Маңғыстау, Caspian Life. Ақтаулық полицей 12 жыл уақытын темір торда өткізеді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттік өкілі мәлімдеді.
Криминалдық полиция бөлімінің бұрынғы жедел уәкілі қызмет бабын асыра пайдаланып, жеңіл жүрісті қыздарға қамқорлық көрсеткен. Тәртіп сақшысы жезөкшелікке қарсы жүргізілетін рейдтік жұмыстар жөнінде алдын-ала хабарлап, ескертіп отырған.
Яғни, түнгі көбелектердің қылмыстық әрекеттерін жасырып, кедергісіз жұмыс жасауына ықпал етіп отырған. Бұл қызметі үшін ол ай сайын қомақты ақша да алып келген.
Уәли АБДУЛОВ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің аға тергеушісі
ҚР ҚК 366 бабы 4 бөлігімен және осы кодекстің 262 бабының 3 бөлігімен күдікке ілініп сотқа жолданып, қазіргі таңда ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды. СКЛ 3 млн теңгені ол қылмыстық топ басшысынан 6 ай уақыт ай сайын 500 мың теңгеден алып отырған. Каспий голд еспешотымен , яғни, өзінің іс әректетін жасыру мақсатында тумаластарының есепшоттарына аударып отырған.
Жалпы өткен жылы Департаментте тіркелген 270 істің 36-сы ішкі істер органдары қызметкерлеріне қатысты болған. Полицейлер пара алу, алаяқтық, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану және тағы басқа да қылмыстық іс-әрекеттері үшін жаза арқалаған.