Қоғамдық тамақтану орындары үшін жұмыс жасау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Caspian Life. «Қоғамдық тамақтану объектілеріне сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 50-ден аспайтын отыратын орын орнатып, 50% дейін толтырылуымен, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз етіп), фудкорттар тек жеткізу қағидасы бойынша штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс жасауға рұқсат етіледі» делінген Атырау облысындағы шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы Қаулыда.
Автор: Сайт әкімшілігі
Қазақстанда пәтер бағасы өсті. Жаңа тұрғын үйдің құны 3% – ға, қайталама нарықтағы пәтерлер бір айда 5% өсті. Жалға берілетін тұрғын үй құны 2,7% көтерілді, деп хабарлайды ORDA. Жаңа тұрғын үйге жылдық өсім (2021 жылғы қаңтар – 2020 жылғы қаңтар ) 7,3% – ды, қайталама тұрғын үйге-17,9% – ды құрады. Облыстарға бөлгенде «Крыша» порталының сарапшылары еліміздің әр өңіріндегі ұсыныстардың орташа бағасын атаған болатын. Ең үлкен өзгерістер Петропавл мен Павлодарда байқалады. Бұл өңірлерде индекс 5.2% – ға өсіп, тиісінше 1 шаршы метр 308 425 және 255 650 теңге болып отыр. Өскемен мен Көкшетауда өсім 4.8 және 4.2% -ға жетіп, бір шаршы метр 296 625 және 263 575 теңгеге өскен. Қызылордада аудан бірлігінің…
Денсаулық сақтау министрлігі 10 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. 10 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның екі облысы мен бір қаласы әлі де «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы. «Сары» аймақта Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Бұған дейін осы облыстармен қатар тұрған Атырау өңірі «жасыл» аймаққа шықты. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр. Еске салсақ, бұған дейін ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланған болатын. Қаулы ережелеріне сәйкес, «жасыл» аймақтағы өңірлерде мешіттерге жұрттың жиналуына, сонымен қатар мектеп…
Қазақ пен өзбек арасын жаңа жол байланыстырмақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Өзбекстан мен Ресейге қатынайтын жолдарды ақылы ету туралы бұйрықтардың жобасын жариялады. Бұл туралы Inbusiness.kz хабарлайды. Бірінші бұйрықта Шымкент-Ташкент арасын жалғап жатқан жолдың шекараға дейінгі 84 шақырымы ақылы болатыны көрсетілген. Нақтырақ айтсақ, Өзбекстан шекарасы – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы (ҚР шекарасына кіреберістермен және Тараз, Құлан, Қордай асуы) айналма жолдарының 719– 803 шақырымдар арасындағы учаскесі ақылы негізде пайдаланылады. Құжатта ақылы жолмен жүргісі келмегендерге балама нұсқа ұсынылатыны айтылған. Яғни, ақылы жолға ақша шығындағысы келмегендер Шымкент–Бадам–Маятас –Сұлтанрабат – Первомаевка – Жаңабазар – Сынтас – Қарабау –…
Қазақстандық әнші әлемдік шоу-бизнестің орталығында болуы керек екенін, сол себепті Америкаға кеткісі келетінін айтты Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шығармашылық жолын жетілдіру мақсатында АҚШ-қа көшетін болды. Бұл туралы әнші желідегі парақшасында мәлімдеді. «MTV USA телеарнасына Кевин Кенниге берген екінші эксклюзив сұқбатым шықты. Менің Қытайда қанша жыл тұрғанымды және шығармашылығымды қолдау үшін Америкаға қашан көшуді жоспарлап отырғанымды толық нұсқадан біле аласыздар», — деп жазды Димаш Instagram парақшасында. Сұқбат барысында қазақстандық әнші Америкаға кеткісі келетінін айтты. «Музыканы жетілдіру үшін біраз уақыт Америкада болуды жоспарлап отырмын. Ол үшін әлемдік шоу-бизнестің орталығында болу қажет. Менде осыған ұқсас тәжірибе бар: мен музыкамды жетілдіру үшін үш…
Әлемдік нарықта қара алтын бағасы қымбаттады. Бұл – мұнай экспорттаушы елдер ұйымының келіссөзінің жемісі. Нәтижесінде Лондондағы ІСЕ биржасында Вгеnt мұнайының баррелі 0,76 пайызға өсіп, 61,02 долларға жетті. Ал, WTI сұрыпты қара алтынның құны 58,2 долларға бағаланды. Әлемде вакцинациялау басталғаннан кейін сұраныстың артуы шикізаттың қымбаттауына себеп болды, дейді сарапшы. Асылбек ДЖАКИЕВ, «Petrocouncil» мұнай-газ кеңесінің төрағасы Бірінші себебі, жалпы ОПЕК-тің отырысы болды. Енді нақты шешімі мұнайдың әлемдік мұнайдың өндірісін түсіру керек. Енді екінші мәселе – вакцина мәселесі. АҚШ-ның сарапшылары айтып жатыр, жалпы мынау әлемдік нарық осы вакцинаға үмітпен қарайды. +01:00 Бәрімізге мәлім мынау мұнай-газ саласы негізгі эконмика саласы болып табылады. Біздің…
Мемлекеттік тапсырыс арқылы қаржыландырылатын мекемелерге нақты қолдау керек. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дариға Назарбаева Үкіметке осы мәселе бойынша депутаттық сауал жолдады. Депутаттың айтуынша, жекеменшік орталық көбейгелі балабақша тапшылығы азайып, бюджет қаржысы үнемделген. Алайда мемлекеттік білім беру мекемелері мұғалімдерінің жалақысы соңғы жылдары бірнеше рет өссе де, жеке саладағы педагогтардың еңбекақысы сол күйі қалған. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік тапсырыс кезінде жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемін өздері бекітеді. Ал ол белгіленген орташа мөлшерден төмен. Салдарынан қызметкерлердің жалақысы өспейді.
Оның ішінде, 675 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. «Бұл туралы өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін берген Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыты аясында 14 адам грант алып, кәсіптерін ашты. Қысқа мерзімдік қайта даярлау оқуларына 60 жұмыссыз оқуға жолданып, 16-сы жұмысқа орналасты. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 61 адам несие, 128 адам грант алып, кәсіптерін ашты» деп атап өтті спикер. Жалпы, Құрманғазы аудан бойынша 2472 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Еске сала кетелік, онлайн форматта өтіп жатқан брифингке Атырау облысының әкімі…
Нәтижесінде 1000-нан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. «Бұл туралы өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін берген Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. «СевКаспий ФИШ» ЖШС 2 млрд. инвестиция салу арқылы балық қорын көбейту, бекіре тұқымдас және қара балықтарының 10 милионнан астам шабақтарын қолдан өсіріп, Қиғаш өзеніне қайта жіберуді жоспарлап отыр. Және тоған шаруашылығын дамыту қолға алынады. Бұдан бөлек, балық, егін, мал және құс шаруашылықтарын дамыту мақсатында Қиғаш өзенінде 243,55 километрді құрайтын жанама су айдындарын (каналдар) түптереңдету және 75 шақырымдық «Кобяково — Забурунье» суару – суландыру жүйесін қайта жаңғырту…
Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен, Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Абзал Меңдібаев тағайындалды. Абзал Меңдібайұлы 1977 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. «Қайнар» Университетін және Қазақ ұлттық техникалық университетін халықаралық экономист, тау-кен инженері мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы мұнай және газ жөніндегі оператор болып бастаған. Мұнай газ саласында түрлі лауазымдық қызметтерді атқарды. 2016 жылы «КазАзот» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Шағырлы-Шөмішті» филиалының директоры қызметін атқарған. 2020 жылдан осы күнге дейін «Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы лауазымында болған.
