Солай десек те, ол өзінің болжамын ғана айтып отырғанын және пандемияға байланысты жағдайдың қалай өрбитінін әлі ешкім болжай алмайтынын…
Тұрғын үй алу үшін мемлекеттік бағдарламаларға екі рет қатысуға енді жол берілмейді. Бұл туралы «Азаттық Рухы» сайты хабарлайды. «Кезектілік мәселесін шешу үшін мемлекет басшысы бұған дейін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ негізінде толыққанды даму және қолдау институтын – жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарды бере отырып, «Отбасы банк» құруды тапсырды», — деп еске салды Бейбіт Атамқұлов. Министрдің айтуынша, «Отбасы банкі» базасында «тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» құрылады. Ол тұрғын үйге мұқтаждардың барлығын есепке алуды, сондай-ақ тұрғын үйге қолжетімділік сатысына сәйкес тұрғын үйді қою күні бойынша бөлуді орталықтандырылған түрде жүзеге асырады.
Мектеп асханаларының жұмысы 1 жылдан кейін қайта жанданды. Кезекші сыныпқа баратын балаларының түскі аспен қамтылуын сұрап ата-аналардың өздері өтініш жасапты. Пандемия салдарынан біраз жұмысшысын ақысыз еңбек демалысына жіберуге мәжбүр болған кәсіпкерлер аз құраммен жұмысқа кіріскен. Мектеп асханасының жұмысы енді қарқын ала бастағандықтан, мұнда әзірге мәзір бойынша дайындалатын — түскі ас қана. Ал ұннан жасалған тағамдар алдағы күндері сөрелерге қойылатын болады. Ол да целлофанға салынып берілмек. Айта кету керек, облыстың барлық мектептеріндегі асханалар жұмыс жасап жатқан жоқ. Ереже бойынша асханаға 15 баладан артық кіргізілмейді және үстелге тек 2 оқушыдан отырғызылады. Тамақтанып болғаннан кейін балалар міндетті түрде қолдарын жуады. Әр сағат сайын…
