Қазақстанның 15 өңірінде дабылды ескерту жарияланып, Нұр-Сұлтан қаласындағы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жолдар жабылды Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі төрт облыс пен Нұр-Сұлтан қаласында 48 жол учаскесі жабылғанын хабарлады. «Қазгидромет» РМК дерегі бойынша еліміздің 15 өңірінде дабылды ескерту жарияланды: Нұр-Сұлтан қаласы, Шымкент қаласы, Ақмола, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан,Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, СҚО және Түркістан облыстары», — делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. ТЖМ Ахуалдық орталығында республикалық жедел штаб құрылды. Оның құрымында «Қазавтожол» ҰК АҚ, «Казахавтодор» ЖШС өкілдері және ІІМ ӘПК қызметкері бар. Ақмола, СҚО, Қостанай облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД де осындай штабтар жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта ауа…
Автор: Сайт әкімшілігі
Белгілі саясаткер Әміржан Қосанов келесі Президент сайлауына түсе ме? Бұл сұраққа қоғам қайраткері өз жауабын берді. «Құдайды күлдіргің келсе, оған ертеңгі жоспарыңды айт!» деген әзіл-шыны аралас бір нақыл сөз бар. Мен де Құдекеңді күлдірмей-ақ қояйын. Осыдан 23 жыл бұрын және өткен президент сайлауы алдында айтқан бір сөзімді қайталайын: «Кезекті президент сайлауы боп жатса, өзін ағымдағы билікке қарсы деп санайтын баршы ұйымдар мен тұлғалар жиналып, өз арасынан бір кандидат ұсынуы шарт! Әйтпесе, «бас-басына би болып», билік кандидатына қарсы лайықты тойтарыс бере алмайды! Осы ұстанымнан әлі де айныған жоқпын! – деді Әміржан Қосанов.
Бұл шағын Үштаған ауылында 30 жұп егіздің тұруы бірқатар БАҚ өкілдерінің назарын аударды. Елдімекен Маңғыстау өңірінде орналасқан. 2 мыңға жуық тұрғыны бар аядай ауылдың ерекшелігі сол, мұнда егіздердің ең үлкені 40-та болса, ең кішісі – 4 айлық. Сондай шаңырақтың бірі – Нұрмұқановтар отбасы. Бұл жанұяда егіз қыздар мен егіз ұлдар бар. 20 жастағы Бексұлтан мен Нұрсұлтан қазіргі таңда – студент. Олардың айтуынша, бұл – тұқымқуалаушылық. Өйткені, арғы аталары да егіз болған деседі. Бексұлтан НҰРМҰҚАНОВ, егіздің сыңары Бізге жеткен ата тек шежіресі бойынша соңғы 150 жылда бізден бұрын дүниеге келген егіздерді қосқанда жалпы саны 5 егіз дүниеге келген. Бұл енді тұқым…
«Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен Атырау облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жиынында айтылды»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Фракция отырысында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Атырау облысының Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жол картасы талқыланды. Облыстың Жол картасында 7 басым бағыт бойынша 128 іс-шара, 91 көрсеткіш жоспарланған. «ҚР Тұңғыш Президенті, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі «Жол картасын» әзірлеп, жария түрде қарауды тапсырған болатын. Атырау облысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасы» әзірленіп, әрбір…
Атыраулық балықшылар мұз үстінде ішімдікпен ұсталды. Жайық өзенінде балықты алкогольді сусын ішіп аулағанды жөн көрген 7 адам көшедегі бақылау камераларына түсіп қалған. Оларға әкімшілік хаттама толтырылып, спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгендері үшін әрқайсысына 7 392 теңге көлемінде айыппұл салынды. Мамандардың айтуынша, мұз үстінде мас қалыпта жүру адам өмірі үшін қауіпті. Осындай оқиғаларды болдырмау үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері өткен демалыс күндері кезекті рейд өткізіп, халыққа қауіпсіздік ережелерін түсіндірген еді. Тәртіп сақшылары тұрғындардан қырағы болуды және қауіп төнген жағдайда көмекке шақыруды сұрайды, себебі ауа-райының жылынуы мұздың күрт еруіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Ақпан айындағы алғашқы бұрқасын жол қозғалысына жайлы болмады. Кешелі бері жауған қарды аршуға «Спецавтобаза» ЖШС 50 шақты техника жұмылдырған. Бастапқы бір күннің ішінде-ақ, 472 куб қар қаланың сыртына шығарылыпты. Ал тазарту жұмыстарына 90-ға жуық жұмысшы тартылған. Сондай-ақ, мамандар көше тазалығына кәсіпкерлер де көңіл аударып, техника жағынан қол ұшын созып жатқанын айтады. Гүлшара ЫСҚАҚОВА, «СПЕЦАВТОБАЗА» ЖШС сол жағалау басқармасының басшысы Бүгін таңнан бастадық. Біздерге тағы да қосымша техника беріп жатыр. Қазір бізге кәсіпкерлерде қол ұшын созып жатыр. Біздерде жұмыстың атқарылуы Сәтбаев көшесінен бастап Владимировский, Азаттық, Абай, Әуезов көшелері тазаланып жатыр.
Қаланы қардан тазартқан қызметкерлерге шәй ұсынылды. Айта кетейік, жиі соға бермейтін боран халыққа қуаныш сыйлағанмен, тазалықшыларды әбігерге салды. Дегенмен «Спецавтобаза» ЖШС жұмысшылары іске білек сыбана кіріскен. Тіпті олардың сөзінше, қар аршу жұмыстары түнгі 12 жарымға дейін жалғасады. Аязды күні ел игілігі үшін қызмет еткен жандарға алғыс білдіру мақсатында «Атырау-Ақпарат» холдингінің мамандары оларға дәм ұсынды. Мақпал БИСЕМБАЕВА, «Атырау Акпарат» ЖШС қызметкері Біз Атырау жастары осы көшедегі күннің суығанда қар тазалап жүрген аға-апаларымызды қолдау мақсатында қайырылымдылық шарасын ұйымдастыруды жөн көрдік. Нақтырақ айтсақ, көшедегі аға-апайларға ыстық бәліш шәй таратып жүрміз. Қазір 10 шақты бригадада болдық.
Ақтаулық бір топ үлескер үйін де, үлесін де ала алмай жүр. Салымшылардың 240 пәтерлі элиталық 16 қабатты тұрғын үйден үміттеніп жүргеніне екі жыл болыпты. Қазір құрылыс жұмыстарының тұралап қалғанынан хабардар ел шағымын айтып, мердігер компания өкілінен түсінік беруді талап етті. Олардың бірі құрылысқа 18 млн теңге ақша салған. Ұлжан ӨТЕСІНОВА, үлескер Мен 18 млн төлеп тастадым. Тағы біреулері 24 млн берді. Ол ақшаның бәрі қайда кетіп жатыр. Барған сайын осындай уәде береді. Енді біз осыдан кейін шағымданып бастаймыз. Компанияның өкілі құрылыстың белгіленген мерзімде аяқталмауын өзінше түсіндірді. Алдағы бір-екі айда қажетті мамандар тартылып, жұмыс одан әрі жалғасады дейді. Ербол ОРЫНБАЕВ, құрылыс…
«Олимп КЗ» букмекерлік кеңсесінен 3,6 миллиард теңгеге қоса, 4 әуе кемесі және 3 автокөлік қазынаға қайтарылды. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасының ресми сайтында жарияланды. Соған сәйкес күні кеше Черногориядан Олимптың экс-есепшісі елге экстрадицияланды.Оны Қазақстанның бас прокуратурасы мен Қаржы мониторингінің қызметкерлері алып келді. Букмекерлік кеңседе бухгалтер болып істеген ол ұйымдасқан топ құрамында болған. Оған мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіріп, ойын бизнесі саласында заңсыз қызметті жүзеге асырды деген айып тағылды. Халықаралық іздеудің нәтижесінде шетелде қолға түскен азамат бүгінде Алматы қаласының тергеу изоляторында отыр. Алмалы аудандық соты заңсыз ойын бизнесі, ақша қаражатын шығару және бюджетке салық төлеуден жалтару жөніндегі қылмыстық жүйені ұйымдастырған…
Мұнайлы ауданының аумағында карантин талаптарының сақталуына рейдтік шаралар жүргізу барысында полицейлер 350 адам қатысқан тойды тоқтатып, тойхананың иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты хабарлайды. «Салтанатты шараны ұйымдастырушылардан алынған жазбаша түсініктемелер мен іс материалдары шаралар қабылдау үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды», — деп хабарлады тәртіп сақшылары. Сол күні мониторинг топ тәртіп сақшыларымен бірге ауданның тағы алты мейрамханасында үйлену тойларын тоқтатты, қонақтар үйлеріне қайтарылды. Айта кету керек, жергілікті кәсіпкерлер бірнеше рет адам көп жиналатын іс-шаралар ұйымдастырып, карантинді режимін бұзуды тоқтатар емес. 2020 жылдың қазан айында Ақтауда 100 адамға той өткізген мейрамхана иесіне айыппұл салынып,…
