Ақтау халықаралық әуежайында бағалы зергерлік бұйымдарды заңсыз алып өтпек болған екі жағдай тіркелді.
Жолаушылар 150 дана әшекейді қол сөмкеге салып, «Стамбұл – Ақтау» рейсі арқылы шетел асырмақ болған. Әуежай қызметкерлері шекті мөлшерден асатын алтын бұйымдарды олардың жүгін тексеру барысында анықтаған. Ұсталған қос азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың әрқайсысына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Жергілікті кірістер департаменті өкілдерінің айтуынша, жолаушылар бағалы әшекейлерді көбінесе, Түркия, Әзербайжан және Грузия елдерінен заңсыз алып келуге әрекеттенеді екен. Мәселен, өткен жылы осыған ұқсас бірнеше факт тіркеліп, 500 ден астам алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар тәркіленген.
Мұрат ДАРЖАҒҰЛОВ «Ақтау халықаралық әуежайы» кеден бекетінің жетекші маманы
2020 жылы 5 факт тіркелді. Олар жысырын алып өтпекші болған. Біреулерде 80 дана алтын бұйымдарды киім кешекке жасырған. Бұл заңсыз әрекеттері үшін әкімішілік жауапкершілік көзделген.
Жалпы, ЕЭО-қа мүше мемлекеттердің келісім шартына сәйкес, жолаушыларға 5 дана қымбат зергерлік бұйымдарды алып өтуге рұқсат беріліпті. Ал одаққа кірмейтін басқа елдерге тасымалдауға тыйым салынған.