Зейнетақы жинағын ЭКО жасау үшін пайдалануға рұқсат беріледі — CaspianLife ақпараттық порталы
Пятница, 8 декабря, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Зейнетақы жинағын ЭКО жасау үшін пайдалануға рұқсат беріледі

29.01.2021
Денсаулық, Жаңалықтар, Экономика
0
Зейнетақы жинағын ЭКО жасау үшін пайдалануға рұқсат беріледі

Ақпанның басында зейнетақы жинағының бір бөлігін жасанды ұрықтандыру үшін пайдалану қағидалары жарияланады деп жоспарланып отыр

Қазақстандықтар зейнетақы жинағының артығын экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) қызметіне жұмсай алады. Бұл туралы «Отбасы банктің» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.

«Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобы отырысында айтылған мамандар пікіріне сүйене отырып, қуанышты жаңалықпен бөліскім келеді. Зейнетақы жинағын пайдалану ережесіне сегізінші мақсат қосылды. Ол «көмекші репродуктивті әдістер мен технологиялар» деп аталады. Оның ішінде ЭКҰ процедурасы да бар», – деді әлеуметтік желіде қазақстандықтардың сауалына жауап берген Ибрагимова.

ЭКҰ жүргізу үшін зейнетақы жинағын пайдалану қағидалары келесі аптада жарияланады.

«Репродукцияға байланысты мәселесі бар отбасылар зейнетақы жинағын ЭКҰ жасауға пайдалана алады», – деп хабарлады Ибрагимова.

Айта кетейік, 23 қаңтардан бастап «Отбасы банк» (бұрынғы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім қабылдау үшін Enpf-otbasy.kz онлайн-платформасын іске қосты. Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсай алады.

Келешекте қаражатты емделуге және инвестициялау үшін алуға мүмкіндік беру жоспарланған.

 

Оқи отырыңыз...

Енді Қазақстанда бір уақыт белдеуі болуы мүмкін

Енді Қазақстанда бір уақыт белдеуі болуы мүмкін

08.12.2023
Ақтау тұрғындары жер сілкінісін  сезгенін айтуда

Ақтау тұрғындары жер сілкінісін сезгенін айтуда

07.12.2023
Тегтер: Caspian
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.