Автор: Сайт әкімшілігі

«Caspian news» арнасында – тұсаукесер. «Дақ» қысқаметражды фильмі көрерменге жол тартты. Төл туындыны түсіру пандемия кезінде арна бюджетіне оңай соқпаса да, шығармашылық топтың тәуекелі көз қорқақ, қол батыр екенін дәлелдей алды. Осы орайда фильм продюсері шектеулер кезінде актерлардың түсіністігіне ерекше алғысын білдіреді. Өйткені, ол шығарма барысында өнер адамдарының өз ісіне келгенде жауапкершілікпен қарайтынын түсінген. Алтынай СЕРІКБАЙ, продюсер Пандемияға байланысты бұл фильмді түсірген кезде сәл қиындықтар болды. Ол әсіресе түсірілім жағына байланысты. Кейбір жерлер жабық болды. Бірақ біз осыған қарамастан, қаражат жағына қарамастан біз түсіріп шықтық. Фильмдегі актерлық құрамның да ойнау жағын және ол кісілердің түсінісітікпен қарағанын айтып өту керек. Әсіресе…

Read More

Апатты үйдің тұрғындары жаңа баспананы 10 жылдан бері зарыға күтіп келеді. Первый участок ықшамауданындағы мына екіқабатты қос тұрғын үй 2011 жылы апатты деп танылған. Келбеті адам көргісіз ғимараттың не көгілдір отыны, не суы мен дәретханасы жоқ. Тұрғындардың айтуынша, жауын-шашынды күндері тобықтан су кешіп жүру әдетке айналған. Қала берді, күні-түні егеуқұйрықтар мен мысықтардың тартысынан әбден шаршаған олар сыз тартқан жердің иісіне шыдау мүмкін еместігін айтады. Көктеген үйден шыққан иіс кішкентай бөбегі барларға қиынға соғып тұр. Осының кесірінен бүлдіршіннің өкпесі қабынып, жүрек соғысы баяулаған кездер де болған. Абырой болғанда, баланы аман сақтап қалыпты. Айтса-айтқандай, сыз тартқан баспанадағы күлімсі иістің қолқаны қабатынын өзіміз…

Read More

Алматы, Талдықорған қаласы және Атырау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. Бұл туралы өңірлердің бас санитар дәрігерлері мәлімдеді. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин шараларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Қаулыға сәйкес: сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен сауда желілерінің жұмысына тұрақты режимде рұқсат етіледі; ұжымдық іс шараларды өткізуге тыйым салынады; Жұмыс және демалыс күндері ашық азық-түлік және азық-түлік емес базарларына штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Адам толымдылығы 30%-дан аспайтын және 4 шаршыдан кем емес жабық және азық-түлік емес жабық базарларға әлеуметтік арақашықтықты, маска режимін, санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, рұқсат беріледі; Халыққа қызмет көрсету орталықтарына адамдар алдын-ала…

Read More

Шешім жобасы мақұлданған жағдайда әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті бюджеттен 18 миллион 194 мың теңге бөлу қажет болады Нұр-Сұлтанда 2021 жылы Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 миллионнан астам қаражат төлеуді ұсынды. Бұл туралы  Sputnik Қазақстан хабарлайды. Қалалық мәслихат шешімінің жобасы «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында жарияланды. Әлеуметтік көмек көрсету ережелері бойынша, астаналық ардагерлерге 67 айлық есептік көрсеткіш (195 439 теңге) көлемінде төлем берілуі керек. «Сондай-ақ, осы жылы 1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай ардагерлерге 805 мың теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсету ұсынылады. Осылайша, 26 ардагерге 1 000 439 теңгеден (2 300 доллар – Sputnik) беріледі», — деп…

Read More

Атырауда жол жиегінде өртенген көліктің жүргізушісі іздестіріліп жатыр. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жүргізуші өртенген көлігін оқиға орнында тастап кеткен. «14 ақпанда сағат 04:20 шамасында «Атырау-Астрахань» бағытындағы тас жолдың айналма бұрылысында «Chevrolet Cobalt» автокөлігі жол жиегіндегі бордюрге соғылған. Жүргізуші соққы салдарынан өртенген көлікті оқиға орнында қараусыз қалдырып кеткен. Қазір атыраулық полицейлер көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. Еске сала кетелік, Атырау облысында 150 қойымен жоғалып кеткен егде жастағы адам табылды.

Read More

Парижде Бозжыра шатқалын қорғау акциясы өтті Парижде Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын аймақтар тізіміне кіретін Бозжыра шатқалын сақтап қалуға шақыратын шара өтті. Бұл туралы Bugin.kz хабарлайды. Акцияны ұйымдастырушылар әлем назарын Қарақия ауданында орналасқан табиғат туындысына аудармақшы. Олар ежелгі мұхит орнында құрылыс жүргізбеуін талап етті. Париждегі елдің басын қосуға ұйытқы болған хореограф Дана Мұса. Дана —Маңғыстау өңірінің қызы. Бозжыраны игеруді ойлаған топ қонақүйлер мен виллалар, шағын сауда орындарын ашып, тіпті тікұшақ қонатын орынға дейін даярлап, туристерді тартуды көздеген болатын. Алайда жергілікті жұрт тасқа айналған ұлу қабыршақтарын, теңіз кірпісін, белемнит деп аталатын былқылдақ денелілерді, тіпті мезозой дәуіріндегі Тетис мұхитында өмір сүрген акуланың тісін де…

Read More

Ақын Шөмішбай Сариев 75 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қазақ әдебиетіне жаңа леппен келген жас ақын, өсе келе қазақ даласына кеңінен жайылған әндердің мәтінін жазды. Шөмішбай Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында дүниеге келген. Қамбаш орта мектебін бітірісімен, Қазалы аудандық «Ленин туы» және Арал аудандық «Толқын» газеттерінде қызмет атқарған. 1971 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1970–1974 жылдары «Қазақстан» баспасында редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болған. 1996 жылы «Қазіргі қазақ лирикасының ізденістері» атты тақырыпта ғылым кандидаты дәрежесін иеленді. «XX ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы…

Read More

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты мекемелерге арыз-шағым қабылдауға арналған терминал орнатылды. Сотталғандар саусақ ізі арқылы құқыққорғау органдарына шағым немесе өтініш қалдырып, үш күн ішінде жауап алатын болады. — Терминал сотталғандарға қол жетімді жерге қойылды. Сотталғандар жіберген арыз-шағымдар бірден прокурорға немесе өзге де құқыққорғау органдарына түседі. Яғни мекеме әкімшілігі араласа алмайды. Мәселен азаптауға қатысты арыз-шағымдар сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметіне жолданса, қызмет өкілеттіктерін асыра пайдалануға қатысты шағым полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік бөлімшесіне жіберіледі. Шағым немесе өтініш түсірген сотталғанның жеке басын анықтау саусақ іздері арқылы іске асырылады. Бұған қоса, шағымды қарау және шешім қабылдау процесін онлайн бақылауға мүмкіндік бар,-дейді Атырау облысы…

Read More

Ақтау  халықаралық  әуежайында  бағалы зергерлік бұйымдарды  заңсыз алып өтпек болған  екі жағдай тіркелді. Жолаушылар 150 дана әшекейді қол сөмкеге салып, «Стамбұл – Ақтау»  рейсі арқылы шетел асырмақ болған.  Әуежай қызметкерлері шекті мөлшерден асатын алтын  бұйымдарды олардың  жүгін тексеру барысында  анықтаған. Ұсталған қос азамат  әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың әрқайсысына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Жергілікті кірістер департаменті өкілдерінің айтуынша, жолаушылар бағалы әшекейлерді көбінесе, Түркия, Әзербайжан және Грузия елдерінен заңсыз алып келуге әрекеттенеді екен.  Мәселен, өткен жылы  осыған ұқсас бірнеше факт тіркеліп, 500 ден астам алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар тәркіленген. Мұрат ДАРЖАҒҰЛОВ  «Ақтау халықаралық әуежайы»  кеден бекетінің жетекші маманы 2020 жылы 5…

Read More

14 ақпанда «Алматы-Өскемен» автожолында жол апаты болып, салдарынан 7 адам қаза тапты. Бұл туралы  azattyq-ruhy.kz сайты хабарлайды. Алдын ала анықталғандай, Nissan Qashai маркалы автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, жол жиегінде тұрған Volvo көлігіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 7 адам қаза тапты (Nissan жүргізушісі мен көліктегі 4 жолаушы, сондай-ақ Volvo көлігіндегі бір жолаушы). Қазір қаза тапқан адамдардың жеке басы анықталып жатыр. Сондай-ақ аталмыш оқиғаға байланысты «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша тергеу басталды.

Read More