Автор: Сайт әкімшілігі

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өзінің портретін мемлекеттік ғимараттарға, жұмыс кабинеттеріне ілмеуге шақырды. Бұл туралы 8 ақпанда президенттің баспасөз хатшысы Галина Байтерек жеткізді. «Президент Садыр Жапаров қазір елдің жағдайын жақсарту үшін ештеңе істемедім деп есептейді. Сондықтан президент барлық мемлекеттік органдарға портретін ілмеуді сұрап жатыр. Портрет ілгісі келгендер Жусуп Абдрахманов, Исхак Раззаков сияқты елді нығайтуға қызмет еткен мемлекеттік қайраткерлердің суретін ілуге болады», – деді Байтерек. Қаңтар айының соңында президенттің Оштағы резиденциясының директоры Санжарбек Төлөнбаев Садыр Жапаровтың кілемге тоқылған суретін кабинетіне іліп алғаны әлеуметтік желілерде қызу талқыланған. Санжарбек Төлөнбаев кілем Жапаров абақтыда отырғанда тоқылғанын айтқан. Қырғызстанда былтыр 4 қазанда өткен парламент сайлауының нәтижесіне…

Read More

4 ақпанда Атырауда белсенді Макс Боқаев түрмеден босап шықты. 2016 жылғы жер митингісінен кейін 5 жылға сотталған белсендіні ондаған адам қарсы алды. Азаттық тілшісіне берген сұхбатында Макс Боқаев билікті Конституциялық құрылтай шақыруға көндіру туралы айтты. «ЖАҒДАЙ НАШАРЛАЙ ТҮСТІ» Азаттық: Сіз Нұрсұлтан Назарбаев президент болып тұрған кезде түрмеге қамалып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұсында бостандыққа шықтыңыз. Осы уақыт аралығында жүйе өзгерді ме, қалай өзгерді? Макс Боқаев: Жаман жағына қарай өзгерді, жағдай одан сайын нашарлап кетті. Мысалы, мен қамауға алынған 2016 жылы Қазақстан азаматы мәслихат депутаттығына кандидат етіп өзін өзі ұсына алатын. Ал қазір өзін өзі ұсына алмайды. Осы бір мысалдан-ақ жағдайдың нашарлағанына көз жеткізуге болады. Бұрын мен Тоқаев жайлы білімді, Еуропада жұмыс…

Read More

Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады   Биыл кредит алған азаматтарды оңалту және несие бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелерін реттеу тетіктері енгізіледі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен қаржы нарығын реттеу төрағасы Мәдина Әбілқасымованың кездесуінде айтылды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы мемлекет басшысына қаржы нарығының былтырғы даму қорытындылары және агенттіктің биылғы жұмысының негізгі басымдықтары туралы баяндады, деп хабарлады Ақорда.  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың борыштық жүктемесін азайту жөніндегі реттеу шаралары қабылданды. Соның арқасында тұтынушылық кредиттің өсуі азайды. Биыл қарыз алушы жеке тұлғаларды оңалту және кредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелерін реттеу тетіктері енгізіледі, қарызын қайтармайтын…

Read More

2001 FO32 астероиды Жердің маңынан ұшып өтеді, ол 2021 жылы біздің ғаламшарымызға жақындаған ең үлкен ғарыш денесі болады, — деп хабарлайды LADbible. NASA мәліметінше, 2001 FO32 астероиды 21 наурызда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:03-те Жерден шамамен 2,02 миллион шақырым қашықтықта секундына 34 шақырым жылдамдықпен ұшып өтеді. 2001 FO32 біздің ғаламшарымыз сияқты Күнді айналып жүретін көптеген объектінің бірі саналады. Астероидтың нақты көлемі белгісіз, бірақ есептеулерге сүйенсек, ол 767 метрден 1,71 шақырымға дейін болуы мүмкін. NASA мәліметі бойынша, астероид біздің планетамыздан 5,3 LD қашықтықта өтеді. 1 LD Жер мен Айдың арақашықтығындай, 384 мың шақырым екені атап өтілген. Ғалымдар бұл астероидты қауіпті денелер санатына қосқан.…

Read More

Жалақысынан қағылған жұртшылық жиын ұйымдастырды. 2 айдан бері еңбекақы қолына тимеген «ТехникаРемстрой» компаниясының жұмысшылары «ақымызды ала алмағанымыз аздай, бір жылдан бері медициналық сақтандыру мен зейнетақы жарнамыз төленбей келген» дейді. Асхат БАЛЫБАЕВ, құрылысшы Осы уақытқа дейін ештеңе төлемеді. Бірақ төлемеген себебі айтты.Біз сендерге үш ай сайын аударып отырмыз деп. Енді осы Дамба елінде жүргесін біз көп қарамаймыз. Бірақ біз кеше соңғы рет барып қарағанымызда ештеңе түспеген. Жалақының уақытылы төленбеуін жұмыс берушілер есепшоттың бұғатталуымен түсіндірді. Осы жағдайдың құрбанына айналған мердігерлер де компанияның өзіне миллион теңгеге жуық қарызы бар екенін айтады. Көпшіліктің көңілін күпті еткен мәселеден енді ғана хабардар болдық деген әкімнің орынбасары…

Read More

Бұл сұрақтың жауабын испан аниматоры Альвароның қызықты үш ролигінен көруге болады. Ол өзінің MetaBallStudios YouTube каналында жер планетасындағы кей елдерді ғаламшарға айналдырған бейнесін жариялады. Осылайша автор мемлекеттердің жер көлемі бойынша қаншалықты ерекшеленетінін байқауға болатынын көрсетті. Мысалы, ең кішкентай Ватикан мемлекеті диаметрі 400 метр болатын планетаға ұқсайды. Біздің елге келетін болсақ, Қазақстан диаметрі 931 шақырымды планетаға айналады. Бұл – Қазақстанның территориялық аумағы бойынша 9-орында болуының нәтижесі. Малика Такежанова

Read More

Атырау, Caspian News. Жылыойдағы апатты үйдің тұрғындары облыс әкімдігі алдында шу шығарды. 9 жыл күткен баспанаға әупірімдеп жеттік-ау дегенде сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық департамент мемлекеттік сатып алудағы конкурсты тоқтатып қойған. Жылыой тұрғыны: 74 пәтердің мәселесі, 100 емес 74 бала-шағасын есептемегенде. Сол тиынға Астанаға мост салып беріп жатыр, Түркістанға cауда үйін салып беріп жатыр, Арысқа ақша аударып жатыр. Мұнайдың астында газға уланып жатқан біздер тұруымыз керек пе,  74млн-ды үнемдейміз деп. Құлсарылықтар едені қақырап, қабырғасы шытынап, жаңбырлы күнде су басатын үйді әлі күнелтіп келеді. Жиналған жұрттың 2016 жылы апатты деп танылған баспанасындағы 1 бөлме әкімдік 4млн теңгеге бағалап берген. Алайда кейін порталға…

Read More

Қайғылы оқиға өткен жылы болған. Қыркүйек айында Қазталов ауданының 19 жастағы тұрғыны өзінің танысынан аяғы ауыр екенін білді Батыс Қазақстан облысында өзінің жаңа туған сәбиін өлтірген жас әйелге қатысты үкім шықты. Бұл туралы  «Мой город» порталы хабарлайды. Қайғылы оқиға өткен жылы болған. Қыркүйек айында Қазталов ауданының 19 жастағы тұрғыны өзінің танысынан аяғы ауыр екенін біледі. Ол кезде жүктілік мерзімі шамамен алты айға жуықтаған. Педагогикалық колледждің студенті баланың әкесіне жүктілігі туралы айтқанда, ол жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмеген. Студент қыз ата-анасының қаһарынан қорқып, бұл жағдай туралы басқа ешкімге тіс жармады. 23 қарашада оның іші ауыра бастаған. Осы уақытта оның анасы дүкенге…

Read More

ІІМ қызметкері жеке тұлғаның ЖСН нөмірін тергенде оның жүргізуші куәлігі мен көліктің техникалық құжатының қашан алғаны туралы ақпарат шығады. Сондықтан жүргізушілер тек жеке куәлікті алып жүреді. Алайда кей жағдайда тек жеке куәлік жеткіліксіз. Бұл мәселені ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов түсіндірді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. «Қазір жүргізушілерге жеке куәліктен басқа құжаттарды алып жүрмеуге рұқсат беруге байланысты ІІМ жол жүру тәртібіне өзгерістер енгізіп жатыр. Бұл құжаттар (жүргізуші куәлігі, көліктің техникалық паспорты) әрі қарай да беріледі. Себебі ол әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызмет болып есептеледі. Жыл сайын біз 500 мыңға жуық жүргізуші куәлігін және 1,5 миллионға жуық көлікті тіркеу…

Read More

8 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы шамамен 1%-ға өсті. Эталон сұрыпты «қара алтын» баррелінің құны 60 долларға жақындады. Вакцинациялау процесі басталғаннан кейін сұраныстың артуы шикізаттың қымбаттауына себеп болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz. Нарыққа тағы бір фактор оң әсерін тигізуде. Ең ірі мұнай импорттаушы саналатын Қытай елінде сұраныс тұрақты түрде артып келеді. Бұл елге баратын танкерлердің саны көбейіп, соңғы алты айдағы ең жоғары көрсеткішке жеткен. Еске сала кетсек, Сауд Арабиясы ақпан және наурыз айларында бір тәулікте өндірілетін мұнай көлемін 1 млн баррельге қысқарта бастаған еді. Өткен айда ең ірі мұнай өндіруші саналатын бұл ел өндірісті 1,88 млн баррельге азайтып, бір…

Read More