Атырау, Caspian Life. Қасқыр атуға тегін аңшылық жолдама таратылып жатыр.
Былтыр осы уақытта 908 түз тағысын аулауға рұқсат етілсе, енді биыл 1798 -ін жоюға ерік берілді. Мамандардың айтуынша, алдымен жабайы аңның жалпы саны есептелгесін, ату лимиті қойылады. Осы жылы 3,5 мыңнан астам қасқыр есепке алынған. Жалпы, аң аулауға мүмкіндікті электронды түрде алуға болады.
Мереке ШАЛХАРОВ, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілі
Берілген рұқсат бойынша Атырау облысының барлық аудандарына резервтік қорларға және бекітілген аңшылық аумақтарға, тек Ақ Жайық табиғи резерваты мен Новинскии экологиялық қауымынан басқа жерде аңшылық жасауға болады. Қазір аңшылық маусымы 15 ақпанға дейін жүргізіліп жатыр.
Мамандар бүгінге дейін 800-ге жуық жолдама таратып үлгерген, ал қызығушылық білдіргендерге әлі де кеш еместігін айтады.