Депутаттар әлеуметтік төлемдер тұжырымдамасынан адам капиталына ақша салу жүйесіне көшу қажеттігін ерекше атап өтті Қазақстан халық партиясының мәжілістегі фракциясы үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, ана капиталын енгізуді ұсынды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. Депутат Ерлан Смайыловтың айтуынша, бүгінде мемлекет тарапынан ана мен баланы қолдауға арналған бірқатар шаралар атқарылып келеді. Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қарастырылған. Дегенмен, бұның барлығы ана мен баланың өмір сүру деңгейін көтеруге айтарлықтай ықпал жасап отырған жоқ. Оны ЮНИСЕФ-тің зерттеуі де растап отыр. Қазақстанда балалардың 15,6 проценті табысы ең төмен отбасыларда тұрады. Ал 15 процент — ол 1 миллион бала. Басым бөлігі — көпбалалы отбасының мүшелері. Бұдан бөлек,…
Автор: Сайт әкімшілігі
Атырауда пайдалануға және сатуға рұқсат етілмеген балық аулау құралдары ашық сатылып жатыр. Осы саладағы мамандар бұған заңмен шектеу қойылғанмен, мәселе шешілмей тұр дейді. Мысалы, қытайлық ау-тор базарда 5 мың теңгеден саудалануда. Оны кез-келген адам сатып ала алады және қажет болмаса лақтыра салса да ештеңесі кетпейді. Бірақ, кесірі балық пен өзенге тиюде. Мұның алдын алу үшін браконьерлік құрал-жабдықтарды сататын дүкендер мен сауда орталықтарына рейдтік іс-шараны үнемі өткізу керек, — деп отыр инспекторлар. Айтуларынша, былтыр 5 мыңға жуық заңсыз балық аулау және қолдан жасалған үш жүз суда жүзу құралдары тәркіленген. Қытай ауларын ғаламтордағы түрлі сайттардан емін-еркін сатып алуға болады. Браконьерлік құралдардың құнын…
Мұнай мен газ өндіретін аймақта автогаз тапшы. Жүргізушілер бірнеше күннен бері жанар-жағармай бекеттерін торуылдап жүр. Қазір газ құю бекеттерінде «газ жоқ» деген жазу ғана ілулі тұр. Кейбіріне сұйытылған отын келе қалса, ұзын-сонар кезек пайда болады. Сенделген көлік жүргізушілері мұнайдың үстінде отырып, мұндай мәселемен бетпе-бет келеміз деп ойламадық дейды. Өңірде газ тапшылығы өткен аптада басталды. Муны пайдаланган, кейбір бекеттер осы уакытка дейын 50-53 тенгеден сатылған сұйық отынның бағасын 65 теңгеге дейін көтеріп жіберді. Мәселенің анық қанығын білу үшін АМӨЗ жанындағы жанар-жағар май мен суйытылган отынды сақтап, бекеттерге тарататын орталыққа бардық. Ондағылар сұйытылған отынның АМӨЗ- нан келетінін айтты. Ал, зауыттагылар мұны сонгы…
«1 наурыздан бастап елімізде барлық бағыттағы әлеуметтік маңызы бар облысаралық және қала маңындағы теміржол билеттерінің бағасы 7 процентке көтерілді» . «Тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттарға сәйкес, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билетінің құны 7%-ке артады», – делінген «Жолаушылар тасымалы» компаниясы таратқан ресми хабарламада. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ресми сайтында көрсетілген мәліметке сәйкес, республика бойынша 166 бағытта жолаушылар мен қала маңындағы пойыздар жүреді. Оның ішінде, әлеуметтік маңызы бар 106 пойыз мемлекет тарапынан судсидияланады.
Маңғыстауда бүтін бір отбасы қара жамылды. Әулет айдың-күннің аманында тұңғышы Дастан ұлынан айырылып қалды. Қан жұтқан отбасы бүгінде перзентін жер қабіріне тапсырды. Жантүршігерлік қайғылы оқиға 22 күн бұрын Жетібай аулында орын алған. Әкесінің айтуынша, аталған елді-мекеннің ауыл жастары ұлын аяусыз ұрып- соққан. Ол, ауыр халде ауруханаға түсіп , тілге келместен қайтыс болды. Отағасы кінәлілер тиісті жазасын алса екен деп қалайды. Сайлаубай ҚАЛИЕВ, марқұмның әкесі Қазіргі уақытта бес бала ұсталды деп жатыр. 5 бала қамауда отыр дейді. Олар енді әлі де көп. 20-30 бала дейді. Тергеушілер енді тергеп жатыр. Енді сол әділдігін беретін шығар деп өзім солай деп ойлаймын. Менің айтатыным…
Полицейлердің жедел-іздестіру шарасы барысында қаланың әр жерінде есірткі жасырған 27 жастағы күдіктіні ұстады. Тінту кезінде азаматтың уақытша тұрып жатқан үйінен ұнтақ зат пен есірткі дозаларын жасауға қажетті құралдар тәркіленген. Кейін, күдікті қала аумағында жасырылған есірткі дозаларының қайда екенін көрсеткен. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Марат ТАҒАНИЯЗОВ, Атырау облыстық ПД басқарма бастығы Тінту кезінде Атырау тұрғынының уақытша тұрғылықты жерінен ұнтақ тәрізді зат пен түрлі өлшеу құралдары табылып, тәркіленді. Тергеуден кейін күдікті қаладағы барлық 3 орынды көрсетті, онда ол 60 дозадан астам есірткіні жасырған. Зерттеу нәтижелері бойынша дәрілік зат-пиралерон анықталды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізілуде. Айта…
Ковидке қарсы вакцинацияның келесі партиясы 4 наурызда келеді. Денсаулық сақтау басқармасындағылар алдымен медицина қызметкерлерін вакцианациялауды аяктайтындықтарын айтып отыр. Кейін мұғалімдерге сонымен қатар, санақ жүргізетін интервьюерлер де вакцинация алатын болады дейді олар. Бұл жоспарлар орындалғаннан кейін ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, кезек учаскелік полицейлер мен студенттерге келмек. Нина ОСПАНОВА, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Осы 4 наурызға 2000 доза келу жоспарланып отыр. Одан кейін 15 наурыздан бастап 3600, одан әрі қарай қосымша келе береді. Қазіргі уақытта 2000 вакцинаны күтіп отырмыз. Бірінші кезекте медицина мамандарын аяқтағаннан кейін барып, педагогтарға бастаймыз.
Жоғары оқу орны студенттері дәстүрлі оқу режиміне қашан көшетіні ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып шешіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «Студенттердің қашан дәстүрлі оқу режімінде оқитынын құзіретті органдар шешеді. Бәрі де эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Ал өз атымнан айтар болсам, Білім және ғылым министрлігі де, жоғары оқу орындары да дәстүрлі режімде оқуға дайын», — дейді ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, алдымен аралас, одан кейін дәстүрлі оқу режиміне көшетінімізді, яғни бәрі кезең-кезеңімен болатыны алдын ала ескертілген. «Мұндай жағдай еліміз бойынша да, әлем бойынша да…
Кешкі 11-де 102 операторының пультіне Нұрсая ықшамауданының 32 жастағы тұрғынынан қоңырау түсті. Ол өзінің азаматтық некедегі күйеуінің өз-өзіне қол жұмсамақ болып жатқанын хабарлады. Бұл туралы azh.kz хабарлайды. Сол жерге барған полиция қызметкерлері пәтерде өзін аспақшы болған мас күйдегі ер адамды көрді. Әйел өзара ренжісу кезінде күйеуінің өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын түсіндірді. Учаскелік инспекторлар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ер адам мұндайды қайталамауға уәде берді. Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.
Белгілі жұлдызнамашы наурыз айының әр күніне болжам жасады, айтуынша, адамдар бір ай бойы энергиясын бос әңгіме мен дау-жанжалға жұмсауы мүмкін Қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова көктемнің алғашқы айына болжам жасады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.. Құпия істер уақыты «Наурыз айының алғашқы жартысында саяси белсенділік көше митингтерінен заңсыз жолдарға ауысады. Айдың екі онкүндігі саяси авантюралар мен құпия істердің уақыты», — дейді жұлдызнамашы. Оның болжамынша, бұл аралықта адамдар романтикаға ұмтылады, махаббат пен түсіністік іздейді. Алайда, астролог ішкі сезімге мұқият болуға кеңес берді. Кей кезде адам өзі қалаған образға ғашық болып, алданып қалуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл кезеңде көбі оңаша қалғысы келеді және игі…
