«Олимп КЗ» букмекерлік кеңсесінен 3,6 миллиард теңгеге қоса, 4 әуе кемесі және 3 автокөлік қазынаға қайтарылды. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасының ресми сайтында жарияланды.
Соған сәйкес күні кеше Черногориядан Олимптың экс-есепшісі елге экстрадицияланды.Оны Қазақстанның бас прокуратурасы мен Қаржы мониторингінің қызметкерлері алып келді. Букмекерлік кеңседе бухгалтер болып істеген ол ұйымдасқан топ құрамында болған.
Оған мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіріп, ойын бизнесі саласында заңсыз қызметті жүзеге асырды деген айып тағылды. Халықаралық іздеудің нәтижесінде шетелде қолға түскен азамат бүгінде Алматы қаласының тергеу изоляторында отыр.
Алмалы аудандық соты заңсыз ойын бизнесі, ақша қаражатын шығару және бюджетке салық төлеуден жалтару жөніндегі қылмыстық жүйені ұйымдастырған «ОLIMP» ЖШС басшыларына қатысты мүлікті тәркілеу туралы үкім шығарған еді.
Дегенмен, қылмыстық іс қозғалғанына қарамастан қазір серіктестік жаңа түрдегі «ОLIMP BET» сайты арқылы жұмыс істеуде.