AsiaCredit Bank АҚ лицензиясынан айырылды. Банктің қаржылық жағдайын жақсартуға арналған іс-шаралар былтыр желтоқсанда аяқталды.
Банк пруденциялық нормативтерді бұзуды жалғастыруда және Банк клиенттері алдындағы төлемдер мен аударымдар бойынша міндеттемелерді орындамады. 1 ақпандағы қорытынды бойынша 23мыңнан астам жеке тұлғаның 19 миллиард теңге қаражаты бар. Салымшылардың 97,7 процентінің депозиттері «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның кепілдігімен толық көлемде жабылады.
Төлемдерді жүзеге асыру ресми хабарланған күннен кейін, 5 жұмыс күні ішінде басталады. Қор салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлеу үшін конкурстық негізде агент банкті таңдайды.
Салымшының өтініші бойынша оның ақшасы агент банктің кассасынан қолма-қол ақшамен немесе қолданыстағы банк шотына аударылуы мүмкін. Клиенттер кепілдік берілген өтемді алу үшін агент банкке барған кезде жеке куәлігі болса жеткілікті.