Автор: Сайт әкімшілігі

Бүгін Атырау қаласындағы «Нұрсая» ықшамауданында орналасқан «Зейнеп – Әмина» балабақшасынан өрт шықты» деп хабарлайды Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті. Өрт туралы хабарлама сағат 15:46-да түскен. Шақырту орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде, балабақшаның төбе жабындысы толық жанып жатқан. Абырой болғанда, ғимарат ішіндегі 13 бүлдіршінді тәрбиешілер далаға шығарып үлгерген. «Өртті сөндіруге 6 бірлік техника мен 25 жеке құрам жұмылдырылды, 3 оқпан жұмыс жасады. Өрт сағат 16:15 минутта оқшауланып, 16:23 минутта толықтай жойылды. Өрт салдарынан балабақшаның төбе жабындысы (144 ш.м) толықтай жанып кетті. Жедел әрекет нәтижесінде, аталған балабақшадан шыққан өрттің қос қабатты үйге таралуына жол берілмеді» делінген Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз-қызметі…

Read More

«Бұл туралы бүгін өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. «2020 жылы жалпы ұзындығы 49,5 шақырымды құрайтын 77 көшеге автокөлік жолдары салынды. Оның ішінде Жаңаталап ауылындағы автокөлік жолдарының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. 2021 жылы Атырау қаласы мен қала аумағына қарасты елді мекендердегі жалпы ұзындығы 211 шақырымды құрайтын 145 көшесіне автокөлік жолдарының құрылысы жоспарлануда. Және жол кептелісін болдырмау мақсатында 11 көшеге қайта жаңғырту жұмыстары басталып, 2020 жылы жоспардағы 11 көшенің 5 көшесіне​ жалпы ұзындығы 12,3 шақырымды құрайтын Ғабдиев, Амандосов, Құрманғазы, Уәлиханов және Ғұмаров көшелерінің автокөлік жолдарына қайта жаңғырту жұмыстары…

Read More

Дәрігерлердің еңбекақысы 2023 жылы 2,5 есеге, 561 мың теңгеге дейін өседі. Бұл туралы Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин айтты. Бұл туралы turkystan.kz хабарлайды. «Жаңа сын-қатерді ескере отырып, отандық денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен, заманауи жабдықпен, диагностика әрі емдеу әдістерімен қамтамасыз ету бойынша нақты қадамдар жүзеге асырылады. Дәрігерлердің еңбекақысы 2023 жылы 2,5 есеге, 561 мың теңгеге дейін өседі. Орта медициналық персоналдың жалақысы 201 мың теңгеге дейін артады», — деді А.Мамин. Оның айтуынша, барлық көздерден денсаулық сақтау саласын қаржыландыру ЖІӨ-ден 5 пайызға дейін көтеріледі. «2025 жылға дейін барлық өңірде 20 заманауи медициналық…

Read More

Атырауда тергеу изоляторына заңсыз сәлемдеме өткізбек болғандар жазаланды.  Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесіне өткізбек болған заңсыз сәлемдемелерден ұялы телефон мен интернет модем, дәрілік заттар алынған. «Мәселен, қаңтарда 38 жастағы қала тұрғыны тергеу изоляторында ұрлық жасағаны үшін сотқа дейін ұсталып отырған танысына 3 ұялы телефон, 2 дана құлаққап пен интернет модем бермек болған. Сондай-ақ, 23 жастағы жігіт те тергеу изоляторында отырған досына 4 ұялы телефонды азық-түліктің ішіне жасырып, өткізбек болған. Ал, ақпанда 55-жастағы әйел «Трамадол» дәрісіні тамақтың ішіне тығып өткізбек болған жерінен ұсталды», — дейді күзет және режим бөлімінің…

Read More

Ақтаудағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот өз жұмысын  уақытша тоқтатты. . Қалалық Бас санитардың қаулысына сәйкес, осы айдың 19 — на дейін ғимарат табалдырығын аттауға болмайды. Яғни ,сырттан ішкі кіруге тыйым салынды. Мұндағы қызметкерлер тек қашықтан  жұмыс істейді. Сот процесі онлайн  режимде өтеді. Ал кейбір істердің мерзімі белгіленген уақытынан ұзартылды. Талап –арыз берушілерге сот процесі жөнінде  қосымша ақпарат беріледі дейді. Ал, қазіргі таңда ғимаратта залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Неге, не себепті сот жұмысы уақытша тоқтатылғаны туралы ешкім тіс жармай отыр. Естеріңізде болса, дәл осындай жағдай Алматы облысына да орын алған болатын. Онда Сот жұмысы түгелдей тоқтатылып, сала қызметкерлері қашықтан жұмыс жасауға…

Read More

AsiaCredit Bank АҚ лицензиясынан айырылды. Банктің қаржылық жағдайын жақсартуға арналған іс-шаралар былтыр желтоқсанда аяқталды. Банк пруденциялық нормативтерді бұзуды жалғастыруда және Банк клиенттері алдындағы төлемдер мен аударымдар бойынша міндеттемелерді орындамады. 1 ақпандағы қорытынды бойынша 23мыңнан астам жеке тұлғаның 19 миллиард теңге қаражаты бар. Салымшылардың 97,7 процентінің депозиттері «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның кепілдігімен толық көлемде жабылады. Төлемдерді жүзеге асыру ресми хабарланған күннен кейін, 5 жұмыс күні ішінде басталады. Қор салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлеу үшін конкурстық негізде агент банкті таңдайды. Салымшының өтініші бойынша оның ақшасы агент банктің кассасынан қолма-қол ақшамен немесе қолданыстағы банк шотына аударылуы мүмкін. Клиенттер кепілдік берілген өтемді…

Read More

Оның ішінде Береке ықшам ауданынан​ 240 пәтерлік ​ бір тұрғын үй ​ және Самал ықшам ауданында​ 432 пәтерлік ​ ірі панельды 16 тұрғын үйлердің ​ құрылысын салу жоспарлануда. «Бұл туралы бүгін өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. «Сонымен қатар, Талғайраң елді мекенінде 46 көпқабатты үйлердің құрылысын салу үшін жобалық сметалық құжаттама жасақталды. Және Талғайраң елді мекенінде салынып жатқан 1080 пәтерлік 24 көп қабатты тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылыс жұмыстары жүргізілуде» деп атап өтті спикер. Бұдан бөлек, «Нұрлы жер» тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік…

Read More

«Бұл туралы бүгін өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. «Қазіргі таңда Томарлы селосында және Геолог ықшам ауданында спорт кешенінің құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда. Сонымен қатар, Атырау​ қаласындағы 25 мектепке арналған спорт алаңының жұмыстары жалғасуда. Олар биыл ​ іске қосылады» деді спикер Қайрат Оразбаев. Еске сала кетелік, өткен жылы Атырау қаласында 17 спорттық нысан пайдалануға берілді. Оның ішінде 5 футбол алаңы, 2 баскетбол алаңы, 4 воркаут, 6 балалар ойын алаңдары бар. «Осы бағытта жұмыстарды әрі қарай жалғастырамыз, жалпы аула ішілік 23 спорттық нысандардың,​ оның ішінде 1…

Read More

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті бүгін түстен кейін отставкаға кеткен Мұсылмандар діни басқармасының басшысы Мақсат Токтомушевты ұстады. Бұл туралы sputnik.kg басылымы жазды. Тергеу мәліметтері бойынша, Қырғызстан муфтияты басшылығы қажылар қажылыққа жіберген ақшаны өзімшілдікпен пайдаланды деген күдікке ілінген. Бұл жеке қаржы институттарына 100 миллион сомнан (200 миллион теңге шамасында) асатын ірі несиелер беру және ай сайынғы сыйақы алу арқылы жүзеге асырылғаны атап өтілді. 2021 жылы 10 ақпанда Мақсат Токтомушев қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бүгін SAMK-тың бас есепшісі де ұсталды . Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, Мұсылмандар діни басқармасының басшылығы комитет қызметкерлеріне 100 мың доллар пара ұсынған. Бухгалтер пара беру кезінде…

Read More

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалына туристік нысан салуға қатысты көзқарасының қандай екенін айтты. Бұл туралы ойын Instagram парақшасында бөлісті. «Жақында Бозжыра шатқалына қонақ үй салу туралы жоспар біздің қоғамда кең талқыланды. Пікірлер екіге бөлінді. Бір топ тыйым салуды жақтаса, екінші жағы осы туристік нысан жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті аймақты дамытуға түрткі болады деп, қолдау білдірді. Екі жақтың да пікірлері дұрыс. Табиғатты қорғау керек, бірақ біз де дамуымыз керек… Халықтың пікірінің жағымды және жағымсыз тұстарын ескере отырып, Бозжыра маңына қонақ үй салу орынды деп ойлаймын. Бірақ ол шатқалдан экологиялық қауіпсіз қашықтықта салыну қажет. Тек қонақ…

Read More