Маңғыстаулық браконьерлер бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулаумен айналысып қолға түсті.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, үш қаскөй Түпқараған ауданының Бегілғайлы жерінде ұсталған. Олардан жалпы салмағы 155 келі болатын 63 дана «Қызыл кітапқа» енген бекіре балығымен қатар моторлы қайық тәркіленді. Мемлекетке 45 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Осыған байланысты балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Әлібек ЖӘЛЕЛОВ , Түпқараған аудандық балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы
Ұсталған жігіттер Қызылөзен деген жердің жігіттері. Қайықтары бар » Прогресс-2 «,Ямаха-30» аспалы моторы бар, GPS спутниктік навигаторы бар. Барлығы 63 штук, салмағы 155 кг. Мемлекетке келген шығын 45 миллион 213 мың теңге.