Автор: Сайт әкімшілігі

Коронавирусқа қарсы вакцинаны 18 жасқа толған, жазбаша түрде келісім берген және екпеге қарсы реакциялары жоқ азаматтар ғана салдырта алады. Кімге вакцина салдыруға болмайтыны туралы Алматы қаласы №4 қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Зарина Алтынбекова айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Маман Алматы емханаларында «Спутник V» вакцинасымен иммундауды жүргізу алгоритмдері туралы айтып, коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін салдыра алатынын және кез келген адам вакцинадан жазбаша түрде бас тартуға құқылы екенін атап өтті. «Вакцина екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші компонентте 0,1 медициналық дозада, содан кейін 21 күнде 0,5 медициналық дозада салынады» деді дәрігер ӨКҚ онлайн-брифингте. Сондай-ақ маманның айтуынша, коронавирусқа қарсы екпе вакцинацияға қарсы көрсетілімі жоқ,…

Read More

Қазақстан парламенті мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитеті сенсациялық заң жобасын кері қайтарып алу және оны палатаның талқылауына шығармау туралы шешім қабылдады. Заң жобасы депутаттардың бастамасымен 2019 жылы президенттің елдегі отбасылық-тұрмыстық жанжалдар санының артуы туралы айтқан жолдауынан кейін көтерілді. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Sputnik Қазақстанға бұл заң жобасы парламентте 10 айдан астам уақыт талқыланып жатқанын айтты. «Жұмыс топтары тоқтамастан заң жобасымен жұмыс істеуді жалғастырды. Парламенттен басқа, 55 ұйым заң жобасымен жұмыс істеп жатыр. Қазір көпшілігі депутаттарға жала жауып жатыр», — деді депутат. Ирина Смирнова мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмилә Нұрманбетованың құжатты қайтарып алуға және оның мазмұны бойынша одан әрі жұмыс істеуге шешім қабылдағанын айтты.…

Read More

«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, Атырау облысының аумағында 27 қаңтар 20.00 сағаттан бастап 28 қаңтар сағат 20.00-ге дейін желдің екпіні  15-20 м/с. болуы күтілуде. Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: – егерде сізкөшеде қатты желге тап болсаңыз, ғимараттар мен құрылыстарды паналау кажет. – қатты желден үйлердің қабырғаларына жақын тығылмаңыз, өйткені шифер және басқа да шатыр материалдары шатырлардан құлап кетуі мүмкін. – жоғарғы қабаттың терезелерінен құлаған әйнек, сондай-ақ желмен жыртылған шатыр элементтері қауіпті болуы мүмкін. -үзілген сымдарға жақындау қауіпті. – сонымен қатар билбордтардан, маңдайшалардан, жол белгілерінен, электр желілерінен аулақ болуыңыз керек. – үлкен ағаштардың жанында болу қауіпті, сондай-ақ…

Read More

Бүгін Атырауда «Халық арнаның» аймақтағы филиалы ашылып, жұмысын бастады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төл арнасының филиалы тұңғыш рет Атырау облысында ашылып отыр. Бұл туралы Орталық мешіттің баспасөз қызметі хабарлайды. Орталық «Иманғали» мешіті​ жанынан жұмысын бастаған каналдың ашылу рәсімі қасиетті Құран аяттарын оқылуымен басталды. Бұдан соң Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау хаты оқылды. «Қазіргі уақытта имамдар алдында ақпарат алаңына иелік ету міндеті тұр. Қоғамға қажетті, ізгілікті ту етіп көтеретін, адамгершілікке шақырып, ой салатын тақырыптарды көтеріп, сүбелі сұхбаттар ұйымдастырып, әсерлі уағыз-насихат жүргізу қажет. Жаңа студия құнды ақпарат пен құнарлы уағыздың алаңы болсын деп тілеймін» делінген құттықтауда. Филиалдың ашылу рәсіміне арнайы қатысқан Ақпарат және қоғаммен…

Read More

Атырау облысы – экономикалық даму бойынша кенже қалған өңірлердің қатарында. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мәмин Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндады. Ол отандық өндірушілерді қолдау үшін ең қарапайым жұмыстардан бастап бақылауды күшейту керектігін атап өтті. Үкімет басшысы өз баяндамасында өңірлер арасында жобалардың әлдеқайда жүзеге асуы Алматы қаласында, Жамбыл, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында байқалғанын айтты. Ал тізімнен Батыс Қазақстан, Павлодар және Атырау өңірлері төбе көрсетпеді. Яғни бұл осы аймақтардың артта қалғанын білдірді

Read More

Атырау, Caspian Life. Өңірде жол-көлік оқиғалары 24 пайызға азайған. Полиция департаменті мамандарының айтуынша, былтыр 194 мың құқықбұзушылық тіркелсе, оның 154 мыңы жол жүру ережесін бұзу фактілері. Тәртіпке бағынбағандарға 1 млрд 284 млн айыппұл салынып, нәтижесінде қазынаға 975 млн теңге түскен. Құқық қорғау қызметкерлері былтыр 414 азамат жүргізу құқығынан айырылғанын айтады. Тимур МҰСАҒАЛИЕВ, Атырау облысы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы әкімшілік практика бөлімшесінің полиция капитаны Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есеге төмендеу. Сонымен қатар автокөлікті мас күйінде жүргізген 903 тұлғаға хаттама толтырылған.  Жалпы жүргізушілерге айтатынымыз  — жол ережесін сақтап, көлікке мас күйінде отырмауларыңызды сұраймыз. Жарқынай Қанатова

Read More

Мәжілісмен елде жұмыссыз жастар мәселесі өткір тұрғанда, зейнетке шығу жасын кезең-кезеңмен көтеру ақылға сыймайтынын айтты Қазақстан халық партиясының мәжілістегі фракция депутаттары ерлер мен әйелдер үшін зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. Депутат Александр Милютиннің ойынша, қазіргі зейнетақы жүйесі түбегейлі өзгертуді қажет етеді. «Қазақстандықтардың көбінде жалақы аз болғандықтан, зейнетақы жинағы жеткілікті емес. Сол себепті біздің партия бұған дейінгі ынтымақты зейнетақы жүйесіне қайта оралуды ұсынады. Біздің басты ұсынысымыз –  еңбек жағдайларының қиындығына байланысты азаматтардың зейнетке шығу жасын қайта қарастыру. Зейнетке шығу жасын азаматтың жынысына қарамастан 60 жасқа дейін төмендету қажет «, — деді ол премьер-министрге жолдаған…

Read More

2020 жылдың желтоқсанында электр қуаты қазақстандықтарға бір жыл бұрынғыға қарағанда 6,5% -ға қымбаттады, деп хабарлайды zakon.kz. Energyprom.kz хабарлағандай, елорда, сондай-ақ Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары тұрғындарының қалтасын жыл сайынғы электр тарифінің өсімі көбірек қақты. Маңғыстау мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы тарифтер өзгеріссіз қалды. Өткен жылы Қазақстан 107,9 миллиард кВт / сағ электр қуатын өндірді — бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9% артық. Электр энергиясын тұтыну 107,1 млрд кВтсағ құрады, бұл бір жыл ішінде 2% артты. Өндірістің ең көп көлемі Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі, тұтынудың үлкен көлемі — Павлодар, Қарағанды және Алматы облыстары.

Read More

Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысында арнаулы тиегіш техниканың тізгіненде отырған балалардың бейнежазбасы жарияланды. Бұл туралы  Lada.kz хабарлайды. Маңғыстау облысының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл видео өткен жылдың қазан айында түсірілген. Осы жағдай бойынша жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылған. 26 қаңтарда әлеуметтік желіде тиегіштің тізгінінде кәмелет жасыфна толмаған балалар отырған бейнежазба жарияланды. — Аталған факті бойынша Жаңаөзен патрульдік полиция ротасының қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 5-бөлігі бойынша хаттама толтырды. Сондай — ақ, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қызметкерлер 127-бап (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) және 128-бап (Кәмелетке…

Read More

Келесі сот отырысы 1 ақпанға қалдырылды Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Каюпов үйінен табылған конверт толы ақшаның сыйлық екенін айтып ақталған еді. Онлайн режимде өткізілген сот кезінде экс-шенеунік бұл конвертті ұжымдастарының туған күніне сыйға тартқанын айтты. Тіпті, осы сыйлықты алған кезде өзінің мас болғанын да жасырмады. Айтуынша, конвертте қанша ақша салынғанын қарайтын жағдайы болмаған. Бұл туралы AstanaTV хабарлайды. Ал, тендерге қатысқан компания өкілі мұны теріске шығарып берді. Оның айтуынша, Болатбек Каюпов тендерде көрсетілген соманың 10 пайызын сұратқан. Кәсіпкер басқарма басшысының талабын орындауға мәжбүр болғанын айтады. Яғни, даулы конверттегі ақша — осы қаржының бір бөлігі. Бір қызығы, пара ретінде…

Read More