Автор: Сайт әкімшілігі

Күннің күрт жылынуына орай мұздың беріктігіне күмән көбейді. Әйтсе де Атыраулықтар қауіпсіздікке қатаң қарайтын сыңайы жоқ. Атырау облыстық төтенше жағдай департаменті мамандарының сөзінше, мұздың қалыңдығы 2-3 см — ге кеміген. Сол себептіде халықтың абай болғаны жөн дейді олар. Жантөре ДЕМЕШОВ, Атырау облысы ТЖД бөлім бастығы Сондай-ақ мұздағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында мұз үстіне шықпауға және де ата-аналар мысалы кішкентай балаларын мұзға ойнауға жібермеуге, жалғыз қалдырмауларын сұраймыз. Және де 2020 жылдың ішінде 7 адам суға кету фактілері орын алған болатын. 2021 жылдың осы күнге дейін ондай фактілер тіркелмеді.

Read More

Декретке шыққан әйелдің төтенше жағдай кезінде жалақы және әлеуметтік төлемді бір уақытта алғаны анықталған жағдайда 42 500 теңге көлеміндегі төлемді ерікті түрде қайтаруы қажет   Әлеуметтік желіде декретке шыққан келіншектердің арыз-шағымы тарады. Олар төтенше жағдай кезінде 42 500 теңгені алған, енді бір жасқа дейін бала күтіміне берілетін жәрдемақы төленбей жатыр. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Sputnik Қазақстан тілшісіне осы мәселеге қатысты түсініктеме берді. Айта кетейік, былтыр төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған адамдарға 42 500 теңгеден көмек берілген болатын. Ол ақша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының есебінен төленді. Бұдан бөлек, заң бойынша қордан еңбекке жарамсыз болып қалу, асыраушысынан айырылу, жұмыссыз қалу, жүктілік пен босану,…

Read More

«Бұл туралы бүгін өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи айтты» деп хабарлайды Caspian Life. «Өрлік ауылының мәселесі бойынша жол құрылысын биыл бастауды жоспарлап отырмыз. Қаржының мүмкіндігіне қарай биыл толық аяқтаймыз, немесе келесі жылға дейін созуымыз мүмкін» деп жауап берді аудан әкімі. Биыл Өрлік ауылында  құрылысы біткен спорт кешені тұрғындардың қолданысына берілетіндігін атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындар үшін демалыс орындары, саябақ, көшелерді жарықтандыру жобалары жүзеге асатынын мәлімдеді.

Read More

Қазіргі таңда аталмыш бағыттағы жұмыстарға 1486 адам тартылған. «Бұл туралы бүгін өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. «Көктоғай, Елтай, Есбол, Ақтан және Қызылжар, Индербор кенті бойынша 70,4 шақырым автокөлік жолдары,​ 51,6 шақырым жаяу жүргіншілер жолдарын қайта жаңғырту және күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 1486 адам, оның ішінде жұмыссыздық есебінде тіркелгендерден 742 адам тартылды» деп атап өтті спикер Мейірім Қалауи. Еске сала кетелік, Индер ауданы бойынша​ барлығы 453,6 км автомобиль жолы бар. Оның 82 шақырымы республикалық маңызы бар «Атырау — Орал» тас жолы. Жалпы ұзындығы…

Read More

Атырау қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында карантиндік шараларды күшейту туралы қаулы шықты. Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36,102,104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысына, Атырау қаласы аумағында қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1.       Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 21 қаңтарындағы №1 қаулысымен басшылықа ала отырып Атырау…

Read More

Қазақстанда «қызыл» аймақтан БҚО шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК өкілдері қазір коронавирус бойынша «қызыл», «сары» және «жасыл» аймақтарда қай өңірлер орналасқанын айтты. «Қызыл» аймақта әлі де Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.⠀

Read More

Үш мемлекет COVID-19 вакцинациясынан өткен паспорты бар туристерді қабылдауға дайын екендерін жариялады, тағы бірнеше елдер коронавирусқа қарсы вакцинацияланған саяхатшылардың кіру шарттарын талқылап жатыр, — деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы ATOР басылымына сілтеме жасап. Хабарламада, егер саяхатшыларда ПТР сынағы теріс болса және олардың COVID-19 вакцинациясының екі кезеңінен өткенін растайтын куәлігі болса, Сейшел аралдары карантинсіз туристерді қабылдауға дайын. Исландия да коронавирусқа қарсы вакцинацияланған туристерді карантинсіз қабылдауға дайын. Алайда, вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мақұлдауы қажет. Туристер Румынияға тіпті қауіптілігі жоғары елдерден де бара алады, егер олар коронавирусқа қарсы вакцинация жасаған медициналық мекеме берген құжатты ұсынса, 14 күндік карантин енгізілмейді. Тағы бірнеше елдер туристерді теріс ПТР анықтамалары…

Read More

Бұл ҚР мәдениет қайраткері Құтмағамбет Қонысбай есімді азаматтың мақаласы екен. Мақала Қамшы порталында жарияланыпты. Кезінде «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған сұхбатын негізге ала отырып жазғанын баяндап кетіп, оның ел ішіндегі беделіне тоқталып өткен екен. Назарбаев пен Тоқаевтың сенімді серігі екенін де жазып кетуді ұмытпапты. Кейін саясатқа қайта оралу керектігін жазыпты. Келесі мақаланың екінші жартысының үзіндісінен келтірейік. «…Ең бастысы, еліміздің саяси билігінде, қалың халық пен зиялы қауым, жалынды жастар арасында Сізді құрметтейтін, мемлекеттік қызметке араласқаныңызды қалайтын азаматтар көпшілік екеніне күмән жоқ. Жоғарыда айтқанымдай, Сізден ел әлі күнге қызметке араласады деп үміт етіп отыр. Егер зейнеттемін, «аш құлақтан тыныш құлақ» деп отыра беретін болсаңыз,…

Read More

Көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әнес Сарай қайтыс болды, деп хабарлайды. Бұл туралы Egemen.kz   хабарлайды. Сарай Әнес Төлендіұлы 1937 жылы Ресейде, Астрахан облысы, Володарский ауданы, Кірмалай ауылында туған. ҚазҰУ-ды бітірген. «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында редактор, Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарған. Ол Батыс Алашорда тарихын қамтитын «Еділ-Жайық» романының және Алаш козғалысына қатысты деректі материалдардың авторы. «Мұнаралар шақырады» (1969), «Бозқырау» (1973), «Қараша өткен соң» (1974) атты әңгіме-повестерінде, «Тосқауыл» (1976), «Алтын арал» (1984), «Еділ—Жайық» (1994) романдарында Астрахан—Атырау өңірі еңбеккерлерінің өмірін, тыныс-тіршілігін арқау еткен. «Мұхаммед пайғамбардың өмірі», «Исатай мен Махамбет», «Қу тазша», «Тойтиып қалды», «Ару Алматы», «Мұңым менің», «Аңсау» пьесаларының авторы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996).

Read More