Облыста жүргізуші куәлігін алған әйелдердің саны 2 есеге артқан. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы өкілдерінің айтуынша, алдыңғы жылы көлік басқаруға құқық беретін куәлікті 3 мыңнан астам қыз-келіншек алса, өткен жылы олардың саны 6 мыңнан асып жығылыпты.
Бақыт Бейбітұлының сөзінше, ерлерге қарағанда әйелдер теориялық емтиханнан сүрінбей өткенмен, тәжірибе жүзінде қорқынышқа бой алдырады екен. Ал, полицейлер нәзік жандылардың жол апатын жасауына ұялы телефонмен сөйлесу немесе алаңдау себеп болады дегенді айтады.
Гүльназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД ресми өкілі
Биыл атырауда әйел жүргізушілерменен 50 жол көлік оқиғасы орын алып отыр. Мысалы ақпанның 17- сі күні «Ақ жайық» қонақ үй тұсында «Тайота рав 4» пен «Ваз2114» көліктері соқтығысқан. Соңғысының жүргізушісі аяғы ауыр азаматша дәрігерлік көмектен соң үйіне қайтарылды ал оқиғаға кінәлі «Рав 4» көлігінің 85 жылғы туған жүргізушісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 610 бабымен хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, мамандар әйел жүргізушілер сақтандыру компаниясының көмегіне көбірек жүгінеді деп отыр.