Ақтаулық бір топ үлескер үйін де, үлесін де ала алмай жүр. Салымшылардың 240 пәтерлі элиталық 16 қабатты тұрғын үйден үміттеніп жүргеніне екі жыл болыпты. Қазір құрылыс жұмыстарының тұралап қалғанынан хабардар ел шағымын айтып, мердігер компания өкілінен түсінік беруді талап етті. Олардың бірі құрылысқа 18 млн теңге ақша салған.
Ұлжан ӨТЕСІНОВА, үлескер
Мен 18 млн төлеп тастадым. Тағы біреулері 24 млн берді. Ол ақшаның бәрі қайда кетіп жатыр. Барған сайын осындай уәде береді. Енді біз осыдан кейін шағымданып бастаймыз.
Компанияның өкілі құрылыстың белгіленген мерзімде аяқталмауын өзінше түсіндірді. Алдағы бір-екі айда қажетті мамандар тартылып, жұмыс одан әрі жалғасады дейді.
Ербол ОРЫНБАЕВ, құрылыс компаниясының атқарушы директоры
Аударма: Өткен жылы пандемияға байланысты жұмыс тоқтап қалды. Оны өздеріңізде жақсы білесіздер. Біз соған қарамастан көпқабатты үйдің 8 ші қабатын көтердік . Қазір міне 11 ші қабатқа жетті. Қазір жұмыс күші тапш болып тұр. Біз Алматыдан арнайы мамандарды шақыртып, құрылысты одан әр қарай жүргіземіз. Жоспар бойынша мамыр айында жұмысты қайта бастап, жыл соңына дейін тапсырамыз.
КСМ: Мәселеге зер салсақ, үлескерлердің үмітпен тағы біраз уақыт күтуден басқа амалы жоқ сыңайлы. Енді жағдайдың қалай өрбитінін жыл соңында білетін боламыз.
Бақытжан Сатылханұлы,