Автор: Сайт әкімшілігі

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекеттік мектептер, балабақшалар және басқа да білім беру ұйымдарының директорлары мұғалімдерді жеке-дара жұмысқа орналастыра алмайтынын мәлім етті. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Сенат депутаттары екінші оқылымда жалпы білім беретін мектеп директорларына қойылатын кейбір жаңа талаптар енгізілген ғылым мәселелері жөніндегі заң жобасын қабылдады. Бірінші түзету мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтарды конкурстық қабылдауды енгізуге қатысты.

Read More

Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Облыстық дін басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетов мәлім етті. «Коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 24 ақпандағы шешіміне сәйкес 1-наурызынан бастап эпидемиологиялық жағдайдың «жасыл аймағында» 7 күн бойы орналасқан өңірлерде бір адамға 4 шаршы метр есебімен толымдылығы 30% -ға дейін жұма намазын өткізуге рұқсат берілді»,-деді Мақсатбек Маханбетов. «Дегенмен бұл босаңсуға себеп емес, жұма намазын өтеу үшін мешітке келушілерге қойылатын өзіндік талаптары бар. Атап айтсақ мешітке міндетті түрде бетперде тағып кіру, мешіт кіреберісінде арнайы антисептик заттарды пайдалану, дәретті барынша үйден алып келу, мешіт ішінде белгілі арақашықтықты сақтау, бір-бірімен қол…

Read More

Видеодан Иманғали Тасмағамбетовтың құнды жәдігер – ер-тоқымды музейге тапсырып жатқанын көруге болады  Мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетов ұлттық музейге құнды жәдігер тапсырды. Бұл туралы музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. «Қымбатты достар, бүгін танымал мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ мәдениетінің жанашыры Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Ұлттық музейге құнды тарту сыйлағанын қуанышпен хабарлаймын. Музей қоры ХVIII ғасырға тән Адай ерімен толықты…», — деп жазды Арыстанбекұлы әлеуметтік желідегі парақшасында. Музей директоры құнды жәдігерді тапсыру салтанатының видеосын жариялады. Онда Иманғали Тасмағамбетовтың ер-тоқымды өз қолымен тапсырып жатқанын көруге болады. «Мынау сүйекпен әшекейленген әдемі ер-тоқым» деген сөзі де естіледі. Осыдан кейін мемлекет қайраткері ұлттық музейді аралап…

Read More

24,5 млрд теңге инвестиция құйылады Қазақстан мен Қытай арасында инвестициялық байланыс нығаяды. Алдағы 2 жылдың ішінде Қытай Қазақстанға 15 жылда құймаған инвестицияны тарту етпек. Бұл туралы ҚР сауда вице-министрі Қайрат Төребаев пен Қытай коммерция вице-министрі  Ван Шоувэнмен кездесуде  айтылды. Бұл жайлы Bugin.kz платформасыхабарлайды. Қайрат Төребаевтың айтуынша, Қытайдың Қазақстанға 15 жылда құйған инвестициясы 20 млрд долларға жетер-жетпес болса, алдағы бір-екі жылда бұл екі есе көбейіп, 25 млрд долларды құрамақ. «Қытай – Қазақстанның ең ірі инвесторларының бірі. Ірі бестікке енеді. Қазақстанға құйылған барлық инвестицияның 4,7%-ын құрайды. 2005-2020 жылдары Қытай біздің елге 19,2 млрд доллар инвестиция құйды. Алда индустриалды-инвестициялық серіктестік бағдарламасы аясында 56 заманауи…

Read More

Қаржы ұйымдары қазақстандықтарға алаяқтардың әрекетінен сақ болуы үшін бірнеше кеңес берді  Kaspi.kz, «Сбербанк», Halyk Bank, Нұрбанк, ВТБ Банкі (Қазақстан), ForteBank, Jýsan Bank, AltynBank, Хоум Кредит Банкі, Еуразия банкі және «Альфа-Банк Қазақстан»  алаяқтардың шабуылы жиілеп кетуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. БАҚ-та жарияланған хатта алаяқтықтың бірнеше әдісі келтірілген. «Алаяқтар хабарласып, өзін банк қызметкері деп таныстырады. Олар күдікті операция орындалып жатқанын айтып, клиент шотынан ақша аудару үшін деректерді сұрайды. Мысалы, жеке кабинетте құпиясөзді ауыстыруды сұрайды, жаңа құпиясөз бен SMS-хабарлама арқылы келген құпия кодты айту керек дейді», — деп хабарлады банк. Сол деректерді пайдаланып, алаяқтар клиент шотындағы ақшаны аударып алады немесе оның атынан ақшалай…

Read More

Бүгінде кредитті уақытында төлемеген, бірақ қарызын жапқан жеке тұлғаларды оңалту тетіктері талқыланып жатыр  Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы кредиттердің шекті мөлшерлемесін реттеу және қарызға батқан адамдарды оңалту шаралары қалай іске асатынын түсіндірді. Бұл туралы  Sputnik Қазақстан хабарлайды. Адамның кредиттік тарихы бұзылмайды Ұйым басшысының бірінші орынбасары Ирина Кушнареваның айтуынша, бүгінде кредитті уақытында төлемеген, бірақ қарызын жапқан жеке тұлғаларды оңалту тетіктері талқыланып жатыр. Алдымен ондай адамдардың кредиттік тарихын түзету көзделген. Сонда қайта кредит алғанда қиындық болмайды. «Біріншіден, кредиттік тарихты сақтау мерзімін қазіргі 10 жылдан төмендету қарастырылып отыр. Ол үшін кредиттік бюро туралы заңға өзгерістер енгізіледі. Осының арқасында, айталық, 5-7 жыл бұрын қарызын толығымен жапқан…

Read More

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара туралы хабарлағаны үшін қазақстандықтарға шамамен 34 миллион теңге төлейді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты. «Биыл 213 адамды марапаттауға бюджеттен 33 900 000 теңге бөлінді. Қаңтар айында аумақтық департаменттер 11 адамға 1 306 740 теңге сыйақы берді», — деді Данияр Биғайдаров.

Read More

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов көктемде коронавирусты қанша адам жұқтыруы мүмкін екенін болжады. «Жалпы, ақпан айындағы көрсеткіштерге қарап, наурыз және сәуір айларында 15 мыңнан 20 мыңға дейін науқас тіркеледі деген болжам жасап отырмыз. Бірақ тағы айтайық, барлығы өзімізге байланысты. Наурыз айында өзіміздің ұзақ мейрам-тойларымыз болады. Сол кезде барынша сақ болуымыз қажет», – деді Шоранов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. Осы орайда вице-министр жаңа жылдағы жағдайды еске алды. «Мысалы, жаңа жылдан кейін екі апта өткен соң, бізде науқастардың саны көбейді. Сондықтан халыққа тағы ескерту жасағымыз келеді. Үлкен той жасамаңыздар. Тек өз отбасыңызбен ғана болыңыздар. Бетперде тағып, арақашықтықты сақтау қажет»,…

Read More

2021 жылғы 4 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары. Барлық қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

Read More

Маңғыстауда мұнай-газ компанияларының жабдықтары мен бөлшектерін жасайтын зауыттың жұмысшылары бес айдан бері жалақыларын ала алмай жүр,. Бұл туралы  mangystaumedia.kz хабарлайды. Ақтау машина жасау зауытының 208 қызметкері жалақыларын алмағалы бес айдың жүзі болған. Осы уақыт бойы несиелері төленбей, таныстарынан қарыз алып күнелтіп келген. Бұрын бір-екі ай ғана кешігетін жалақы енді тіпті сағым болып барады, дейді олар. Шыдамы таусылған бір топ жұмысшы «бұдан әрі айлықсыз жұмыс істемейміз, деп отыр . Былтыр қарашадан бері жалақы алған жоқпыз. Бір жарым жылдан бері жалақымыздан зейнетақы қорына ақша ұсталады, бірақ БЗЖҚ-ға түспеген. Ақшамыз қайда кетіп жатыр? Медициналық сақтандыру қорына да ақша ұсталып жатыр. Ол да қорға…

Read More