Ақтаулық полицейлер марихуана тасымалдаған жергілікті азаматты қолға түсірді. Күдіктінің автокөлігін тінтіп, тексеру кезінде отырғыш астынан бір бума табылған. Оның ішінен өзіндік иісі бар сіріңке қорабына салынған 80 дана есірткі заты шықты. Жалпы салмағы 776 грамм дейді сақшылар. Сараптама қорытындысы марихуана екенін көрсетіпті. Қазіргі таңда күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Айғаным РАХМЕТОВА, Маңғыстау облыстық ПД өкілі Аталған дерек сотқа дейінгі біріңғай тізіліміне енгізілді. ҚР ҚК 297 бабы 1 бөліміне сәйкес тіркелді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Автор: Сайт әкімшілігі
Атырау, Caspian Life. Басқаларға қарағанда атыраулықтардың табысы көбірек. Статистика департаменті берген мәліметтерге сүйенсек, өңірдегі орташа айлық жалақы — 377 446 теңге. Ал сала бойынша алып қарасақ, ең жоғары жалақы — мұнай-газ қызметкерлерінде. Олар 970 мың теңгені қалтаға басады. Ең төменгі жалақы – ауыл, орман және балық шаруашылығы жұмысшыларының еншісіне тиген, яғни — 97 829 теңге. Байқағанымыздай табыстағы айырмашылық жер мен көктей. Дәл осы мағлұмат туралы көпшіліктің пікірін білдік.
Атырау, Caspian Life. Мектеп пен өзге оқу орындары шәкірттермен толыға бастады. Бұл Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы негізінде жүзеге асты. Нақтырақ айтқанда, 5 сынып пен 9-11 бітіруші кластар енді білімді офлайн алады. Сонымен қатар, халықаралық мектепте тәлім алатын 7 сынып оқушылары да негізгі пәндерді білім ордасында оқиды. Оған қоса, сабақтан тыс уақытта 5 оқушыдан аспайтын топтарда қосымша сабақ өткізуге рұқсат етілді. Түсірілім тобы табан тіреген №30 мектеп-гимназиясының оқушыларының жүзінен ерекше қуаныш байқалады. Себебі, шәкірттер өз сыныптастарымен қоса, ұстаздарымен қауышқанына дән риза. Әбдірахман ТӨЛЕГЕН, 9-сынып оқушысы Бүгіннен бастап біз офлайн оқитын болдық. Яғни, күнде өзіміздің достарымызбен сыныптастарымызбен оқитын боламыз.Мен…
Атыраулық шенеуніктер вакцина қабылдады. Екпені бірінші болып облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова салдырды. Жалпы «Спутник-V» екпесін салу екі кезеңнен тұрады. Бүгін екпені қабылдағандар 3 аптадан кейін екінші дозасын салдыру қажет. Инфекциядан сақтанудың алғашқы қадамын облыстың бас санитары, онкологиялық диспансер мен облыстық аурухана директоры және өңірдің бас дәрігері жасады. Олар инені медициналық тексерістен өткеннен кейін салдырды. Кейін 30 минут тынығып, әсерлерімен бөлісті. Асхан БАЙДУАЛИЕВ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Соның алғашқы қатарында тұруға өзім шештім. Өйткені өз басым ойлаймын бұл вакцинация негізіндегі біздің халықтың денсаулығына ешқандай зияндылығын алып келмейді .Бізге қайта індетпен күресуге, жоюға көмектеседі. Басқарма басшысы атыраулықтардың 50 пайызы екпе…
Маңғыстау, Caspian Life. Ақтауда түнгі уақытта көпқабатты үйдің астында орналасқан автотұрақта BMW X-5 және ТОЙОТА ЛАНДКРУЗЕР көліктері өртеніп кетті. Жер асты паркингіндегі басқа да техникалар сыртқа шығарылып, қауіпсіз аумаққа көшірілді. Оқиға орнында облыстық ТЖД арнайы техникасы мен бірнеше қызметкер жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер қанша су құйып, көбік шашқанымен де, санаулы минуттардан соң қымбат қос көліктің құр қаңқасы ғана қалды. Қызыл жалын қасындағы тағы екі көлікті қатты зақымдаған. Төтеншеліктердің мәліметінше, адам шығыны жоқ, ешкім зардап шекпеген. Мұрат МҰҚАНОВ , Маңғыстау облыстық ТЖД басшысы Аталған өртке Маңғыстау облысы ТЖД 35 қызметкер және 6 бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен қатар нысан көзін қоршауға қорғау үшін…
Қазақстанда коронавирустың таралауына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайды хабарлады. Бірінші ақпандағы жағдай бойынша Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұр. «Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облысы бар. Ал қалған өңірлер «жасыл» аймақта тұр. Қазақстан Республикасы инфекцияның таралуы бойынша «сары» аймақта. Бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті.
Нью-Йоркте қазақ радиосы іске қосылды. Нақты айтқанда, «Freedom FM» радиосы күнделікті 2 сағатты қазақ тіліндегі жаңалық пен музыкаға арнайды. АҚШ-та «Qazaq time» радиосы қалай пайда болғаны туралы ҚазАқпарат хабарлады. Жерлесіміз Данияр Қожан – Алматының тумасы. Ол қаладағы Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Нью-Йоркте тұрып, жұмыс істеп жатқанына 3 жылдан асқан. Онда Данияр адвокаттың PR менеджері болып қызмет етеді. Сондай-ақ, отандасымыз АҚШ-та қазақ мәдениетінің өркендеуіне үлес қосып жүр. Нью-Йорктегі «Qazaq time» радиосы санаулы күн бұрын ғана алғаш эфирге шықты. Қазақстанның Нью-Йорктегі бас консулы Алмат Айдарбеков, «Жұлдыз ФМ» радиосындағы әріптестер және Нью-Йорктегі қазақ полицейі Димаш Ниязов оның бағдарламасына қонақ болған. «Қазіргі…
Атырау облысының бас санитар дәрігері өзінің қаулысына жеңілдік енгізді. Атыраудың оқушылары мен студенттерінің бір бөлігі 1 ақпаннан бастап дәртүрлі оқу форматына көшеді. «300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін, білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаған кезде дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етілсін; жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін қоса алғанда ата-аналардың өтініші бойынша 15 баладан аспайтын сыныптардың жинақталуын сақтай отырып, оқытуға рұқсат етілсін; білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат етілсін; бітіруші сыныптар үшін (9,…
1 минуттық тест мінезіңіздің құпиясын ашады Ғалымдар адамның телефон ұстауына қарап мінезін тануға болатынын айтады. Қалта телефонын қолға ұстаудың төрт негізгі әдісі бар және олардың әрқайсысы адамның жеке басына сәйкес келеді. Өзіңіз туралы қызықты деректерді біліңіз! А. Телефонды бір қолға ұстап, бас бармақпен терсеңіз: Телефонды бір ғана қолмен ұстау адамның көп тапсырмаға қабілетті екенін білдіреді. Сіз ұйымшыл және тәртіптісіз, сіз әрқашан өзіңізге ненің жақсы, ненің жаман екенін түсінесіз, яғни ақ пен қараны бірден ажыратасыз. Сіз тыңдаудан гөрі көп сөйлегенді ұнатасыз, бірақ сіз ешкімге зияны жоқ жансыз. Сіз нағыз махаббатты қалай ажыратуға болатынын білесіз. Сіздің сүйіктіңіз үшін сіз бәріне дайынсыз. B. Телефонды екі…
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында елдің жағасын ұстатқан оқиға болды: 35 жастағы әйел өзінің жүкті екенін жасырып, ал босанған соң сәбиді қоқыс жәшігіне тастаған. Бұл оқиғаны облыстық Денсаулық сақтау басқармасы растады. Аудандық дәрігерлердің айтуынша, әйел амбулаторлық есепке тұрмаған және айы-күні жеткенше ешкімге тіс жармаған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Құдаманова әйелдің жағдайы нашарлаған соң ғана жедел жәрдем шақырғанын айтты. 35 жастағы әйел әуелі босанғанын мойындамаған, ол аборт жасағанын, сондықтан қан кетіп жатыр деп түсіндірген. «Жүкті әйел амбулаторлық есепке тұрмаған. Ол өзінің аяғы ауыр екенін жасырып, учаскелік дәрігерге көрінбеген. Аудандық медициналық ұйымдардың акушер-гинекологтары пандемияға байланысты жүкті әйелдермен онлайн…
