«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, 12ақпан сағат 20.00-ге дейін Атырау облысының аумағында тұман күтілуде.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
Тұман кезіндегі шақтық шаралары:
— ауа-райының өзгеруімен және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалап отырыңыз;
— жаяу жүргіншілер белгіленген жерден ғана өтуі қажет;
— жүргізушілерге жолға шығуға тура келген жағдайда, тұман аумағында жылдамдықты бәсеңдетіңіз;
— жолдағы көрініс 2 метрден аспайтын болса, қозғалысты тоқтатуыңыз қажет;
Жолға шықпас бұрын қозғалысты аз жылдамдықпен ақырын бастаңыз. Мектеп жанында, көпірде, көше қиылыстары мен бұрылыстарында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жылдамдықпен жүріңіз. Қозғалыс кезінде көліктер арасындағы қашықтықты әдеттегіден алысырақ ұстау қажет.Сонымен қатар автокөлікпен алыс жолға шығуды мүмкіндігінше шектеңіз.