Ақтау машина жасау зауытының қызметкерлері бес ай жалақы алмаған — CaspianLife ақпараттық порталы
Пятница, 8 декабря, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақтау машина жасау зауытының қызметкерлері бес ай жалақы алмаған

04.03.2021
Жаңалықтар, Қоғам, Экономика
0
Ақтау машина жасау зауытының қызметкерлері бес ай жалақы алмаған

Маңғыстауда мұнай-газ компанияларының жабдықтары мен бөлшектерін жасайтын зауыттың жұмысшылары бес айдан бері жалақыларын ала алмай жүр,. Бұл туралы  mangystaumedia.kz хабарлайды.

Оқи отырыңыз...

Енді Қазақстанда бір уақыт белдеуі болуы мүмкін

Енді Қазақстанда бір уақыт белдеуі болуы мүмкін

08.12.2023
Ақтау тұрғындары жер сілкінісін  сезгенін айтуда

Ақтау тұрғындары жер сілкінісін сезгенін айтуда

07.12.2023

Ақтау машина жасау зауытының 208 қызметкері жалақыларын алмағалы бес айдың жүзі болған. Осы уақыт бойы несиелері төленбей, таныстарынан қарыз алып күнелтіп келген. Бұрын бір-екі ай ғана кешігетін жалақы енді тіпті сағым болып барады, дейді олар.

Шыдамы таусылған бір топ жұмысшы «бұдан әрі айлықсыз жұмыс істемейміз, деп отыр . Былтыр қарашадан бері жалақы алған жоқпыз. Бір жарым жылдан бері жалақымыздан зейнетақы қорына ақша ұсталады, бірақ БЗЖҚ-ға түспеген. Ақшамыз қайда кетіп жатыр? Медициналық сақтандыру қорына да ақша ұсталып жатыр. Ол да қорға түспегендіктен дәрігерге барып емделе алмаймыз, — дейді жұмысшы Жанар Көкшебаева.

Прокуратураға шағымдандық, ешқандай шешім жоқ. Несиеміз, бала-шағамыз бар. Бұлай жүре бермейміз ғой, — дейді жұмысшы Ермек Сүлейменов. Жұмысшылардың айтуынша, 7 жылдан бері жұмыс істеп тұрған зауыт қаржылық қиындыққа жиі тап болады екен. Ал кәсіпорын басшылығы соңғы уақыттағы еңбекақының берілмегенін пендемияның салдарынан деп түсіндерді.

Айтуынша, карантинде тапсырыс беруші компаниялардың 85%-ы жұмысын тоқтатқан. Бүгін құжаттарды тапсырдым. Жалақыны бүгін немесе ертең, ең ұзақ дегенде дүйсенбі күні берем, — дейді «Ақтау машина жасау зауыты» ЖШС директоры Амангелді Тынышимов.

Зауыт мұнай-газ өндірісіне қажетті жабдықтар мен қосалқы бөлшектер дайындайтын зауыт тауарды Ресейден алады екен. «Биыл тауар құны 48 пайызға дейін өсіп, былтыр бекітілген бюджет шығынды ақтамай отыр» дейді зауыт басшылығы.

Тегтер: Caspian
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.