Атырауда жол жиегінде өртенген көліктің жүргізушісі іздестіріліп жатыр.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жүргізуші өртенген көлігін оқиға орнында тастап кеткен. «14 ақпанда сағат 04:20 шамасында «Атырау-Астрахань» бағытындағы тас жолдың айналма бұрылысында «Chevrolet Cobalt» автокөлігі жол жиегіндегі бордюрге соғылған.
Жүргізуші соққы салдарынан өртенген көлікті оқиға орнында қараусыз қалдырып кеткен. Қазір атыраулық полицейлер көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. Еске сала кетелік, Атырау облысында 150 қойымен жоғалып кеткен егде жастағы адам табылды.