Автор: Сайт әкімшілігі

Бүгін Атырауда «Береке» ықшамауданындағы 72 пәтерлік №42 үй пайдалануға берілді. Бұл туралы  Atr.kz хабарлайды. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Каспийское кадровое ассоциация мекемесі» салған баспана бұл жолы үш әлеуметтік санат бойынша берілуде. Атап айтқанда, 27 көпбалалы, 28 аз қамтылған отбасы мен 17 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың үлесіне тиіп отыр. бір және екі бөлмелі пәтерлердің іші кең, ал, бастысы – жанға жайлы. Айта кету керек, бұл үй сатып алу құқынсыз берілгендіктен, ай сайын мемлекетке жалдау ақысы төленеді. Бес жылдан бері армандап келген баспанаға қолы жеткен Дамира Ерғалиева небәрі 35 жаста болса да, бір ұл мен төрт қызы өсіріп отырған жайы…

Read More

Денсаулық сақтау министрлігі сәуір айындағы эпидемиологиялық ахуал жөнінде болжам жасады. Министрлік сәуір айында күніне 500 мен 1700 аралығында науқас анықталуы мүмкін дейді. «Оптимистік сценарий бойынша сәуір айында күніне 500 науқасқа дейін тіркелуі мүмкін. Ал пессимистік сценарий бойынша бұл көрсеткіш 1700-ге дейін жетуі мүмкін» деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сейсенбі күнгі үкімет отырысы кезінде. Оның сөзіне қарағанда, вакцинация әзірге эпидемиологиялық ахуалға әсер ете қоймайды. Себебі, адам ағзасында иммунитет қалыптасу үшін біраз уақыт керек. Министрдің айтуынша, соңғы мәлімет бойынша шамамен 76,2 мың адамға коронавирусқа қарсы вакцина егілген. Бұл жыл соңына дейін егілуі тиіс (6 млн адам) тұрғынның шамамен 1,27 пайызын құрайды.…

Read More

Қырғызстанның Республикалық иммундық алдын алу орталығының директоры Гүлнара Ишенапысова «Кабар» агенттігіндегі баспасөз конференциясында коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау және оны ұйымдастыру процесін ұйымдастыру қажеттілігі мен маңыздылығы туралы баяндады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Оның айтуынша, Қырғызстанда халықтың 70 пайызына екпе салынуы тиіс. Дамудың төменгі деңгейі ретінде Қырғызстан 94 елмен бірген COVAX бағдарламасына кірді. «Бұл бағдарламадағы мүшелік аясында біз гуманитарлық көмек ретінде вакцинаның келуін күттік. Бізге AstraZeneca вакцинасы кеңес етілді. Бұл вциналарды алу процедурасына тағы басқа көптеген процедуралар кіріп отыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселені премьер-министр деңгейіне дейін көтеріп, бүгінде біз бұл келісімді үкіметке тапсырдық. Үкіметпен бірлесіп жауапкершілікті орнататын боламыз.Біз вакцинаны сәуір айында…

Read More

Арайлым Қайрақбай 8 жаста. Ол гипоксиямен туылып, дамуында тежелу байқалған. Ата-анасы баланы 3 жасынан бастап психолог, дефектолог, логопед мамандарына апарады. Бүгінде жеткіншек мемлекеттік оңалту орталықтарында ем алып, үздіксіз жұмыстанудың арқасында әріп танып, ойын дұрыс жеткізе алатындай дәрежеде. Дегенмен Арайлымның анасы мемлекет берген көмектің кезегі 3-6 айда бір айналып келетіні қынжылтады, — дейді.  Нұрайна МӘТЖАНОВА, А.Қайрақбайдың анасы Жалпы біздің сөздік қорымыз аз. Менің қызым өз ойын дұрыс жеткізе алмайды. Сондықтан оған логопед, дефектолог, психолог мамандар жұмыс жасаған жақсы. Бірақ ондай мүмкіндікті өзімнің қалтамның көтермегендіктен осындай поликлиникаларға жүгінеміз. Енді әрине көбірек болған жақсы.  Жақсы нәтиже болуы үшін жоқ дегенде күніне үш рет…

Read More

Жапонияның соты бір жынысты некені тіркеуден бас тартуды конституциялық емес деп таныды. Бұл туралы  ORDA. ақпарат агенттігі хабарлайды. Жапондық ЛГБТ қауымдастығы бір жыныстағы адамдар арасындағы некені тану үшін күресте алғашқы үлкен жетістікке жетті. 17 наурызда Саппоро қаласындағы аудандық сот – мемлекеттің бір жынысты одақтарды мойындаудан бас тартуы Жапония Конституциясына қайшы келеді, өйткені ол бостандық пен теңдік принциптерін бұзады деп шешті. — Сонымен бірге, Хоккайдо префектурасынан бір жыныстағы үш ерлі – зайыптылар сотқа берген, сот істі қозғаған. Саппоро аудандық соты олардың әрқайсысына 1 миллион иен (9100 доллар) төлеу туралы талабын қабылдамаған. Ол ақша үкіметтің неке қиюға мүмкіндік бермейтін немқұрайлылығымен келтірген психологиялық залалдың өтемақысы, – деп…

Read More

1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметшілер еңбекқасын жаңа жүйе бойынша алады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне қарасты мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Жарқын Тілеукенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай жаңалық айтты. «Бүгінде «бірдей еңбекке – бірдей төлем» қағидаты бойынша бөлу жобасы әзірленді. Енді лауазымдарды блоктар бойынша бөлу әдістемесі жасалып жатыр. Яғни, маманның лауазымы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге қаншалықты әсер ететітіні сараланады. Стратегиялық лауазымдар блогы болады, одан бөлек мемлекеттік органның қызметін техникалық тұрғыда сүйемелдейтін лауазымдар бар. Осы блоктардың қайсысында жұмыс істегеніне қарай еңбекақы мөлшері сараланып белгіленеді», — дейді агенттік өкілі. Оның айтуынша, сараланған еңбеақы жүйесі 2018 жылдан…

Read More

Осыдан бірнеше жыл бұрын Құлалы аралында жалғыз тұратын азаматпен сұхбаттасып, арнайы репортаж дайындағанбыз.Сол Петр Лупенковтың аралда өмір сүріп жатқанына биыл 26 жыл болыпты. Құлалы — Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі доғаша иілген арал. Ұзындығы 35, ені 5 шақырымды құрайды. 55 жастағы жамбылдық Петр Лупенковтің бұл аралда өмір сүріп жатқанына биыл 26 жыл. Метеоролог мамандығын меңгерген Петр Иванович алғашында Құлалы аралына теңіз айдынындағы ауа-райын зерттеуге уақытшаға ғана келеді. Кейін аралдың табиғатын ұнатып, осында қалуды ұйғарады. «Қалаға жылына бір рет шекарашылардың тікұшағы немесе кемесімен барып келемін. Алайда у-шу ортадан, төрт қабырғадан тез серігіп кетемін. Бала кезімнен таудың етегінде өстім, табиғатқа жақынмын. Мұнда таза…

Read More

Маңғыстауда газ құю бекеттерінде тоқырау  қайта басталды.  Тапшылықтың салдарынан  60-65 теңгеге саудаланып келген сұйытылған отынның литрі , бірден  80-90  теңгеге  шарықтап  кетті. Көлік жүргізушілерінің айтуынша, көп жерлерде  қазір газ жоқ, бағасы қымбат болса да  , шарасыздан сағаттап кезек күтуге мәжбүр. Ал облыстың энергетика басқармасы Атырауға қол жайып отырғанда, ол өңірден бөлінетін газ , келмейтін болыпты. Содан тапшылық туындапты-мыс.  Бауыржан ЕРПАН, Маңғыстау облыстық Энергетика жане ТҮКШ басқармасының өкілі — Негізгі себебі жетпей жатқан шыныменде «АтырауМұнайгаздан» әкелетін екі мың, үш мың тонна келіп тұратын еді. Жөндеу жұмыстарында тұрғанына орай бізде тапшылық байқалып жатыр. Оған қоса, автокөліктердің сұйытылған мұнай газын отын ретінде пайдаланатын…

Read More

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мемлекет басшысының 2021 жылғы 26 ақпандағы Жарлығымен бекітілген елдің 2025 жылға дейінгі дамуының Ұлттық жоспарын таныстырды. Бұл туралы  zakon.kz. хабарлайды. Құжатта коронакризис салдарын нивелирлеуге, тұрақты, инклюзивтік және сапалы экономиканы дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған түйінді саясатты жетілдіру бойынша аса маңызды салалар мен бағдарларды дамытудың стратегиялық пайымы көрініс тапты. 2018 жылы қабылданған 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары елді үшінші жаңғырту процестерін іске қосты. Алайда, пандемия әсер еткен жаһандық экономика дамуының күрт өзгеруі негізгі даму сценарийін түбегейлі өзгертіп, «жаңа ақиқатты» қалыптастырды. «Жоспар халықтың тұрғын үйге, дамыған инфрақұрылымға, сапалы білім беру мен денсаулық…

Read More

Мақатта теміржолдың бойындағы тәртіп бұзу деректері азаймай тұр. Тоғыз жолдың торабында орналасқан мұнайлы мекен тұрғындары көзін ашқалы көргені болатжол болса да, одан келер қауіпті ескермей келеді. Атырау облысы бойынша былтыр 2 адамды пойыз қағып, олар оқиға орнында көз жұмған. Мақат ауданында мұндай қайғылы оқиғалар тіркелмегенімен, жергілікті тұрғындардың теміржол рельстерін рұқсат етілмеген жерден кесіп өтетіні алаңдатып отыр. Мақат стансасының желілік полиция бөлімшесінің қызмектерлері қоғамдық тәртіпті қадағалап, қауіпсіздікті арттыру үшін жедел алдын алу шарасын жиі ұйымдастырады. Теміржол сақшыларынан құралған арнайы топпен бірге бұл жолы бізде рейдке шықтық. Байқағанымыз – жақын маңда бұл жерден өтуге тыйым салынған белгі тұрғанымен оған назар салған…

Read More