Атырауда карантиндік талаптар тағы да жеңілдетілді.
Бұдан бұлай облыстағы сауда орталықтары мен базарлар демалыс күндері де ашық болады. Бұл бас санитар дәрігердің жаңа қаулысында көрсетілген. Сонымен қатар, жаңа құжатта мектептерге де қатысты үлкен өзгеріс бар.
Нақтырақ айтсақ, қазір кезекші сыныпта білім алып жатқан оқушы саны 15-тен 25-ке ұлғайтылды. Яғни, 1шіден 5-ші сыныпқа дейінгілердің қатары он оқушымен толықты. Ал 9 бен 11-ші сыныптар аралас форматта оқытыла бермек. Мұны білім беру басқармасындығылар білім сапасын арттыру үшін жасалған қадам дейді.
Жаңа қаулыға сәйкес, балалар түзету кабинеттері, үйірмелер мен арнайы курстар да штаттық режимге көшеді. Бірақ, әр топта бала саны 15-тен аспауы қажет. Сонымен қатар, Спа орталықтар мен бассейндер түнгі 10-ға дейін жұмыс істейді.